Бейсенбаева Ш. К. «Тоқыма қосымша заттар» пәні бойынша студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмыстарын орындауға арналған


CТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



бет2/7
Дата26.09.2024
өлшемі0,52 Mb.
#145832
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мет.ук. по СРС

1. CТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Оқу жоспарына сәйкес «Тоқыма қосымша заттар» пәнінен оқып-үйренген кезде студенттер осы пән бойынша студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындауға міндетті.


Жоғары оқу орнында біліктілігі жоғары мамандарды дайындауда студенттердің өзіндік жұмыстарының алатын орны ерекше. «Бұйымдарды және тауарларды жобалау» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмысы осы пәнді тереңдете, егжей-тегжейлі оқып-үйрену, студенттерді оқу, ғылыми-техникалық, әдістемелік әдебиетпен, лекция конспектілерімен шығармашылық, өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру мақсатымен жүргізіледі.
Өзіндік жұмыстарын орындау үшін студенттер лекция сабағын, үйге берілген тапсырмалар материалдарын жақсы меңгеруі және әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуі тиіс.
Студенттердің өзіндік жұмысы негізгі мазмұны лекцияларда берілетін теориялық курстың тиісті бөлімдерін білген кезде ғана тиімді болады. Сондықтан теориялық материалдарды оқып-үйренуге ерекше көңіл бөлінуі қажет.
Лекция материалдарын оқып-үйренуі бойынша студенттердің өзіндік жұмысын тексеруді әдетте лектор жүргізеді. Лектор студенттен лекция конспектісін талап етуі, лекция материалдары қаншалықты дәл жазылғандығын, оқулықтармен жұмыс істеуін, ұсынылған әдебиеттен лекция конспектілерінің толықтырылуын тексеруі мүмкін.
Лектор пәннің белгілі бір бөлімдері бойынша коллоквиум өткізуі мүмкін. Пәннің сипатына байланысты триместр бойында бірнеше коллоквиум белгіленеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын орындауы үшін триместр басында СӨЖ бойынша кеңес беру және студенттердің білімін бақылау кестелері жасалады. Студенттердің білімін бақылау кестесінде СӨЖ-ді тапсыру мерзімдері көрсетіледі.
«Тоқыма қосымша заттар» пәнін оқытудың мақсаты студенттердің Маталарды жобалаумен байланысты мәселелерді зерттеу үшін, матаның құрылысының негізгі параметірлерін анықтайтын теориалық жағдайларын және олардың жобалау әдістерін дамыту қажиет. Матаның физика – механикалық , гигиеналық, эстетикалық және басқа оның құрылысына байланысты қасиеттерін зерттеу ең маңызды міндет деп саналады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет