Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет123/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

8. Ерітінділер. Ерігіштік


Қайталау сұрақтары



  1. Дисперсті жүйелер дегеніміз не?

  2. Дисперсті орта, дисперсті фаза, дисперстік дәрежесі дегеніміз не?

  3. Судың универсал еріткіш болуы оның қандай қасиеттеріне байланысты?

  4. Гидраттар мен сольваттарда байланыстың қандай түрлері орын алады? Кристаллогидраттар дегеніміз не?

  5. Ерігіштік энтальпиясы дегеніміз не? Бұл шамаға қандай факторлар әсер етеді?

  6. Суда қатты, сұйық және газ тәрізді заттар ерігенде энтропияның өзгеруінің жалпы заңдылықтары қандай?

  7. «Қаныққан ерітінді», «қанықпаған ерітінді», «аса қаныққан ерітінді» ұғымдарына анықтама беріңіз.

  8. Бейэлектролит ерітінділерінің коллигативтік қасиетіне қандай қасиеттер жатады?

  9. Еріген заттың массалық және мольдік үлесі дегеніміз не?

  10. Ерітінді концентрациясын белгілеудің қандай түрлері бар?



Есептер мен жаттығулар.


Мысал 1. Массасы 11,1 г сусыз кальций хлоридін 200 г суда еріткенде, ерітіндінің температурасы 8,90С-қа көтерілген. Кристаллогидраттың CaCl2∙6H2O ерігіштік энтальпиясын 19,08 кДж/моль деп алып, CaCl2 гидраттану энтальпиясын анықтаңыз (ерітіндінің меншікті жылу сыйымдылығын судың меншікті жылу сыйымдылығына 4,184 Дж∙г-1∙К-1 тең деп аламыз).
Шығарылуы. 1. Сусыз тұздың еру энтальпиясын анықтаймыз. Ол үшін массасы 11,1 г тұз ерігенде бөлінген жылудың мөлшерін Q=m∙c∙∆t формуласы бойынша есептейміз, мұндағы m – судың массасы; с – меншікті жылу сыйымдылығы; ∆t – су температурасының көтерілуі.
Q = 200 г ∙ 4,184 Дж∙г-1∙К-1 ∙ 8,9 К = 7450 Дж = 7,45 кДж
1 моль СаСl2 – үшін (M(CaCl2) = 111 г/моль);
, немесе ∆Н = -74,5 кДж/моль.
2. Еру процесін бір стадияда (1) немесе екі стадия (2) түрінде көрсетуге болады:
1) CaCl2(қ) + aq → ерітінді, ∆Н1
2) CaCl2(қ) + 6H2O → CaCl2(қ)∙6H2O, ∆Н2
3) CaCl2∙6Н2О(қ) + aq → ерітінді, ∆Н3
Гесс заңы бойынша ∆Н1 =∆Н2 + ∆Н3,
∆Н2 =∆Н1 - ∆Н3, мұндағы ∆Н1=-74,5 кДж/моль, ал ∆Н3=19,08 кДж/моль (есептің берілгені бойынша); олай болса, тұздың гидратациялану энтальпиясы:
∆Н2 = -74,5 – 19,08 = -93,6 кДж/моль.
Мысал 2. Массасы 10 г аммоний хлоридін 233 г суда еріткенде ерітіндінің температурасы 2,80 градусқа төмендеген. Аммоний хлоридінің еру энтальпиясын анықтаңыз.
Шығарылуы. Ерітінді өте сұйытылған болғандықтан
с(NH4Cl) = с(H2O) = 4,184 Дж∙г-1∙К-1 деп аламыз.
mеріт. = mсу + mе.з = 233 + 10 = 243 г
Сіңірілген жылу мөлшерін Q=m∙c∙∆t формуласы бойынша есептейміз.
Q = 243 ∙ 4,184 ∙ (-2,80) = -28,44 Дж ≈ 2,84 кДж.
Сонымен 10 г тұз ерігендегі сіңірілген жылу -2,84 кДж болса, 1 моль (NH4Cl) үшін (M(NH4Cl) = 53,5 г/моль):

ал энтальпияның өзгеруі:
∆Н = 15,2 кДж/моль.

1. Берілген еріткіштердің қайсысында: спиртте (∆Н=6,69), бензолда (∆Н=17,57) және төртхлорсутекте ∆Н = 24,37 кДж/моль йод жақсы ериді?


І2(қ) → І2(ер.) процесіндегі энтропияның өзгеруін үш жағдайда да бірдей деп аламыз.
2. Белгілі температурадағы газдардың суда еру процесінің тепе-теңдік кезіндегі нұсқасы берілген:
1) H2S(г) H2S(ер.), ∆Н1 = -19,24 кДж/моль.
2) SO2(г) SO2(ер.), ∆Н2 = -35,98 кДж/моль.
Екі жағдайдағы энтропияның өзеруі (∆S) шамалас деп алып, қай газдың көбірек еритінін түсіндіріңіз.
3. Берілген жағдайларда еріткіш пен еріген зат арасында әрекеттесулердің қандай түрлері орын алуы мүмкін: 1) калий хлориді суда; 2) йод спиртте; 3)глюкоза суда; 4) спирт суда; 5) бензол трихлорсутекте ерігенде?
4. Төмендегі берілген заттардың қайсысы суда, қайсысы полюссіз еріткіш – бензолда жақсы ериді: NaHCO3, HCl, I2, C­6H14? Неліктен?
5. Тұздың 900С температурадағы ерігіштігі 204,9 г/100 г Н2О ал 100С-та – 21,2 г/100 г Н2О. Осы тұздың қаныққан ерітіндісін 900С-тан 100С-қа дейін салқындатқанда 367,4 г тұз кристалданған. Қаныққан ерітінді даярлау үшін (900С) қанша тұз және қанша су жұмсалғанын есептеңіз. Жауабы: 409,8 г; 200 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет