Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы


Психоаналитикалық теорияның



бет6/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
599 психология

Психоаналитикалық теорияның негізгі мәніне тоқталсақ. Онда, Зигмунд Фрейд теориясының мәні мынада. Психоанализ емдеу әдісі ретінде пайда болып, біршама уақыттан соң психологиялық фактіні табудың бірден бір тәсілі ретінде қабылдана бастады. Аталған тәсіл психологиялық жүйенің негізі болып қаланған. З.Фрейд емдеушілердің еркін ассоциациясының анализін байқай отырып мынандай қортындыға келген, ересектердің бойындағы кездесіп жататын аурулардың пайда болу себебі – жас балалық шағындағы уайымның салдары. Балалық уайымдау, З.Фрейдтің ойынша, сексуалдық табиғаттық сипатта болады. Бұл - махаббат сезімі және ата-анасына жеккөрушілік деген, әпкесіне немесе ағасына деген қызғаныш сезімі т.б.
Зерттеу жүргізу нәтижесінде З.Фрейд, емдеушілердің өзіндік еркін ассоциацияларын, түс көру, өткен оқиғаларының мағынасын түсінбейтіндіктеріне көз жеткізіп, таң қалған екен. Олар анық жағдайларды жасыруға тырысқан. Емдеушілер бір ғана координатылық жүйемен өмір сүрген, ойланған, дәл осы уақытта емдеушілердің екінші жағанан санасыздық деңгейі және тәртібінің детерминанты төмендеп, алшақталған. Содан соң емдеушілер көптеген психоанатикалық сеанстардан кейін ғана өздерінің іс-әрекеттеріне, сөздеріне анализ жасап, саналы түрде ұғына бастаған. Санасыз тәртіптің детерминанты З .Фрейдтің зерттеуінің пәні болып табылады. Оның ашқан жаңалығы санасыздық немесе сезінбеушілік және сексуалдық бастаманың ашылуы- психоанализдік теорияның концепциясының негізін құрайды.
З.Фрейд жұмысының алғашқы жылдарында психикалық өмірдің негізін құрайтын үш деңгейді қарастырған: санасыздық, санасыздықтан алдында, саналылық. Саналық бастамаларға жөн сілтейтін «санасыздық» құбылысына тоқталды. Оны »Либидо»деген терминмен атады. Кейінірек »Я» және »Оно» және »ләззәт алу бағытында» аты еңбектерінде адамдық жеке тұлғаның басқа бір модельін ұсынды. З.Фрейд теориясы бойынша адамның жеке басы негізігі үш құрамдас бөліктерден тұрады: «Оно»(ид), «Я», »Сверх-Я». «Оно»- инстинкттерді тасмылдаушы. Ол санасыздыққа бой ұру, рахаттану приципіне бағынады. «Я»- шындық принципін мақұлдайды және қоршаған сыртқы әлеммен және оның құрамымен санасады. « Сверх-Я»- моральдық ережелерді тасымалдаушылардың бірі болып саналады. Егерде «Я», »Сверх-Я» қарсы тұрып, идтің пайдасына, яғни рахаттануға шешім алса. Ол өзін кінәлімін деп айыптайды. Демек , қақтығыстық жағдайлар аса күшті толқыну сезімдерінен пайда болады. Аталған ауыр жағдайдан «Я» арнайы «қорғаныс механизмдердің»- тықсыру, регрессия, сублимация т.б. көмегімен құтылады. Регрессия- мінез-құлықтың немесе ойлаудың қолайсыз түрде ығысуы.
Сублимация – тыйым салынатын секстік энергияның қоғам мен адамның жеке басына жарайтын түрлеріне ауысуы. Проекция – басқа адамға өзінің махаббатағы уайымын немесе жеккөрушілік қасиетін тасымалдау.
З.Фрейд сексуалдық трактатын кең мағынада қарастырған. Оның пірі бойынша, мұның барлығы денеге рахаттану, ләззат алу уақытын сыйлайды. Кішкентай балаға – бұл аймалау, денесін сипалау, құшақтау, сүю сынды әрекеттермен сипатталады. Сексуалдық үйірсектену З.Фрейд бойынша, амбиваленттік сипатта болады. Өмір мен өлімнің инстинктері кездеседі. Эрогендік аймағы – дене аумағы, көбіне стимулға сезімтал аумақтар, либидоноздық сезімге қанағаттануға шақырады. Әр бір кезеңнің либидиноздық аумағы, либидоноздық рахатты тудырады. Аталған аумақатырдың араласуы психикалық дамудың кезеңдерін тудырады.
Психонаналитикалық стадиялар: оральдық, анальдық, латенттік, генитальдық, фаллитік.
1)Оральдық стадия (0-1 жас) оральды стадияда рахат,ләззат алу көзі- баланы омыраумен қоректендірудің белсенділік аумағына шоғырлануы. Оральдық стадия екі фазадан тұрады. Олар : ерте және кеш. Аталған стадиядағы эрогендік аумақатр – ауыз қуысы, баланың омырауды емуі және алғашқы заттарды тани бастауы. Баланың омырауды емуі – балада – сексуальдылықтың көрінуінің бір түрі болып табылады.
2)Анальдық (1-3жас), оральдық стадия сынды екі фазадан тұрады. Бұл стадияда «либидо»жыныстық мүшелернің гигиеналық тазалығына шоғыраланады. Анальды стадияда балада «мен», «оно»импульсын қадағалауға мүмкіндік береді.
3) Фаллитік стадия (3-5 жас).Баланың жоғары сексуальдық баспалдағының дамыған шағы. Эрогендік аумақтың жетекшісі – генитальды орган болып табылады. Осыған дейін баланың сексуальдығы аутоэротикалық сипатта болса, осы стадияда балалар ерсектерге деген сексуальдық үйірсектікті байқатады.
4)Латенттік стадия (5-12жас)- жыныстық қызығушылықтың төмендеуімен сипатталады. «мен» психикалық инстанциясы. «оно»-ның қажеттілігін қадағалап отырады. «либидо»энергиясы сексуальдық мақсаттан, жалпы адамдық тәжірбиеге, яғни ғылымға және мәдениетке негізделген. Сондай-ақ достарымен, құрбыластарымен қарым –қатынасқа түсуі.
5)Генитальдық стадия (12-18 жас)- балақы сексуальдықұмтылудың жоғарлауымен сипатталады. Енді өткен эрогендік аумақтар бірігеді және З. Фрейдтің көзқарасы бойынша , жеткіншектер бір ғана мақсатқа ұмытылады. Ол қалапты жыныстық қарым –қатынаста болу. Бұл стадияда «мен»инстанциясы «оно»-ның агрессивтік импульстарына қайшылық көрсетуге тырысады. Себебі осы кезеңде «оно» өз функциясын жандандыруға бар күшін сала бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет