Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Тотығу-тотықсыздану реакциялары



бет143/189
Дата18.11.2022
өлшемі5,26 Mb.
#51172
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

10. Тотығу-тотықсыздану реакциялары


Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

1. Реттік нөмірі 11, 21, 38, 48 және 75 элемент атомдарының электрондық құрылымын анықтап, электрондық формулаларын, графиктік бейнеленуін жазыңыз.


2. Қайсы элементтің атомдарының сыртқы және сырттан санағанда екінші қабатында мынадай электрондар болады:
а) 2s22p2, б) 3s23p63d104s24p5,
ә) 3s2p63d104s2, в) 4s24p64d75s1.
3. Мына қосылыстардағы элементтердің валенттігін және тотығу дәрежелерін анықтаңыз: MnO2, K2MnO4, POCl3, K2Cr2O7, NaClO, Na3AsO4, H2SO3.
4. Мына реакциялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады:
HCl + KOH = KCl + H2O,
H2SO4 + BaCl2 = BaSO4 + 2HCl,
Mg + 2HCl = MgCl2 +H2,
CaCO3 = CaO + CO2,
2NaHCO3 = Na2CO3 + CO2 + H2O.
5. Мына реакция теңдеулеріндегі тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтаңыз:
C + H2SO4 → CO2 + SO2 + H2O,
KClO3 → KCl + O2,
H2 + O2 → H2O.
6. Төменде келтірілген иондардың қайсысы: а) тек тотықтырғыш, ә) тек тотықсыздандырғыш, б) әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш бола алады:
K+, Cl5+, S2-, S4+, S6+, N3–, N5+, Al3+,
Mn2+, Cr3+, Cr6+, Mn7+Mn4+.
7. Төменде келтірілген мысалдарда атомның және ионның өзгерістерге ұшырауы үшін қанша электрон алынады не беріледі:
O2– → O0, N3– → N5+, As3+ → A5+,
Mg2+ → Mg0, As0 → As5+, S2– → S6+,
S6+ → S2–, N5+ → N3+, Mn2+ → Mn7+.
8. Төмендегі реакциялардың теңдеулерін коэффициент қойып теңестіріп, тотықтырғыштар және тотықсыздандырғыштарды көрсетіңіз:
а) HNO3 + Cd → Cd(NO3)2 + N2O + H2O,
ә) HNO3 + Zn → Zn(NO3)2 + NH4NO3 + H2O,
б) K2Cr2O7 + H2S + H2SO4 → S + Cr2(SO4)3 + K2SO4 + H2O,
в) KMnO4 + H2S + H2SO4 → K2SO4 + MnSO4 + S + H2O,
г) KMnO4 + FeSO4 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + MnSO4 + K2SO4 + H2O,
д) AgNO3 + J2 + H2O → AgJO3 + HNO3 + AgJ,
е) HgO + Cl2 → Cl2O + HgCl,
ж) KOH + Cl2 → KCl + KClO3 + H2O.
9. Мына төмендегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіріп коэффициенттерін қойыңыз. Ондағы тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды көрсетіңіз.
а) As2S3 + HNO3 → H3AsO4 + H2SO4 + NO + H2O;
ә) As2S3 + HNO3 + H2O → H3AsO4 + H2SO4 + NO;
б) PH3 + KMnO4 + H2SO4 → H3PO4 + MnSO4 + K2SO4 + H2O;
в) FeS2 + O2 → Fe2O3 + SO2;
г) FeS + HNO3 → Fe(NO3)3 + S + NO2 + H2O;
д) Fe(CrO2)2 + Na2CO3 + O2 → Na2CrO4 + Fe2O3 + CO2;
е) FeCl2 + H2O2 + NaOH → Fe(OH)3 + NaCl;
ж) KMnO4 + H2O2 + Н2SO4 → MnSO4 + K2SO4 + O2 + H2O.


Тест сұрақтары


1. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі заңдары



  1. Ең алғаш атом-молекулалық ілімді ашқан ғалымның есімін атаңыз:

  1. А.Н.Несмеянов

  2. А.Л.Лавуазье

  3. М.В.Ломоносов

  4. А.М.Бутлеров

  5. А.А.Чугаев

  1. 1778 ж. М.В.Ломоносов ашқан заң қалай оқылады?

  1. көлемдердің қатынас заңы

  2. эквиваленттер заңы

  3. массасының сақталу заңы

  4. зат құрамының тұрақтылық заңы

  5. еселі қатынас заң

  1. Еселі қатынас заңын ашқан ғалымды көрсетіңіз:

  1. Дальтон

  2. Дюлонг-Пти

  3. Лавуазье

  4. Гей-Люссак

  5. Бертолле

  1. Газдардың молекулалық массасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз:

1. 2.
3. 4.
5.

  1. Масса сақталу заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсетіңіз:

  1. реакцияға дейінгі заттың салмағы реакциядан кейінгі зат салмағына тең

  2. реакцияға дейінгі және реакциядан кейінгі энергия өзгермейді

  3. оқшауланған жүйеде химиялық реакцияға дейінгі және кейінгі заттардың массасы мен энергиясының қосындысы тұрақты шама болады, яғни және

  4. заттың массасы мен қозғалысы өзгермейді

  5. заттың массасы үнемі өзгереді

  1. Құрам тұрақтылық заңын ашқан автордың есімін атаңыз:

  1. Ломоносов

  2. Лавуазье

  3. Пруст

  4. Бертолле

  5. Берцеллиус

  1. Қай заңдар химияның стехиометриялық заңына қатысты екенін көрсетіңіз:

  1. энергияның сақталу заңы мен еселі қатынас заңы

  2. массасының сақталу заңы мен эквиваленттер заңы

  3. құрам тұрақтылық, еселі қатынас, эквиваленттер заңы, газдар заңы (Гей-Люссак және Авогадроның көлемдік қатынас)

  4. газ массасының сақталу заңы

  5. заттардың стехиометриялық әрекеттесуі туралы Дальтон заңы.

  1. Авогадро заңының дұрыс тұжырымдамасын көрсетіңіз:

  1. бірдей жағдайда, бірдей көлемде газдардағы молекулалар саны бірдей болады

  2. газдардың бірдей көлемінде 00К мен 1 атмосфералық қысымда молекула саны бірдей болады

  3. қалыпты жағдайда газ тәрізді заттардың көлемі әр уақытта бірдей болды

  4. қалыпты жағдайда бірдей көлемде молекула саны әр уақыта бірдей болмайды

  5. газдардың бірдей көлемінде қалыпты жағдай молекула саны әртүрлі болады

  1. Авогадро заңынан туындайтын салдардың математикалық формуласын көрсетіңіз:

1.
2.
3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет