Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Молекулааралық әрекеттесулер. Сутектік байланыс



бет115/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Молекулааралық әрекеттесулер. Сутектік байланыс


Қайталау сұрақтары



  1. Молекулааралық әрекеттесулердің қандай түрлерін білесіздер?

  2. Сутектік байланыс дегеніміз не? Сутектік байланыс түзілуінің механизмі қандай? Сутектік байланыстың қандай түрлерін білесіз?

  3. Молекулааралық сутектік байланысы бар заттарға қандай ерекше қасиеттері тән?

  4. Молекулааралық сутектік байланыстың адам өмірі мен табиғаттағы ролі қандай?

  5. Ақуыздардың құрылымын жасаудағы молекулаішілік сутектік байланыстың алатын орны қандай?



Есептер мен жаттығулар

Мысал 1. Қалыпты қысымда (1,01∙105 Па) заттардың қайнау температурасы Н2О – 373; Н2S – 212,8; Н2Se – 231,7; Н2Те – 271 К. Қайнау температурасының Н2О – Н2S – Н2Sе – Н2Те қатары бойынша өзгеру сипатында қандай «сәйкессіздікті» байқадыңыз?


Шығарылуы. Н2S – Н2Sе – Н2Те қатарында молекула ауырлаған сайын қайнау температурасы да көтеріле береді. Су молекуласындағы «аномалияны» сутектік байланыстың әсерінен оның молекулаараларының ассоциациялануымен (бірігуімен) түсіндіруге болады. Сутектік байланыс периодтық жүйенің екінші периодында орналасқан электртерістігі күшті элементтердің сутектік қосылыстарына тән. Су молекулаларын газ күйіне айналдыру үшін сұйықтағы сутектік байланыстарды үзуге қосымша энергия жұмсау қажет.
Мысал 2. Қай қосылыстың (С2Н5ОН немесе С2Н5SH) қайнау температурасы жоғары?
Шығарылуы. Сутектік байланыс полярлы қосылыстардың молекулалары арасында (немесе ішінде) сутек атомдары мен периодтық жүйенің екінші периодының электртерістігі өте жоғары элементтері (F, О, N) арасындағы әрекеттесуден пайда болады. Сондықтан сутектік байланыс әсерінен молекулалардың «іріленуі» С2Н5ОН-қа тән. Олай болса оның қайнау температурасы С2Н5SH-қа қарағанда жоғары болады.



  1. Галогенсутектер қатарында басқа сутекті қосылыстарға қарағанда фторсутектің (НҒ) қайнау температурасы жоғары. (Қайнау температурасы НҒ–293К, НCl–188K, HBr–206K, HI–238K). Осы құбылысты қалай түсіндіруге болады?

  2. Мына заттарды: NH3, PH3, AsH3, PbH3 қайнау температураларының өсу реті бойынша орналастырыңыз.

  3. Неліктен сутектік байланыс NH3, Н2О және НҒ қасиеттеріне өзгеріс әкеледі, ал РН3, Н2S және HCl қасиеттеріне онша өзгеріс әкелмейді?

  4. Этанол 780С-та қайнайды. Неге этанальдың қайнау температурасы төмен (370С)?

  5. Мына заттарды: (С5Н12, C4H9NH2, C4H9SH) олардың қайнау температураларының өсу ретімен орналастырыңыз.

  6. Фторсутек молекуласындағы байланыстың полюстігі HCl молекуласына қарағанда жоғары: Бірақ HCl судағы ерітіндісі – күшті қышқыл неліктен?

  7. Сірке қышқылының димері қандай байланыстар арқылы түзіледі?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет