Бейсенбекова Гүлмира Бекінқызы



бет36/56
Дата11.12.2023
өлшемі183,3 Kb.
#137076
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
599 психология

Жыныстың даму жөнінен жігітер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Оның есесіне тамақтану сипаттындағы айырмашылықтар мен басқа да әлеуметтік экономикалық факторлар ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық норманың жеке физиологиялық нормамен үйлеспейтінін ескеру өте маңызды. Кейбір әбден қалыпты адамдар орташа статистикалық мерзімдерден көп озық не қалыңқы дамиды. Қарқынның бұл вариацияларын патологиялық жағдайлардан ажырату әрдайым оңай бола бермейді.


Жасөспірімдік шақтың сипаттамасы. Балаң жас өспірімдік 14,5-17 жас арылығын қамтиды. Әліде болса бұлар үлкендерге тәуелді екенін көруге болады, ересектер оның өмірілік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастайды, бәрі де мамндық таңдау туралы ойлайды. Бұл кезде қиыншылықтардан бас тартпай оны жеңіп шығуға үйренеді. Бұларда жеткіншектік кезеңдегідей ерегесу қасиеттері кездесе қоймайды.
Бұлардың аса маңызды міндеттері мамандықты таңдау, еңбек пен қоғамдық –саяси қызметке даярлану, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену яғни бұл белгілі бір уақыты талап етеді. Қиын жағдайларда өздігінен шешімге келуінің негізгі жемісі- әлеуметтік ортасының жемісі болып табылады. Оқуға салмақты қарайды.
Жетістіктері: кәсіптік қызығушылық
Әлеуметтік жағдайының дамуы. Ересектің құрбыларымен қарым-қатынасы жеткіншектерге қарағанда өзгерістер бар: ересектің жолдас –жоралары көп болады, бірақ олар мен уақытын бос өткізбейді. Көбіне өзінің оқу мақсатын көздейді. Оқуда бір біріне көмектеседі. Құрбыларының ішкі пейілі мен мінез-құлқының әлеуметтік және табиғи ортаны танып білудегі түсініктерінің ұқсас болуын да есепке алады. Бірін бірі түсіне алуы. Өзіңдік сананың, мұраттардың, дүниетанымының қалыптасуы. Өзіңдік сана – күрделі психологиялық құрылым. В.С.Мерлин бұны былай түсіндіреді.

  • өзінің теңдестігін ұғынуы

  • белсенді, іс-әркетшіл негіз ретінде өз «менін»ұғынуы

  • өзінің психикалық қасиеттерімен сапаларын ұғынуы

  • өзін-өзі әлеуметтік –адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.

Бұл элементтердің бәрі бір бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. «Менді» ұғыну бұл 3 жастан бастап қалыптасады. «мен » деген қасиеттері -өзін өзгелерден ажырататын өзбеттілігін дамытатын қасиет. өзінің ісін, қылығын бағалаумен байланыстырылады. Өзінің әрбір кемістігіне , сәтсіздігіне мән беріп талдау жасай біледі. Ересекті көп ойға әкеліп соғады ол көп ойланады. (өзі туралы).
Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біріншіден, өз талаптарының деңгейін жеткен дәрежесімен өлшемдестіру ( қорқақ болмасам, қабілетті болсам).
Екінші жағынан –жарыс әлеуметтік өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру.Жас өспірімдік рефлексия бір жағынан өзінің «менін»ұғыну. Мен кіммін? Мен қандаймын, мен өзімді не үшін сыйлай аламын т.б. Дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну. Мәселен менің өмірлік мұраттым қандай? т.б.
Рефлексия - өзінің ісіне талдау жасай алу қабілеті.
Дүниетанымы – бірінші көрсеткіші дүниенің неғұрлым жалпы прицнциптерін, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі.
Адамгершілік мұратында, адамгершілік оның өмірлік позициясы бейнеленіп отырады. Мұрат өмірді бейнелейді. Негізінен таңдану, толқу, сүйсіну сезімдерін туғызады.
Мұрат – оның өзін -өзі тәрбиелеу жоспарын анықтайтын образ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет