Бөлінген азот оксиді диоксидке дейін тотығып қайтадан абсорбцияланады.
Аммиактан сұйытылған азот
қышқылын алу
Өндірістік технологиялық үдерісі:
Атмосфералық;
Жоғары қысымда;
Комбинерленген.
6-сурет. Азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы: 1 – ауа мен аммиакты тазарту, 2 – катализаторда аммиакты тотықтыру, 3, 4 – нитрозды газдарды суыту, 5 – азот оксидін тотықтыру жəне азот қышқылының түзілуі, 6 – газдарды тазарту.
Аммиактан азот қышқылын өндірудің принципиалдық сызбанұсқасы негізгі алты операциядан тұрады:
1-операция – аммиак пен ауа араластырылып сүзгіленеді.
2-операция – аммиактың тотығу раекциясы жүреді.
4NH₃ + 5O₂ 4NO + 6H₂O + 1105 кДж
3,4-операция – реакциядан бөлінетін жылудан газ қоспасы қызады, сондықтан салқындатуға жібереді, бұл жерде жартылай азот оксиді диоксидке дейін тотығады:
2NO + O₂ 2NO₂ + 1240 кДж
5-операция – азот оксидінің аяғына дейін тотығуы азот қышқылын алумен, яғни диоксидтің суға абсорбциялануымен бірге жүреді. Осы жерде таза азот қышқылы бөлініп алынады.
Тотығу мұнарасынан шыққан газ қоспалары (NO, NO₂, N₂O, N₂O₄, O₂, N₂, су буы) атмосфераға шықпастан бұрын азот оксидтерін сода ерітіндісімен сорып, нитрит-нитрат сілтісіне айналдырып, мұнараның төменгі жағынан шығарып алады. Сода ерітіндісінің орнына көбінесе күйдіргіш натр немесе сөндірілген əк қолданады:
Шыққан натрий нитритімен жəне нитратын əрі қарай өңдеуге жібереді.
7-сурет. Сұйытылған азот қышқылын концентрлейтін қондырғы: 1 – концентрациялық колонна; 2 – сұйытылған азот қышқылын буландырғыш; 3 – тоңазтқыш конденсатор; 4 – концентрлі азот қышқылын тоңазтқыш.