Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары



бет83/189
Дата19.10.2023
өлшемі5,26 Mb.
#119246
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   189
Байланысты:
химия дәрістер

Зертханалық жұмыс №3ә
Көмір қышқыл газының молекулалық салмағын табу

Жұмысты орындау мына ретте жүргізіледі:


а) Колбаға СО2 жинамастан бұрын, оны тығындаңыз. Тығынның төменгі бөлігі келіп тұрған колба мойнын резеңке сақинамен не балауыз қарындашпен белгілеңіз. Тығындалған әрі ішінде ауасы бар колбаны 0,01 г дәлдікпен технохимиялық таразыда өлшеңіз;
ә) Газ өткізгіш түтіктің ұшын дайындалған колбаға ендіріп, 5–10 минут бойы СО2 жіберіңіз. Колба газға толғаннан кейін оның мойнындағы белгіге дейін тығындап, колбаны қайта өлшеңіз. Газ өткізгіш түтікті алғаннан соң Кипп аппаратының кранын жабуды ұмытпаңыз. Колбадағы ауаның көмір қышқыл газымен ығыстырылғанына көз жеткізу үшін тағы да бірнеше минут СО2 жіберіп толтыра түсіңіз. Тұрақты салмақ болғанша бірнеше рет қайталаңыз;


3. Көмір қышқыл газын алу

б) Колбаға мойнындағы белгісіне дейін су құйыңыз. Ол суды өлшеуіш цилиндрге құйып, судың көлемі бойынша колба көлемін жазып алыңыз;


в) Тәжірибе кезіндегі термометрдің, барометрдің көрсеткішін жазыңыз.


Бақылауларды жазудың үлгілері



  1. Ішінде ауасы бар тығындалған колбаның салмағы (г) – т1.

2. Көмір қышқыл газы толтырылып, тығындалған колбаның салмағы (г)– т2.
3. Колбаның көлемі (г) – υ.
4. Тәжірибе кезіндегі абсолюттік температура – Т = (273 + t).
5. Тәжірибе кезіндегі атмосфералық қысым – (р) – мм сын. бағ.
6. Ауаның қалыпты жағдайға келтірілген көлемі – v0.
7. Колба көлеміндегі ауаның салмағы (г) – та.
8. Ауасыз колбаның салмағы (г) – т3 = m1 – mа.
9. Колбадағы СО2 салмағы (г) – т = m2 – m3.
10. Ауамен салыстырылған СО2 тығыздығы - D .
11. СО2 молекулалық салмағы - М .
12. Салыстырмалы қателік проценті – (%).
Есептеудің мақсаты – көмір қышқыл газының салмағын ауамен салыстырылған тығыздығы бойынша анықтау. Ол үшін колба көлеміндегі ауаның және көмір қышқыл газының салмақтарын білу, газ күйінің теңдеуін пайдаланып, колбадағы ауа көлемін қалыпты жағдайға келтіру қажет.


Есептеуді мынадай жолмен жүргізген тиімді

1. 1 л ауа қалыпты жағдайда 1,293 г тартады деп есептеп, колба көлеміндегі ауаның салмағын табыңыз.


не .
Есептелген көлемді литрмен алып, оны 1,293-ке (ауаның тығыздығы) көбейтіп, колбадағы ауаның салмағын та табады:
та = 0 · 1,293.

2. Ауасыз колбаның салмағы т3 ауасы бар колбаның салмағынан т1 колба көлеміндегі ауаның салмағын ma шегергенге тең:


т3 = m1 – mа.
3. Колбадағы көмір қышқыл газының салмағы т көмір қышқыл газы бар т2 колба салмағынан ауасыз колба салмағын т3 шегергенге тең:
т = m2 – m3.
4. Ауамен салыстырған көмір қышқыл газының тығыздығы:
.
5. Көмір қышқыл газының молекулалық салмағы ауаның орташа молекулалық салмағын (28,98) көмір қышқыл газының ауамен салыстырған D тығыздығына көбеткенге тең.
М = 28,98 · D .
6. Көмір қышқыл газының табылған молекулалық салмағын анықтама әдебиетте көрсетілген молекулалық салмағымен салыстырып, қателік процентін есептеу:
Қателік % .
Эксперимент көрсеткіштеріне сүйене отырып, көмір қышқыл газының молекулалық салмағын мынадай формулалар бойынша да табуға болады:
1) ,
Мұндағы т – көмір қышқыл газының граммен алынған салмағы, 0 – қалыпты жағдайға келтірілген СО2 көлемі, 22,4 л – кез келген газдың мольдік көлемі.
2) ,
мұндағы т – көмір қышқыл газының алынған салмағы, R газ тұрақтысы, Т – абсолюттік температура, р – атмосферамен алынған қысым, – литрмен алынған СО2 көлемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет