Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Даму кезеңі Қалыпты даму сызығы



бет8/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56
Байланысты:
599 психология

Даму кезеңі

Қалыпты даму сызығы

Қалыпсыз(анамальды) даму кезеңі.

Нәрестелік шақ
(туғаннан 1 жасқа дейін)

Адамдарға сенімі. Өзара махаббаты, жақындығы, өзара түсінісуі нәрестеге қажетті және басқа өмірілік маңызы бар қажетті нәрселермен қанағанттандыру.

Адамдарға сенімсіздігі анасының баламен нашар қарым қатынасқа түсуі, керек қылмауы, махаббаттан айыруынан туындайды. Төстен ерте суалтып,ананың жылуынан айыру.

Ерте сәбилік шақ (1 жас тан 3 жасқа дейін).

Дербестік, өзіне сенімділік. Бала өз бетінше, жеке, бірақ әліде болса ата-анаға тәуелді адам сияқты қарайды өзіне.

өзіне сенбеушілік , қысылған ұялшақтық сезім, бала өзінінің қабілеттерінен күмәнданады, өзін ештемеге үйренбейтіндей болып
сезінеді. Жай қозғалыстардан да жасқанады, мысалы, жүруден, нашар сөйлегеннен, айналасындағы адамдардан кемшіліктерін жасыруға тырысады.

Ерте балалық шақ (3 жас пен 5 жас аралығында)

Білімқұмарлық, белсенділік, ширақтықпен қабылдау, қоршаған ортаны қызығушылықпен зерттеу, үлкендерге ұқсағысы келіп, әр түрлі қаиымл жасау.

Еңжарлық пен адамға немқұрайлықпен қарау, босаңдық, ынтасы жоқтық, басқа балалрға қызғаныш сезіммен қарау, тұйықтық, әр түрлі қимыл жасаудан бас тарту.



Естияр балалық шақ (5 тен 11 жасқа дейін).

Еңбексүйгіштік, борышын сезіну және жақсы жетістіктерге жетуге тырысу. Білу және сөйлеу қабілеттерімен дағдыларының қалыптасуы. Болатын істі алдын қойып, оны шешу. Ойын мен қиялға мақсат қойып, жақсы жеңу жағын ойластыру.Керекті заттардың қозғалысының құралдарын белсенді меңгеру, мінедттерін бағдарлаау.

Толық жетілмегенін сезіну. Еңбекке деген қабілетінің әлсіздігі. Қиын тапсырма, жағдай, басқалармен жарысудан қашу. өзінің жетілмегендігін, өмір бойы орташа болып жүретінін қатты сезіну. Бір өзгерісті күткенде немесе толық үлкендігін сезгенде уақытша басылып қалу. өте жуастық, құлдың тәрбиесі.әр түрлі істі шешерде өзінің әлі жетпейтінін сезіну.

Жынстық жетілу, жеткіншек шақ пен жастық шақ (11 жастан 20 жасқа дейін).

өмірде өзін анықтау. Болашшаққа уақытша жоспар туындау. Қандай болам? Кім болам? деген сұрақтарда өзін-өзі анықтау. Өзін табу үшін белсенді іздену, әр түрлі ролдерде өзін байқау.Оқу. Тұлғалық қарым-қатынас тәрбиесінің формаларнда жыныстық тәрбиені анық түсіну. Дүниетанымның қалыптасуы. Құрдастарының арасында жетекшілікті өзіне алу, керек болғанда оларға бағыну.

Ролдерді шатастыру. Болашақ ғана ойламай, осы шақ пен өткен шақты ойлау. Барлық жан дүниесін өзін-өзі анықтауға салуы сыртқы әлеммен және адамдармен қарым-қатынасының күшейуіне кедергі болу. Еңбекке белсенділігін жоғалту. Имандылық пен дүниетанымдық нұсқамаларды шатастыру.

Ерте ересектік (20 –дан 45 жасқа дейін).

Адамдарға жақын болу.Адамдармен қарым-қатынасқа ұмытылып. Оларға өзін арнау (көмек беру). Бала туу және оларды тәрбиелеу.Махаббат пен жұмыс. Өміріне риза болу.

Адамдардан оңашалану. Адамдардан қашу, әсіресе жақын, ашына қарым-қатынастардан қашу. Мінездің қиындығы. Түсінбейтін қарым-қатынастар мен күтпеген тәрбие. Ауытқу , оқшаулану, көңіл- күйінеәсер етуі.

Орта ерсектік (40тан-45 –60 жасқа дейін ).Орта жас.

Шығармашылық . Өзімен және басқа адамдармен өнімді шығармашылық жұмыс. Кемелді, жан-жақты өмір. Жанұя қарым-қатынасна қанағаттану. Балаларын мақтаныш тұту. Жаңа жеткіншектерді оқытып тәрбиелеу.

Тоқырау. Өзін ойлаумен өту. Жұмыстағы өнімсіздік. Ерте мүгедек болу. Құдайдан өзін ғана сұрап, өзіне ғана қамқор болу.

Қарт ересектік (60 жастан жоғары).

Толық өмір сүру. Өткенді ойлау, оны бағалау. өткен өмірі қандай, сондай қылып оны қабылдау. өткен өмірінің толық және пайдалы екенін сезіну. Болатынның бәріне көну. өлімнен қорпау керек екенін түсіну.

Түңілу.Өмірдің босқа өткенін, аз уақыт қалғанын, уақыт жылдам өтіп бара жатқанын сезіну. Басқа өмір үріп жүргенін сезіну. Өз-өзіне сенімді жоғалту. Қайтадан өмір сүруді армандау, өмірден лғанын азсынып, бұрынғыдан көбірек алуға ұмтылу. Алжу,тақалып келе жатқан өлімнен қорқу.



Бұнда, Э.Эриксон даму кезеңдерінің сегізге бөліп, жоғарыда айтылған жас қосылудағы дағдарыстарды суреттейді. Бірінші кезеңде баланың дамуы үлкендердің, оның ішінде, анасының қарым-қатынасына байланысты. Бұл кезеңде баланың адамдарды жатырқау және жатырқамауы қалыптасады.
Екінші кезеңде балада өз бетімен өсіп, сенімділік пайда болады. Бұлардың қадыптасуына үлкендердің балаға деген қарым-қатынасы көп әсер етеді.
Үш жасынан бастап баланың тұлғалық тәрбиесі мен мінезі қалыптаса бастайды- дейді Эриксон өхзінің зерттеулерінде. Баланың дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне үлкендер әсер етеді, бірақ зерттеулерде басты роль заттық қызметке байланысты дегенмен, үш жасар бала өзін кішкене тұлға ретінде де ұстайтынына күмән жоқ. Үшінші және төтрінші даму кезеңдері, Эриксон бойынша, толығымен Д.Б.Эльконин және басқа өзіміздің психологтарымыздың ойларымен сәйкес келеді. Берілген тұжырымда оқу және еңбек қызметінің баланың (5-11 жас аралығындағы) психикалық дамуына үлкен маңызы бар.
Біздің ғалымдарымыздың Эриксонның көзқарастарынан айырмашылығы ол баланың іскерлігі мен дағдыларына көңіл бөлмей, оның қасиеттеріне қарайды: белсенділігі мен еңбексүйгіштігіне, оған қарама қарсы енжарлық пен еңбек еткісі келмейтіндігінде.
Жеке бастың келесі даму кезеңдері отандас писхологтардың назарларында көрсетілмеген. өмірдегі әлеуметтік ролдер адамды көп нәрсеге жаңадан қарауға әсер етеді. Әсіресе, жеке бас даму ерте ересектік жастық шақтан кейін келетін, кезеңіне көңіл бөлгенде ғана белігілі.
Сонымен, Э.Эриксон көрсеткен анамальды (қалыпсыз) даму сызығы бұл тек жас аралығында көп дау туғызды. Бұл даму кезеңнің басқа формалары да болуы мүмкін. Яғни, Эриксон жүйелі көзқарасына психоанализ бен клиникалық практика қатты әсер етті.
ЗФрейд адамзаттық мінез-құлықты нақыты оқып үйрену арқылы невроздық қақтығысты түсінуге болады деді. Ал, Э.Эриксон алынған жалпы құбылыс тек қана невроздың аналогиясы ғана-деп санамайды. Оның ойынша, «Я» адамзаттық негіз яғни қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының түбірі болып табылады. Э.Эриксон психонаналитикалық тұжырымдамасында «Я» және қоғамды қатынасын құрды. Сонымен бірге оның тұжырымдасында – бұл балалық шақ тұжырымдасы болды. Дәлірек келгенде адамзатқа ғана ұзақ балалық шақ тән.Сонымен бірге қоғам балалық шақтын ұзақ болуына әкеледі. «балалақ шақтын жалғасуы ол адамның техникалық және интеллектуалды ойының әбден машықтануына, сондай-ақ ол адамның өмір бойғы жетілмеген эмоциональды ізін қалдырады»- деп жазды. Э.Эриксон.
Бала дамуындағы оқытудың жетекші ролі. Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысы олар ұйымдастырып бағыт беріп отырады. Баланың практикалық іс-әрекеті үйретудің (оқыту) нәтижесінде қалыптасады. Ж.Пиаже 1921-22 жылы баланы оқытсанда, оқытпасанда психикасының дамуына, ақыл ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді. Осыған орай, зерттеулерде көрсеткендей бала психикасы тек оқытудың негізінде дамиды.
Үйрену саналы жүргізіле бермейді көп ретте үлкендер балаларды стихиялық жолмен үйретеді. Баланың тәрбиесі стихиялық жолмен емес, ақылға салып мақсат көздей, оған нені үйрету керектігін әдейі қамқорлық жасай отырып және жан жақты болуын қамтамасыз етуі қажет. Бірақта, психикалық даму үйретуге тәуелді болмастан, өзінен-өзі өрби беретін сияқтанады. Әрине бұл қате пікір. Оқыту егер психикалық дамуды бала жеткен дәрежесіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Бала қоғамдық тәжірбиені бойына сініре, адамға тән әр түрлі іс-әрекетті игере отырып дамиды. Оған бұл тәжірбиені де, бойында бұл іс-әрекетті қалыптастыратында – оқыту. Оқыту баланың дамуына ыңғайластырылып жүргізілмейді және оның артында қалмауы тиіс.
Оқыту дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат – сол жерде қалу емес, одан әрі дамуды қалай жүргізу керектігіне келесі қадам жасалуы қажеттігін білу. Демек, оқыту психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің сонынаң ерітеді. Л.С.Выготскийдін айтуынша, оқыту баланың баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер – оқыту тәсілдері оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Осы оқу мен даму мәселесін қарастырған ғалымдарды үш топқа біріктіруге болады.
- Баланың даму процестері оқу процестерінең тәуелсіз екенің анықтайды. Баланың дамуында оқу белсенді қатыспайды. Даму циклі әр қашан оқу циклынаң бұрын жүреді. Оқу дамудың артында жүреді. Даму әр қашанда оқу алдында жүреді.
- Бұл екі процесті бірлікте көрсетеді және де келесі түрде бейнелейді: Оқу - бұл даму.
- Бұл екі теорияны біріктіргісі келеді, бір жағынан даму процесі оқытуға тәуелсіз, екінші жағынан – оқудың өзі дамуға тәуелді. Яғни зерттеушілердің позитивтілігін көреміз.
а) екі қарама-қарсы көз қарастарды біріктіру. ә) екі негізгі процестердің өз ара тәуелдігі. б) бала дамуында оқу ролін кеңейту.
Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратың қызыметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Мәселең үлкендер сәбиге көрсеткенде, нұсқау бергенде, түзету еңгізгенде т.б. Таяудағы даму аймағының көлемі – баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы кәзір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.
Оқытудағы (үйретудегі) әр – бір жана адам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет