Дикцияны жақсартуға арналған артикуляциялық жаттығулар
Қалам тістеп сөйлеңіз
Алдымен – қыздырыну. Кез келген қаламды қатты тістеп тұрып сөз немесе сөз тіркестерін 10-15 рет қайталау қажет. Сосын қаламды алып, сол сөздерді тағы қайталаңыз. Айырмашылықты бірден сезінесіз. Жақ, тіл, ерін босаған соң анығырақ сөйлей бастайсыз.
Бұдан кейін жаңа сөздермен жаттығыңыз. Бұл үшін кез келген мәтін немесе өлең жолдарын алуға болады.
Мұндай жаттығуды артикуляцияны жақсарту үшін жасайды және 2-3 минут арнасаңыз жеткілікті.
Алдымен – қыздырыну. Кез келген қаламды қатты тістеп тұрып сөз немесе сөз тіркестерін 10-15 рет қайталау қажет. Сосын қаламды алып, сол сөздерді тағы қайталаңыз. Айырмашылықты бірден сезінесіз. Жақ, тіл, ерін босаған соң анығырақ сөйлей бастайсыз.
Бұдан кейін жаңа сөздермен жаттығыңыз. Бұл үшін кез келген мәтін немесе өлең жолдарын алуға болады.
Мұндай жаттығуды артикуляцияны жақсарту үшін жасайды және 2-3 минут арнасаңыз жеткілікті.
Жаңылтпаштармен жаттығу
Жаңылтпаштарды дұрыс айтып үйрену керек. Алдымен жай жылдамдықпен айтып шығыңыз. Барлық дыбыстар мен әріптерді анық дыбыстаңыз. Әрі қалай жылдамдық қосыңыз. Барлығын дұрыс айтқан соң қиынырақ жаңылтпаштарға ауысыңыз. Жаттығуды ауырлатудың бір жолы – ауызға жаңғақ салып жаңылтпаш айту. «Карнавал» фильмінің әртісі дәл осы тәсілмен жаттыққан. Бұл жаттығу үшін кез келген сізге түсінікті тілдегі жаңылтпаштарды таңдауыңызға болады.
Татьяна Струнинаның жаттығулары
Бұл жаттығуларды асықпай, барлық әріптерді дұрыс дыбыстап орындау қажет:
Осы тіркестердегі сөздер орынын ауыстырып бірнеше рет қайталап көріңіз.
Өзіңізді тыңдаңыз
Барлық адамдар өз дауыстарын бейне немесе дыбыс жазбаларынан тыңдаған соң оны жақсартқысы келеді. Өз дыбысыңызды тексеріп, бақылауда ұстау үшін дыбыс жазу құралдарын қолданыңыз. Деміңіз ең ұзақ сөйлемді айтуға жету үшін диафрагманы жаттықтырыңыз. Бұл үшін демді алу және шығару барысында дауысты дыбысты деміңіз таусылғанша созып айтыңыз. Дауысты дыбысты 25 секундқа созып айту сізге қиындық тудырмаған кезде дауысыңызды жоғарылата түсіңіз. Тағы бір әдіс – шар үрлеу.
Түтікше
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.
Ат шауып келеді
Ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады
Дәмді тосап
Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету. Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.
1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек.
2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.
3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.
4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.