бет 117/189 Дата 19.10.2023 өлшемі 5,26 Mb. #119246
Байланысты:
химия дәрістер Мысал 2. Магнийдің көміртек (IV) оксидімен әрекеттесу реакциясының ∆Н0 298 – есептеңіз.
2Mg(қ) + СО2(г) = 2MgО(қ) + С(графит)
Қосымшадағы кестеден MgО (қ) мен СО2(г) заттарының стандарттық түзілу энтальпияларының мәнін қараймыз , олар – 601,8 кДж/моль және – 395,5кДж/моль сәйкес.
∆Н0 298р = 2 моль (-601,8 кДж/моль) – (-393,5 кДж/моль)∙1моль = -810,1 кДж.
Реакция экзотермиялық.
Мысал 3. Массасы 3,2 г күкірт жанғанда 27,9 кДж жылу бөлінеді. 1 моль SO2 түзілу жылуын есептеңіз.
Шығарылуы.
S(қ) + О2 = SО2(г) теңдеуі бойынша 1 моль күкірттен 1моль SО2 түзіледі. М(S)=32 г/моль.
3,2 г күкірт жанғанда 27,9 кДж жылу бөлінді
32 г күкірт жанғанда Х кДж жылу бөлінді
х=279 кДж/моль
Мысал 4. Массасы 80 г Ғе2 О3(қ) көміртегі (ІІ) оксидімен толық тотықсыздандырғанда 13,4 кДж жылу бөлінген. ∆Н0 f298 Fe2 O3 тотықсыздану реакциясының ∆Н0 298р пропорциясы арқылы табамыз.
х=26,8 кДж ∆Н0 298р =26,8 кДж.
∆Н0 f298 Fe2 O3 табу үшін реакция теңдеуін жазамыз:
Fe2 O3 (қ) + 3СО(г) = 2Fe(қ) + 3СО2(г) ; ∆Н0 298р = -26,8 кДж
Кестеден ∆Н0 f298 (СО(г) ) = -393,5 кДж/моль
Fe2 O3 түзілу жылуын ∆Н0 f298 = х деп белгілейміз
3∙(-393,5) – [3∙(-110,5)+x]=-26,8,
осыдан х=-822,2. Демек, ∆Н0 f298 (Ғе2 О3 ) = -822,2 кДж/моль.
Реакцияның стандартты жағдайдағы жылулық пәрменін есептеңіз:
а) СОCl2 (г) = CO(г) + Cl2(г)
ә) 2NO2(г) = 2NO(г) + О2(г)
б) 2С2 Н4(г) + Н2(г) = С2 Н6
Берілген термохимиялық теңдеулердің көмегімен СаО түзілуінің стандарттық энтальпиясын анықтаңыз:
СаО(қ) + Н2 О(с) = Ca(OH)2 (қ) , ∆Н1 = -64,74 кДж
Н2(г) + О2(г) = H2 О(ж) , ∆Н2 = -286,00 кДж
Са(қ) + О2(г) + Н2(г) = Ca(OH)2 (қ) , ∆Н3 = -986,2 кДж
Зат мөлшері 1 моль Cr2 O3 алюминиймен тотықсыздандырғанда 534 кДж жылу бөлінді. Массасы 7,6 г Cr2 O3 тотықсызданғанда қанша жылу бөлінеді?
Пиритті күйдіру реакциясының:
4FeS2(қ) + 11O2 = 2Fe2 O3 (қ) + 8SO2 (г)
энтальпиясының өзгеруіне есептеңіз. (Реакцияға қатысушы заттардың стандартты түзілу энтальпиясын кестеден қараңыз).
Төмендегі термохимиялық теңдеулердің көмегімен S (қ) + O2(г) = SO2(г) реакциясының ∆Н0 298р табыңыз.
1) 2SО2(г) + O2 = 2SO3(г) , ∆Н1 = -191 кДж
2) 2S(қ) + 3O2 = 2SO3(г) , ∆Н2 = -790 кДж
Есептің шартын энтальпиялық диаграмманың көмегімен жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: