Қышқылдық оксид қасиеті: Al2O3 + Na2O 2NaAlO2 Al2O3 + 2NaOH 2NaAlO2 + H2O
Негіздік оксид қасиеті: Al2O3 + 3SO3 = Al2(SO4)3 Al2O3 + 3H2SO4 = Al2(SO4)3 + 3H2O
§2 Гидроксидтер
Байланыстың полюстілігіне байланысты гидроксидтер қышқылдарша, негіздерше және әрі негіздерше, әрі қышқылдарша: (жағдайға байланысты) (амфотерлі гидроксидтер) диссоциацияланады:
ОН - + Э + Э – ОН ЭО - + Н +
Негіздер деп оларды суда еріткенде немесе балқытқанда молекуласы металл катиондарына (сонымен бірге NH4+– аммоний) және гидроксид аниондарына диссоциоцияланатын күрделі заттарды атаймыз.
Негіздердердің жіктелуі – суда еритін (сілтілік және сілтілік-жер металдарының), суда ерімейтін (Cu(OH)2, Fe(OH)2), күшті (NaOH, Ba(OH)2), әлсіз (NH4OH); бір (КОН) және көп атомды (Ca(OH)2, Fe(OH)3) негіздер, екідайлы болып бөлінеді(Al(ОН)3).
Негіздердің графикалық формуласы
Графикалық формуласын жазу үшін(алгоритм):
а) гидроксид иондарының сандары бойынша элемент валенттілігін анықтауға болады:
ә) элемент таңбасын валенттілігін көрсетер сызықтармен жазу қажет:
Al
б) Гидроксид иондарын тіркеп жазу керек:
О – Н
Al О Н
О – Н
Негіздерді атау Гидроксид аты екі сөзден тұрады – элемент аты ілік септігінде алынып, «гидроксиді» деген сөз қосылады элементтің тотығу дәрежесі жақша ішінде көрсетіледі.
Негіздерді алу тәсілдерін алдын – ала болжау үшін металдардың генетикалық қатарын пайдаланады.
К 1) 2К + 2H2O= 2KOH + H2
Достарыңызбен бөлісу: |