Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Ерітінділердің концентрациясы



бет124/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Ерітінділердің концентрациясы.

Ерітінділерді сандық тұрғыдан сипаттау үшін химияда мына физикалық шамалар қолданылады: еріген заттың массалық ω(%) және молярлық үлесі N, молярлық концентрациясы СМ, нормальдық концентрациясы СН, титрі Т және моляльдік концентрациясы СМл. Ерітіндінің құрамын оның тығыздығы ρ арқылы да көрсетуге болады.


А. Еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесі ω(%) – ол еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасын көрсететін шама. Өлшем бірлігі үлес, пайыз.

мұндағы mзат – еріген заттың массасы;
mер-ді – ерітіндінің массасы;
mер-ш – еріткіштің (су) массасы;
ρ – ерітіндінің тығыздығы;
V – ерітіндінің көлемі.
Еріген заттың массалық үлесін ерітіндінің пайыздық (проценттік) концентрациясы деп жиі атайды.
Мысал 1. Натрий сульфатының 15%-дық ерітіндісіндегі Na2SO4-тің молярлық үлесін табыңыз.
Шығарылуы. Әрбір 100 г ерітіндіде 15 г Na2SO4 және 85 г Н2О бар.
M(Na2SO4) = 142 г/моль; М(Н2О) = 18 г/моль
n1(Na2SO4) = 0,105 моль
n22O) = 4,722 моль


Б. Қатты зат пен судан массалық үлесі берілген ерітінді даярлау.
Мысал 2. Натрий сульфатының 40 г 10%-дық ерітіндісін даярлау үшін қанша глаубер тұзы (Na2SO4∙10H2O) және су қажет?
Шығарылуы. 40 г ерітіндідегі Na2SO4 массасын табамыз:
m(Na2SO4) = 4 г
х г 4 г M(Na2SO4)=142 г/моль
Na2SO4∙10H2O → Na2SO4 M(Na2SO4∙10H2O)=322 г/моль
322 г 142 г
х = 9,07 г (Na2SO4∙10Н2О)
Берілген ерітіндіні даярлау үшін 9,07 Na2SO4∙10Н2О (40 – 9,07) = 30,93 г суда (≈31 мл) ерітеміз.
В. Концентрленген (қою) ерітінді мен судан массалық үлесі берілген сұйық ерітіндіні даярлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет