Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы Молдабаева Роза Аппакбайқызы Нұрғалиева Сәуле Мұқанқызы


Ересектің мамандықты таңдауы және оның өмірлік жоспарлары



Pdf көрінісі
бет45/67
Дата08.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#106624
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67
Байланысты:
Beisenbekova

 
Ересектің мамандықты таңдауы және оның өмірлік жоспарлары

Жалпы дүниетанымдық ізденістер өмірлік жоспарларда орнығып, нақтыланады. 
Жеткіншектердің өмірлік жоспарлары көбіне әлі бұлыңғыр болады және арман 
дүниесінен әлі бөлінбеген. Жеткіншек өзін алуан түрлі рольдерде қиялдап елестетеді, 
олардың тартымдылық дәрежелерін салыстырып өлшейді, бірақ өзі үшін бірдеңені 
біржолата таңдап алуға батылы бармайды және ойға алғанына жету үшін көбіне еш 
нәрсе істемейді. Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттігі соғұрлым 
күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен 
неғұрлым шынайы әрі қабылдауға келетін бірнеше вариант біртіндеп тұлғаланып, 
осылардың арасынан біреуін таңдау керек болады. 
Өмірлік жоспар – кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл саласын – 
моральдық бейнені, өмір стилін, талап-тілектер деңгейін, шұғылданатын істерді т.б. 
қамтиды. Көп жайлардың тек жалпы түрде ғана тұлғаланатыны түсінікті. Жоғары 
сынптағылар үшін кәсіп таңдау ең маңызды, шұғыл әрі қиын іске айналады. 
Психологиялық тұрғыдан болашаққа ұмтылған және тіпті кейбір аяқталмаған 
кезеңдерден ойша 
«секіріп те кетуге
» бейім жас өспірім (әсіресе он бірінші сынып 
оқушысы) іштей мектепті енді ауырлай бастайды; мектептегі өмір оған уақытша, нағыз 
өмір емес, өзін әрі тартып, әрі біраз жүрексіндіретін басқа бір бай және шынайы 
өмірдің босағасы секілді болып көрінеді. Ол болашақ бұл өмірдің ең алдымен кәсіпті 
дұрыс таңдап алуына байланысты екенін жақсы түсінеді. 
Әрине, мамандықтың сан алуан түрі бар. Соның ішінен ересек өзінің қабілетіне 
қарай, тілегіне қарай болса да , таңдап алу оңай емес. Оларға ықпал ететін 


51 
үлкендермен, құрбыларының пікірі, бірақ соған деген қабілетінің бар жоғын білмейді. 
Ересек негізгі міндеті – 
кәсіп таңдау.
Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау 
қажеттігі соғұрлым күшейе түседі. Олардың дұрыс таңдауы үшін үш мәселені 
қарастыру керек. 

халық шаруашылғында осы мамандық қаншалықты көлемінде керек. 

адамдардың алдына қоятын талаптары. 
-
сол адамның қабілетін анықтау. 
Демек, қабілетілікті анықтау мамандықты таңдаудың ең шешуші түйіні. Бұл өте 
күрделі. Ол тәлім –тәрбие, еңбек әрекетінің түрлерінде дамиды. Қабілеттілік өздігінше 
байқалмайды, ылғи да іс-әрекет үстінде нақтылы қызмет бабына сәйкес байқалады. 
Керісінше нақтылы бір мамандыққа қабілетіліктің болмауы, адамның сол іске жеке бас 
қатынасындағы жағымсыз сапалық көрінісі арқылы білінеді. 
Сондықтан да бір ғана мамандыққа сәйкес қабілеттілікті қарастырғанда оны жан-
жақты қарастырған жөн. 
Адамның мынандай көріністеріне мән беру керек. 
1). әр адамның биологиялық жағынан шартталған көріністері: темперамент, 
нышандары. 
2). жеке адамның әлеуметпен шартталған жақтары: олар, қаншалықты бағытанғандығы, 
нанымы, моральдық жағынан. 
3). қабылдау ерекшеліктерін ,есінің типтік көріністері, ойлау өрісі, ерік сапасын, 
сезімін, эмоциялық сфераларының дамуын, яғни таным процестерін (когнитивті). 
4). әр адамның өмір тәжірбиесі мен білім көлемін. (ісерлігін, білімін, дағдысын, 
әдеттін). 
Кәсіптік бағыт беру жүйесінде адамның жеке мүмкіншіліктері, кәсіби бағыттылық 
пен мүдделікке де тығыз байлансты. 
Танымдық, белсенділік, кәсіби іс-әрекеттің таңдап алған саласына деген интеллектілік 
қабілеттілік кәсіпке, мүдделікті дамытудың маңызды факторы. 
Сонымен, бұл мәселе туралы соңғы кездері педагог-психологтар айналысып жүр. 
Мәселен, С.Н.Чистякова (Москва),Б.А. Федоришин (Киев), Л.А.Йавайша (Литва), 
Е.А.Климов (Ленинград ) т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет