Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Кешенді қосылыс түзуге ерітінді



бет96/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Кешенді қосылыс түзуге ерітінді

концентрациясының әсері

а) 1–2 мл күміс нитраты ерітіндісіне калий йодиді ерітіндісін алғаш түзілген тұнба ерігенше құйыңыз. Кешенді қосылыс ерітіндісін сумен сұйылтқанда кешен ыдырап, AgJ тұнба түрінде бөлінеді, реакция теңдеуін жазыңыз.


ә) Бірнеше тамшы CoCl2 ерітіндісіне KCNS ерітіндісін құйсаңыз, кешенді тұз К2[Со(CNS)4] түзілуіне сәйкес келетін ерітінді көк түске енеді. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Осы ерітіндіге су құйып сұйылтыңыз. Co2+ ионына тән қызғылт түс пайда болады. Кешенді қосылыстың түзілуіне ерітіндінің концентрациясы қалай әсер етеді?



  1. Кешенді иондардың диссоциациялануы

а) Екі пробиркаға 2 миллилитрден CuSO4 ерітіндісін құйып, оның біреуіне 2 мл NaOH, екіншісіне 2 мл (NH4)2S құйыңыз. Түзілген тұнбалардың түсіне назар аударыңыз. Бұлар – Cu2+ ионына тән реакциялар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.


ә) 1–2 мл CuSO4 еірітіндісіне NH4OH артық мөлшерін құйып, мыс аммиакаты кешенді тұзының ерітіндісін алыңыз. Кешенді тұзды [Cu(NH3)4SO4] екі пробиркаға бөліп құйып, оның біреуіне NaOH құйыңыз, тұнба түзіле ме? Екінші пробиркаға (NH4)2S ерітіндісін құйып, түзілген тұнбаның түсіне назар аударыңыз.
Cu(OH)2, CuS ерігіштік көбейтіндісін еске алып, осыдан байқалған құбылыстарды түсіндіріңіз және [Cu(NH3)4]2+ кешенді ионының тұрақсыздық константасының теңдеуін жазыңыз.

  1. Үш валентті темірдің жай және кешенді

иондарының айырмашылығы

а) 1–2 мл темір сульфаты (ІІІ) ерітіндісіне аздап калий роданиді KCNS ерітіндісін тамызыңыз. Темір (ІІІ) роданиді ерітіндісінің түсі қандай? Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз. Бұл реакция үш валентті темір ионына тән және оны ашуға қолданылатын реакция.


ә) Темір сульфаты (ІІІ) ерітіндісінің орнына қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] ерітіндісін құйып, жоғарыдағы реакцияны қайталап жасап, Fe3+ ионына тән реакция жүрмейтіндігіне көз жеткізіңіз.
б) Бір пробиркаға темір сульфатының (ІІІ) екіншісіне қызыл қан тұзының K3[Fe(CN)6] ерітінділерін құйып, оларға бірдей мөлшерде FeSO4 ерітіндісін құйыңыз. Бірінші пробиркада өзгеріс байқала ма? Екінші пробиркада турнбулл көгі Fe3[Fe(CN)6]2 деп аталатын тұнба түзілуін еске алып, реакция теңдеуін жазыңыз. Турнбулл көгі түзілу реакциясы кешенді ионға [Fe(CN)6]3– тән реакция екендігін түсіндіріңіз.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет