O = Al – O – Al = O
в) формуланың дұрыстығын әр элемент атомына келген сызықтар санын санау арқылы тексеруге болады (сызықтар элемент валенттіліктерін көрсетеді).
Оксидтердің аталуы. Егер оксид түзуші элемент тұрақты валенттілік көрсететін болса, оксид түзуші элемент атына «оксид» деген сөзді қосып атайды, ал элемент айнымалы валенттілік көрсетсе, оның валенттілігі рим цифрымен жақша ішінде жазылады.
Мысалы: Na2O – натрий оксиді,Al2O3 – алюминий оксиді
CO – көміртек (ІІ) оксиді, CO2 – көміртек (ІV) оксиді
Оксидтер алдымен екіге бөлінеді: тұз түзетін және тұз түзбейтін (N2O, CO, NO). Ал тұз түзетіндер үшке бөлінеді:
Ол үшін сіздердің орта мектепте алған білімдеріңізге сүйеніп, мына төменде келтірілген жәйттер есте болуы керек:
а) периодтық жүйенің әр периодының басында типтік металдар, ал соңында типтік бейметалдардың орналасатыны;
ә) негізгі топша (А) элементтері үшін: топ бойынша жоғарыдан төмен қарай металдық қасиеттің біртіндеп артатыны;
б) қосымша топшадан (В) тек металдардың орналасатыны;
в) негізгі топшада (А) орналасқан элементтердің қосылыстарында көпшілігі тақ топтағысы – тақ валентті, жұбындағы – жұп валентті болуы;
г) қосымша топша элементтері қосылыстарында тек оң тотығу дәрежесі +2 ден топ нөміріне дейін (көпшілігі) көрсетуі мүмкін.
е) элементтердің қосылыстарындағы жоғары тотығу дәрежесі негізінен топ нөмірімен анықталады.
I Негіздік оксидтерге жататындар:
1) сілтілік металдар (IA) оксидтері
2) сілтілік- жер металдарының (II-A – бериллийден басқасы) оксидтері
3) барлық қосымша топша элементтерінің төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес
оксидтері (мырыш оксидінен басқа)
II Екідайлы оксидтерге жататындар:
1) металдар мен бейметалдарды бөліп тұратын элементтерді өтпелі
элементтер деп атайды. Периодтық жүйеде берилийден астатқа
дейін, шартты түрде сызылған сызық бойындағы негізгі топша
(А) элементтердің: Be, AI, Ge(II), Sb(III) оксидтері.
2) II. 1-де көрсетілген шартты сызық астындағы негізгі топша (А)
элементтерінің төменгі тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің аралық валенттіліктеріне
сәйкестері жатады.
III Қышқылдық оксидтерге жататындар:
1) бейметалдардың (сутек және инертті газдардан басқа) периодтық жүйеде II.1- де келтірілген шартты сызық үстіндегі негіздік топша элементтерінің оксидтері.
2) II.1 және II.2 пунктіндегі элементтердің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
3) барлық қосымша топша элементтерінің жоғары тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері.
Қосымша топша элементі (Мn) оксидтерін қарастырайық:
(4 период 7-В топшасының элементі)
Достарыңызбен бөлісу: |