Әлеуметтік жағдайының дамуы. Әлеуметтік жағдайының өзгеруі келесідей:
-
қоғамдық қатынастар жүйесінде баланың орны өзгереді. Мектеп жасына дейінгі бала
мектеп оқушысына айналады.
-
үлкендермен қарым –қатынасының типтері өзгереді. (талаптар күшейеді).
-
құрбыларымен қарым –қатынасының типтері өзереді. Құрбыларының ортасында
баланың жағдайы бағалаумен анықталады.
Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетістіктері: психикалық процестердің
ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, өзің -өзі бақылау, рефлексия.
Рефлексия –
латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан
дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Жетекші іс-әрекеті. Оқу –іс-әрекеті . Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді,
дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген
саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының
өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам
психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез –құлқы
мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның , сөйлеу қарым –қатынасының ,
практикалық іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті дегеніміз не? кез келген іс-әрекет практикалық болсын, сөйлеу жүзінде
болсын қайсібір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-
әрекеттер жасауы, қиылдары, жазуы, сөйлеуі. т.б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік
байқаулар мен арнайы тәжірбиелер таза сыртқы , дәлірек айтқанда қозғалыс
белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір
жағдайларда, ол маңызды роль атқаруы мүмкін ( мәселен , жазудың, сөйлеудің , сурет
салудың қимл дағыдларын меңгеру үші) екінші жағдайда, ерекше маңыз болмайды (
мәселен, сөздерді не тектсі есте сақтау үшін, затты танып, ажырату үшін).
Егер оқу іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формаларсыз жүзеге аса
ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша
гностикалық ( грекше гнозис- білім) іс-әрекетті жүзеге асырлатынын көрсетті. Оның
мақсаты - айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық
іс-әрекет те заттық және сыртай іс-әрекет бола алады.(мәслен , заттардың қасиеттерін
зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен құрастыру, салмағын, тұқын өлшеу,
орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай ақ перцептивалық іс-әрекет – қарау, тыңдау,
қадағалау; символикалық іс-әрекет – бейнелеу, белгілеу, айту.
Оқу іс-әрекетінің мотивтері . Белгілі зат , оқиғалар , жағдайлар немесе іс-әрекет
адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса іс-әрекеттің
себептеріне айналады. Бұл түп негіздері үш негзігі категорияға айналады.
-
ішкі негіздер (қажеттіліктер)
-
сыртқы негіздер ( талаптар,күту,мүмкіндіктер)
-
жеке түпкі негіздер. ( құндылықтар)