Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет188/189
Дата19.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#119246
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
Байланысты:
химия дәрістер

Қайтымды реакциялар – бір бағытта жүретін реакциялар.
Қайтымсыз реакциялар – бірдей жағдайда қарама-қарсы жүретін реакциялар.
Қышқылдар – суда ерігенде сутек иондарын беретін қосылыстар.
Молекула – заттың химиялық қасиеттерін бойында сақтайтын ең кіші бөлшегі.
Молькөміртектің 12С изотопының 0,012 килограмындағы атомдар санына тең құрылым бірліктері (молекулалар, атомдар, электрондар, т.б.) болатын зат мөлшері.
Молярлық масса – зат массасының оның мөлшеріне қатынасы.
Мольдік концентрация – ерітіндінің бір литрінде еріген заттың моль санымен өлшенетін ерітінділер.
Негіздер – суда ерігенде гидроксид-иондарын беретін қосылыстар.
Нейтрон – массасы протондай ғана, бірақ заряды жоқ бейтарап бөлшек.
Нормальді концентрация – ерітіндінің бір литрінде еріген заттың эквивалент санымен өлшенген ерітінді.
Нуклон – протон мен нейтронның жалпы атауы.
Озонатор – озон алатын аппарат.
Оксидтерекі элементтен тұратын, оның біреуі оттегі болатын күрделі заттар.
Олеум – күкірт триоксидінің сусыз күкірт қышқылындағы ерітіндісі.
Период – ядро зарядының біртіндеп өсуі және қасиеттерінің белгілі тәртіп бойынша өзгеру ретімен орналасқан элементтердің жиынтығы.
Пиролиз – жоғары температура әсерінен жүретін заттарды ыдырату әдісі мен процесі.
Позитрон – массасы электрон массасындай, бірақ оң заряды бар бөлшек.
Промоторлар – катализаторға аз мөлшерде қосқанда оның активтігін, тұрақтылығын күшейтетін заттар.
Реактор – белгілі жағдайда реагенттердің химиялық өзгерулерін іске асыруға арналған аппарат.
Резервуар – сұйықтық, газдар сақтауға арналған бассейн, бак, баллон түріндегі ыдыс.
Ректификация – ұшқыштығы әр түрлі сұйықтықтардың гомогенді қоспасының айырылуына әкелетін сұйық фазалардың жанасу кезінде
қарама-қарсы ағынды бу беру процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет