Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет101/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

3. Саяси модернизация түсінігі мен теориялары.
«Модернизация» сөзінің 
этимологиялық ұғымы «modern» француз тілінен аударғада жаңа, қазіргі 
заманға сәйкес деген мағынаны білдіреді. Ал «modernize» жаңа талаптарға 
сәйкес, жетілдіру, жаңарту, өзгерту деген сөзден шыққан.
Модернизация дегеніміз дәстүрлі қоғамнан қазіргі замандық қоғамға қарай 
даму процесін бейнелейтін ұғым. XX ғ. 50-60-шы жылдарда модернизация 
туралы жазатын авторлардың көбісі технологиялық детерминизм идеясына 
сүйенді. Олар қоғамның дамуын, адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мен 
әлеуметтік мәселелерді шешудің амалын экономикалық және технологиялық 
прогрестен көрді. Дәл сол кезде бұл теорияға ұқсас индустриалды қоғам 
теориясы да жасалды. Мұндай теориялар У. Растоу, Р. Арон, Д. Белл сияқты 
зерттеушілердің еңбектерінде дамытылды. Бұлардың еңбектерінде ғылыми – 
техникалық прогрестің ықпалымен дәстүрлі құндылықтар мен құрылымдар 
өзгеріп әрі қарай дамиды деген пікір басым көрсетілген. 
Саяси модернизацияны – жалпы модернизацияпроцесінің бір бөлігі ретінде 
қарастыру қажет. 
Саяси модернизация теориясы саяси ғылымда ХХ ғасырдың 50-60–шы 
жылдарында қалыптаса бастады. Бұл теорияны жасаушылар XIX-XX ғасырдың 
бас кезіндегі М. Вебер, Ф. Теннес, Ф. Дюркгейм сияқты белгілі зерттеушілердің 
теориялық еңбектерінің мазмұнына сүйенеді. Мысалы, М. Вебер жүріс– 
тұрысты рационализациялау негізінде Еуропа өркениетінің дәстүрлі қоғамнан 
казіргі замандық қоғамға қарай дамуының ерекшеліктерін көрсетті.. 
Модернизация 
теоретиктері 
қоғамдық 
даму 
туралы 
құрылымдық-
функционалистерінің көзқарастарын теориялық негіз ретінде қолданды.
Модернизация теориясын жасауына Г. Алмонд пен Д. Пауэллдің 
«Салыстырмалы саясаттану», «Даму концепциясы тұрғысынан бап» (1966), Д. 
Аптердің «Модернизация саясаты» (1965), С. Липсеттің «Саяси адам» (1960), Л. 
Пайдың «Саяси дамудың аспектілері. Талдамды зерттеулер» (1966), Д. 
Растоудың «Ұлт әлемі» (1967), С. Хантингтонның «Өзгеруші қоғамдардағы 
саяси тәртіп» (1968) еңбектері ерекше үлес қосты. 
Модернизация теориясы өзінің дамуында шартты үш кезеңнен өтті:
1) 50-60 жж.,
2) 60-70 жж.,
3) 80-90 жж. 
Модернизация теориясында екі бағыт белгілі. Олар 
либералды және 
консервативті.
Либералдық бағытты зерттеушілер (Р. Даль, Г. Алмонд, Л. Пай) саяси 
модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси 
талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. 
Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың 
саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық 
саяси бәсекелесуінің алғышарты. 
Консервативтік 
бағыт 
өкілдері 
(С. 
Хантингтон, 
Дж. 
Нельсон) 
модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық 
күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз 


ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң 
тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан 
да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап 
етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру 
қажет. 
Модернизация түрлері мен моделдері:
Саяси ғылымда модернизацияның 
келесі түрлерін ажыратады: 
- Табиғи (органикалық) және бейтабиғи (бейорганикалық) модернизация.
- Шоғырландырылған, ішінара және тығырыққа тірелетін модернизация.
Олардың жүзеге асуында әр түрлі дағдарыстары болады, яғни: бірөңкейлік, 
заңдылық, қатысу, енігу және бөлу дағдарыстары. 
Саясаттануда біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі 
етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды 
айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық 
шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды 
алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, 
тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе 
шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған. 
Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа 
негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар 
қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік 
құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі 
онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз 
мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл 
қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, 
соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды. 
Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) 
қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, акыл-парасатқа, баяндылыққа 
негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, 
соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға 
тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына 
заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы 
адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты 
бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы 
нәтижесіне қарай бағаланады

Модернизацияны жүзеге асырудың мәні мен басты бағыттары болады. Ол 
туралы саяси ғылымда әртүрлі көзқарастар бар. Мысалы: С. Хантингтонның 
әлеуметтік институттардың өзгеріске ұшырауы туралы, С. Верба, Л. Пайдың 
қоғамдық психологияның өзгеріске ұшырауы туралы, У. Мур, А. Экстайнның 
қоғамның индустрияландырылуы туралы, Р. Рифтің ауыл шаруашылығындағы 
реформалар туралы пікірлерін атауға болады. 
Саяси ғылымда модернизацияның келесі түрлерін ажыратады: 
- Табиғи (органикалық) және бейтабиғи (бейорганикалық) модернизация.
- Шоғырландырылған, ішінара және тығырыққа тірелетін модернизация.


Олардың жүзеге асуында әр түрлі дағдарыстары болады, яғни: бірөңкейлік, 
заңдылық, қатысу, енігу және бөлу дағдарыстары. 
Саясаттануда біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі 
етіп екі түрге бөледі. Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды 
айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық 
шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды 
алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, 
тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе 
шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған. 
Бұл қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық, діни, әдет-ғұрыпқа 
негізделген рулық, тайпалық билік түрі басым. Саяси институттар 
қызметтерінің ара жігі онша ажыратылмаған. Олар діни, мәдени, билік 
құрылымдарымен жымдасып жатады. Онда жеке адамның саяси мақсат-мүддесі 
онша дамымаған. Адам өзін ру, тайпамен біртұтас санады, олардың мүддесін өз 
мүддесіндей көрді. Орталық билік болса да оған жөнді мән берілмеді. Бұл 
қоғам ата-бабадан қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді басшылыққа алып, 
соларға сүйенгендіктен өте баяу, сылбыр дамыды. 
Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) 
қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, акыл-парасатқа, баяндылыққа 
негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, 
соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға 
тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына 
заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы 
адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты 
бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы 
нәтижесіне қарай бағаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет