Жас ерекшелігі психологиясының басқа ғылымдармен байланысы: Анатомия -физиология. Философия, жалпы психология.
Жалпы психология – барлық психологиялық ғылымдардың теориялық негізі. Жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін, және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді.
Анатомия- физиология - бала дене құрлысының әр жасқа қарай нығайып, өсуін органдардың атқаратын қызметін , әр жаста түрліше өзгерістерге ұшырау себептерін көрсетеді.
Философия - барлық ғылымдардың методалогиялық негізі. Философия барлық ғылымдар ескеретін ортақ заңдылықтарды ашады ( карама-қайшылық).
Жас ерекшелік психологиясы ең тығыз байланысты ғылымы педагогика болғандықтан - зерттейтін обьектісі бір, яғни бала,жеткіншек,жас өспірім. Бірақ баланы зерттегенде зерттеуші оның психикасының әр түрлі жағын алып қарастырады А.С Выготский, А.П Нечаев : Баланың психикасын зерттеу ( дамуын көріп , дұрыс бағыт беру) тек оқу- тәрбие процесінің нақтылы өзіңде жүргізілуі тиіс. Дегенмен де даму туралы қарастырсақ: ол жас туралы түсінік береді.яғни «жас» және »жастық шақ», «жас« немесе »жастық кез» - ол даму циклі болып табылады. Жас ерекшелік кезеңі психикалық даму функциясымен еркшеленіп қоймай, ол әр жастағы қарым-қатынасын, негізгі мөлшерін анықтайды.
Жас ерекшелігі психологиясының тармақтары: - Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы (туғаннан –6-7 жас)
- Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы (7-10 жас)
- Жеткіншектер психологиясы (10-11-14-15 жас)
- Балғын жастық психологиясы (15-18 жас)
- Ересектер психологиясы (21-35, 35-60 жас)
- Қарттар психологиясы ( 60-75, 75-90 жас).
Жас ерекшелігі психологиясының зерттеу әдістерін пайдалану ерекшеліктері. Кез- келген ғылымның негізгі факторларды зерттеуден тұрады. Факторларды тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.
Бақылау жас ерекшелік психологиясында жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қоланылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарау емес, әдейі мақсат қойып баланың тиісті мінез –құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бұл кейкездері «кесінді» ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде ( аз уақыттың ішінде) жүргізіледі . Байқау әдісі деп- таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әркеттерін үйреншікті жағдайларда зерттеп және психикалық әркеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз.
Бұл әдіс бойынша , зерттеуші адам, зерттелушінің әркеттерін сырттай бақылап жазып отырады. Оны жүргізу шарты: жоспарлап алу, мақсат қою, жүйелі түрде жүргізіліп отыруы тиіс кездейсоқ болмай, байқауды қалай жүргізу керектігін алдын ала белгілеп алу және оған қортынды беру. Байқау жаппай және ішнара болып бөлінеді.
Бала психологиясы тарапынан жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.
Эксперимент – деп баланың психикасының даму заңдылықтарын бірнеше рет өзгертіп, құбылтып, кейде жасанды жағдайда зерттейді. Эксперимент әдісі арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.
Эксперимент түрлері екіге бөлінеді: Табиғи эксперимент және Лабораториялық . Табиғи эксперимент күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында ойын, сабақ, оқу, еңбек әрекеті кезінде жүргізіледі. Табиғи эксперименттің 1910 жылы орыс педагогі А.Ф.Лазурский (1874-1917ж) негізін қалады. Лабораториялық - арнайы лабораторияларда жүргізіледі.
Жас ерекшелік психологиясында мынандай эксперимент түрлерін де қолданамыз. Констатциялау – тексерілген мәселенің бағытын аладын ала білу
Қалыптастырушы- балаларды осы психикалық процестер мен сапалары қалыптастыруға бағытталған әдіс.
Сонымен бірге «көлденен кесу», «бойлай» зерттеу әдістері бар ерттеуші психиканың қалыптасуның нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденен кесу әдісмен зерттейді. Кейде психологтар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы,елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт зерттейді. Бұны бойлай зерттеу әдісі дейміз.