Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Жеткіншектік жастағы “Дағдарыс”мәселесі



Pdf көрінісі
бет38/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

Жеткіншектік жастағы “Дағдарыс”мәселесі. 
Жеткіншектің организмінде 
болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер 
мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастағы туралы әр түрлі 
теорияларға негіз болады. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде 
үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С.Холл. мен 
З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін 
биологиялық шарттастағы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп 
санады. 
20-
30 жылдарда әр түрлі елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан 
биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл 
зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік 
қатыстылығына тәуелділігі көрсетіледі. Осындай теориялық бағыттылық кеңестік 
психологиядағы бір қатар зерттеулерде де болады. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу 
практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А.С.Макаренкода мұндай 
жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді. 


43 
Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологттары 
(этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда »
табиғаттан»
не «
мәдениеттен
», 
яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық – тарихи жағдайларынан болатын не екенін 
анықтау үшін қара дүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа 
аралындағы жеткіншектерді зерттеген М.Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен 
дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын 
дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид 
Самоадағы жеткіншек қыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-
жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен 
айналадағылармен қарым-қатынастарынң ерекшеліктерің егжей-тегжейлі сипаттап 
жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен 
салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. 
Кейініректе ол қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүұмкін екенін де 
көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудың басталуы оны бой жетті деп тауып, 
некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның 
құықтары мен міндеттері ғана өзгереді. 
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы 
және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталады. Балаларда «
Эдип 
комплексінің
» міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің 
инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-
ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда 
дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды. 
Антрополог Р.Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті. 
1).
үздіксіз және 2) баланың балалық шағындағы оқып үйренгені мен ересектің ролін 
жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер 
болатын типі. 
Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар маңызды 
нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда 
даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, 
ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі 
балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде 
байқалады. (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі 
жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке 
өту әр түрлі қиыншылықтармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады- ресми 
кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқарауға дайын болмау келіп шығады. 
Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда 
әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «
табиғи
» соқпақ деп 
қарастырылмайды. 
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты 
әлеуметтік жағдайларына: 1
). жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2).дағдарыстың, 
талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3). Балалықтан ересектікке өтудің 
өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. 
Бұл зерттеулерден фрейдизмге 
қарама –қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи 
дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қортынды шығады. 
Антропологтар жеткіншектік шақты бала өзінің қоғамдағы орнына жетер жолда 
болатын, оның ересектердің қоғамдық өміріне өтуі жүзеге асатын кезең деп қарады. 
Бұл идеяны дамытуда К.Левин (АҚШ) ерекше орын алады, ол жеткіншектің қазіргі 
қоғамдағы жағдайы мен балалықтан ересектікке талас-тартыспен өтуіне талдау 
жасауды жалғастырды. Ол қоғамда ересектер тобы мен балалар тобының бар екенін, 
әрқайсысының өзіне тән артықшылықтары болатындықтан олардың бір-бірінен 
бөлінгендігін,жеткіншектік кезеңде баланың балалар тобынан ересектер тобына қарай 
ілгерілейтінін атап көрсетті. Жеткіншекте ересектер тобына өтуге және үлкендердің 
балаларда жоқ кейбір артықшылықтарымен пайдалануға деген ұмтылысы болады. 


44 
Алайда ересектер оны әлі қабылдамағандықтан ол топтар арасындағы жағдайда болып 
шығады. Қиыншылықтардың деңгейі мен талас-тартыстардың болуын Левин қоғамда 
балалар тобы мен ересектер тобының қатаң бөлінуіне және жеткіншектер топтарының 
аралығындағы жағдайда болатын кезеңнің ұзақтығына байланысты етіп қояды. 
Левиннің жеткіншектің 
«өз орнын таппауы
» туралы идеясын қазіргі уақытта 
Д.Коулмен және басқа шетел психолгтары дамытуда, олар жеткіншектердің 
ересектерше бір «
субмәдениеті»
бар дегенді, яңни ересектер қоғамында жеткіншектер 
қоғамы бар дегенді айтады. 
Л.С.Выготский сын жастарды зерттеуде жаңа проблемалар: санадағы негізгі жаңак 
құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін 
қойды, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың 
қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі 
шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын құрайды деп пайымдады. 
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі 
«дағдарысты
»түсіндіруде теориялық ой-пікірдің 
дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі 
мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі 
қоғамдық жағдаймен анықталатынын көрсететін қортындылардың біртіндеп 
жинақталуы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет