Бала дамуындағы оқытудың жетекші ролі. Баланың бүкіл өмірі үлкендерге
байланысы олар ұйымдастырып бағыт беріп отырады. Баланың практикалық іс-әрекеті
үйретудің (оқыту) нәтижесінде қалыптасады. Ж.Пиаже 1921-22 жылы баланы
оқытсанда, оқытпасанда психикасының дамуына, ақыл ойының өріс алуына ықпалын
тигізбейді. Осыған орай, зерттеулерде көрсеткендей бала психикасы тек оқытудың
негізінде дамиды.
Үйрену саналы жүргізіле бермейді көп ретте үлкендер балаларды стихиялық жолмен
үйретеді. Баланың тәрбиесі стихиялық жолмен емес, ақылға салып мақсат көздей, оған
нені үйрету керектігін әдейі қамқорлық жасай отырып және жан жақты болуын
қамтамасыз етуі қажет. Бірақта, психикалық даму үйретуге тәуелді болмастан, өзінен-
өзі өрби беретін сияқтанады. Әрине бұл қате пікір. Оқыту егер психикалық дамуды
бала жеткен дәрежесіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген
қорытынды шығады. Бала қоғамдық тәжірбиені бойына сініре, адамға тән әр түрлі іс-
әрекетті игере отырып дамиды. Оған бұл тәжірбиені де, бойында бұл іс-әрекетті
қалыптастыратында – оқыту. Оқыту баланың дамуына ыңғайластырылып
жүргізілмейді және оның артында қалмауы тиіс.
Оқыту дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат – сол жерде қалу
емес, одан әрі дамуды қалай жүргізу керектігіне келесі қадам жасалуы қажеттігін білу.
Демек, оқыту психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің сонынаң ерітеді.
Л.С.Выготскийдін айтуынша, оқыту баланың баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға
қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер – оқыту тәсілдері оның қолы
жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек.
Осы оқу мен даму мәселесін қарастырған ғалымдарды үш топқа біріктіруге болады.
-
Баланың даму процестері оқу процестерінең тәуелсіз екенің анықтайды. Баланың
дамуында оқу белсенді қатыспайды. Даму циклі әр қашан оқу циклынаң бұрын жүреді.
Оқу дамудың артында жүреді. Даму әр қашанда оқу алдында жүреді.
-
Бұл екі процесті бірлікте көрсетеді және де келесі түрде бейнелейді: Оқу - бұл даму.
-
Бұл екі теорияны біріктіргісі келеді, бір жағынан даму процесі оқытуға тәуелсіз,
екінші жағынан – оқудың өзі дамуға тәуелді. Яғни зерттеушілердің позитивтілігін
көреміз.
а) екі қарама-қарсы көз қарастарды біріктіру. ә) екі негізгі процестердің өз ара
тәуелдігі. б) бала дамуында оқу ролін кеңейту.
Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратың
қызыметінің арасындағы айырмашылық баланың
таяудағы даму аймағы деп аталады.
Мәселең үлкендер сәбиге көрсеткенде, нұсқау бергенде, түзету еңгізгенде т.б.
Таяудағы даму аймағының көлемі – баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы кәзір бар даму
қорының маңызды көрсеткіші.
Оқытудағы (үйретудегі) әр – бір жана адам баланың таяудағы даму аймағын
пайдаланады.