Танымдық өрісініңң дамуы. Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.
Эмоционалдық өрісінің дамуы . Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп еспептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда,шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату мүмкін емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірілік тәжірбиесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күнен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т.б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарық «іңгәсі»қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.
Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Әрине, жағымды сезімінің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.
3-7 апта аралығында, яғни 5 апта шамасында балада «жандану комплексі» ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер – баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Осы сапа баланың психикалық дамуының ең бірінші белгісі болып табылады.
Нәрестелік кезең (2 айдан – 1 жасқа дейін).