Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Химиялық тепе-теңдікке температураның әсері



бет87/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Химиялық тепе-теңдікке температураның әсері

Өзара қосылысқан екі колба алып, оған азот диоксидін толтырыңыз. Сонда қайтымды реакция нәтижесінде тепе-теңдік туады:


2NO2 N2O4 + 13 ккал.
Азот диоксиді NO2 – қоңыр түсті газ, ал N2O4 –солғын сары түсті газ.
Екеуінің қоспасы бұлардың салыстырмалы мөлшеріне қарай солғын сарыдан қоңыр түске дейін өзгереді. Аспаптағы колбаның бірін стақандағы ыстық суға, екіншісін мұзы бар салқын суға салыңыз. Колбадағы газ қоспасының түстеріне назар аударыңыз. Әрбір колбадағы тепе-теңдік қай бағытта өзгереді? Колбаларды стақандардан алыңыз, газдардың түсі енді қалай өзгереді? Ле-Шателье принципін басшылыққа алып, байқаған құбылыстарды түсіндіріңіз.


Зертханалық жұмыс №5.
Ерітінділер. Аса қанық ерітінді әзірлеу. Тотияйынның құрамындағы кристалданған суды анықтау


1. Ерітінділерді әзірлеу және сақтау ережелері

1. Ерітінділерді әзірлеуге арналған ыдысты жуып, кептіру.


2. Дистильденген суды ғана пайдалану.
3. Ерітіндіні әзірлеуге дейін қанша ерігіш зат және қанша еріткіш қажеттігін алдын ала есептеу керек.
4. Қышқылды суға құю керек, ал суды қышқылға ешқашанда құюға болмайды.
5. Сілті ерітінділерін алдымен концентрациялы (шамамен 1,5 г суға 1 г сілті) етіп әзірлеп, оны тұндыру қажет, сонан соң сұйықты құйып алып, белгілі көлемге дейін тағы да су құю керек.
6. Қажет болған жағдайда сүзу керек.
7. Қатты күйдегі сілтілерді шыны ыдыстарда емес, фарфор ыдыстарда еріту.
8. Әзірленген ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау.
9. Ішінде әзірленген ерітіндісі бар ыдысқа жазулары бар этикетка жапсырылады.
10. Ерітіндісі бар шөлмектерді (құтыларды) ластанудан сақтау үшін оны жақсылап тығындау керек.
11. Жарықтың әсерінен бұзылатын ерітінділерді түсті ыдыстарға немесе кәдімгі шыны ыдысқа құйып, сыртына қара лак жағу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет