Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет22/189
Дата19.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#119246
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Негіздерді алу әдістері:

  1. белсенді металдың сумен әрекеттесуі:

2Na+2H2О=2NaОН+H2
2) негіздік оксидтердің сумен әрекеттесуі:
Na2О+H2О= 2NaОH
3) тұздардың сілтілермен әрекеттесуі:
2NaОH+FeSО4=Fe(ОH)2↓+Na24
Na23+Ba(ОH)2= 2NaОH+BaCО3

  1. тұздардың судағы ерітіндісінің электролизі:

2NaCl + H2О → 2NaОH + H2↑ + Cl2


Қышқылдар


Қышқыл – ол құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.
Қышқылдар қатты (мысалы: H34, H33, HJО4) және сұйық түрде (мысалы: H24, HNО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: HCl, H2S) газдардың судағы ертіндісі түрінде болады.
Қышқылдарды былай жіктеуге болады:

  1. негізділігі бойынша;

Қышқылдың негізділігі – ол қышқыл молекуласындағы, металл атомдарымен алмаса алатын, сутек атомдарының саны.

  1. қышқыл молекуласындағы оттек атомдары бойынша;


Көп атомды аниондары бар қышқылдардың атауларында « -ат, -ит, -лылау, -лы, -лау» жалғаулары сақталады. Мысалы:
HClО – хлорлылау қышқылы
HClО2 – хлорлы қышқыл
HClО3 – хлорлау қышқылы
HClО4- хлор қышқылы
Орто- және мета- префикстері қышқылдардың құрамындағы «судың» мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Айталық: H33 – ортобор қышқылы болса, ал «суы» аздау HBО2 – метабор қышқылы деп аталады. Егер қышқыл түзуші элемент әртүрлі тотығу дәрежесінде немесе валенттілікте болса, оларды жоғарыда келтірілген жалғаулардың бірін қосу арқылы көрсетіп отырады. Мысалы, H34 – фосфор (кейде ортофосфор) қышқылы, ал H33 – фосфорлы қышқылы. Қышқыл түзуші элементтің тотығу дәрежесі төмендесе де жалғаулар өзгеріп отырады.
Ал қышқыл қалдықтарының атаулары қышқыл түзуші элементтің латынша аталуына « -ат» немесе «-ит» жалғауларын жалғап түзеді.


Оксоқышқылдар
1-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет