Жетекші іс-әрекеті. Сәбилік шаққа ауысу заттар дүниесіне жаңаша көзқарастың дамуына байланысты болады- олар бала үшін тек іс-әрекет жасауға ыңғайлы объект қана емес, сонымен бірге белгілі бір міндеті бар және пайдаланудың белгілі әдісі бар, яғни қоғамдық тәжірибеде оған бекітілген функциясы бар ұйымдар ретінде көріне бастайды. Балының негізгі ынтасы затқа жаңа іс-әрекет жасауға үйренуге ауады, енді үлкендер осы істе ұстаз, көмекші, қызметші ролін атқарады. Ерте сәбилік шақта бүкіл кезең бойына жетекші іс-әрекет болып табылатын заттық іс-әрекетке көшу жүзеге асады. Заттық іс-әрекеттін дамуы заттар мен жұмыс жасаудын қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Әрине, бала заттың қоғам бекіткен, сол сәттегі қажеттілікке қарай өзгермейтін тұрақты қасиетін үйрене бастайды. Бұдан бала заттың қасиетін үйренгеннен кейін, оны тек қана сол мақсатқа пайдаланады деген ұғым шықпайды. Мысалы, ол қарындашпен қағаз сызғылауды үйрене тұра, сонымен бірге қарындашты домалатуы да, одан құдық жасауы да мүмкін. Бұл жердегі ең маңыздысы сол – бала заттың шын мағынасындағы не үшін керек екендігін біледі. Екі жасар еркетотай бәтінкесін басына киген кезде, өзіне-өзі күледі, себебі бәтіңкенің қызметі басқа кию емес екенін түсінеді.
Заттық іс-әрекет дамуының бастапқы кезеңінде қимылмен зат өз ара байланысты. Іс-әрекеттің затпен байланысы дамудын үш фазасынан өтеді.
- бала затпен өзіне таныс іс-әрекеттің кез-келгенің жасай алады.
- зат тек өз қызыметіне ғана пайдалнылады.
ескі іс-әрекетті қайталау жүзеге асады бұнда бала еркің, негізгі қызыметтің көрсетеді.
Заттық қимылды игеруге байланысты баланың ол үшін жаңа жағдайдағы жаңа заттармен кездескенде бағдарлау мінезі өзгереді. Егер бала қолына таныс емес заты алып, онымен өзіне бұрыннан белгілі тәсілдерді қолданып, іс-әрекет жасас, кейін оның назары жаңағы заттың неге керек екенін, оны қалай пайдалануға болатынын анықтауға ауады. «бұл не?»- деген бағдар «мұнымен не істеуге болады?»- дегенге ауысады.
Осы кезеңде игерген қимылдың бәрі тір типтес емес және баланың психикалық дамуы үшін оның бәрінің маңызы бірдей емес. Іс-әрекеттердің ерекшелігі, алдымен, заттың ерекшелігіне байланысты. Кейбір заттар анық белгілі бір пайдалану әдісіне ие. Олар - киім, ыдыс, мебель. Оларды пайдалану тәсілін бұрмалау мінез-құлық ережесін бұзғанмен бірдей бағаланады. Басқа заттармен әлдеқайда еркін айналсуға болады. Оған ойыншықтар жатады.
Баланың ерте шақта сәбилік кезеңде игеретін қимыл -әрекетінің ішінен оның психикалық дамуына әсер ететіні өзара байланысты әрі құрал –сайманмен атқарылатын іс-әрекет болып табылады. Өзара байланысты іс-әрекет дегеніміз екі немесе бірнешге затты ( немесе олардлың бөлшектерін) белгілі бір кеңістікте өзара қатынасқа келтіру. Мысалы, шығыршықтан шағын прирамидалар пайдалану, қорапшалардың қақпағын жабу.
Сәбилік шақта-ақ балалар екі түрлі нәрсемен іс-әрекет жасай бастайды – біріне бірін өткізеді, текшелейді, жабады т.б. Бұл іс-әрекетердің ерекшелігі сол, мұнда балалар заттың қасиеттерін ескермейді- заттарды олардың формасы мен көлеміне қарап іріктемейді, оларды әлдебір ретімен алмайды. Ал, ерте балалық шақта игерілетін өзара байланысты іс-әрекет осыларды есепке алуды талап етеді.
Құрал –сайман баланың қолымен ықпал жасалатын заттың арасын байланстырушы ролін атақарады. Бірақ бұл іс-әрекеттің қалаай жасалатыны құрал –сайманның құрылымына байланысты. Құрал сайманмен іс-әрекет жасау- дегеніміз бір заттын, құралдың екінші бір затқа әсер ету үшін қолданылады. Бала ең алдымен қарапайым құралмен таныса алады. Мысалы: қасық, таяқ, күрек т.б. Құрал сайманда пайдалану бірнеше сатыдан өтеді: қол қимылы бағдарлау құрал саймандық іс-әрекет. (Қолды құрал-сайманның ерекшелігіне қарай ыңғайлау). Әліде болса балада құрал саймандық іс-әрекет жетілмеген.
Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі.
Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады.
Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.