Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет100/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108
2. Саяси дамудың негізгі түрлері. 
Саяси дамудың басқа қоғамдық мәселелерден айырмашылығының 
параметрлері болады. 
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы 
қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен 
екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, 
өзгерісті ғана бейнелейді. 
Даму теориясында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың ішнде: Г. Алмонд. Б. 
Пауэлл «салыстырмалы саясаттану: даму тұрғысынан көзқарасы». А.Ф. 
Органский «саяси даму сатылары». К. Дойч «ұлтшылдық және әлеуметтік 
коммуникация». К. Калман «Жаңадан қалыптасып келе жатқан халықтар: 
ұлтшылдық және даму» М.Дж. Леви «Модернизация және қоғамның 
құрылымы». «Модернизациялау саясаты» Мешеу даму теориясы. Таптық 
теориялар.
Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттары болады және 
оның келесі дағдарыстары (кризистері) белгілі:
- Сәйкестілік (идентификациялық) дағдарыс; 
- Қатысушылық дағдарыс; 
- Легитимділік дағдарыс; 
- «Ену» (проникновение) дағдарысы. 
Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар. 
Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне 
күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша 
байқала бермейді. Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық 
саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және 
бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы 
үлкен бетбұрысты да жатқызады



Эволюциялықта қоғамдык-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды. Көбіне 
күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан, олар сырт көзге онша 
байқала бермейді. Саяси дамудың эволюциялық жолы үшін қажетті жағдайлар 
мыналар: 
- тұрғындардың шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, қоғамдық сұраныс 
пен мүддені есепке алу; 
- билік үшін күресте әділ және еркін бәсекелестікті орнату; 
- шиеленісті шешудің тиімді механизмін қалыптастыру; 
- саяси жетекшілердің біліктілігі, хабардарлығы, қарсыласымен келісімге 
келе білу қабілеті, күштеуге жол бермеу. 
Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы 
түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге 
асуы мүмкін. Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да 
жатқызады. Мысалы, бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз 
елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және 
саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды. Соның нәтижесінде 
қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы 
түгелімен түлеп, жаңарып шықты. Біз бұдан былай әңгіме еткенде қоғамның 
осындай түбегейлі өзгерісін айтамыз. 
Саяси жүйедегі даму үдерісі: 
- талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлі күштеу топтары мен 
саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметі шектелетін болса, онда саяси 
жүйенің бейімделу мүмкіндігі әлсірейді. Талаптарды артикуляциялау, белгілі 
бір каналдарға бөлу, ол мәдени әрі құрылымдық болып екіге бөлінеді. 
Құрылымдық немесе саяси түрі, оған партия, жоғары қабат парламентаризм 
жатады. Сондықтан мұнда саяси әлеуметтендіру рөлі басым. Талаптарды 
қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметті саяси 
партиялар тиімді атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың 
әлсіздігі саяси жүйенің ішкі және сыртқы өзгерістерге тез арада бейімделуінің 
стратегиялық әлеуетін төмендетуде. 
- кері байланыс қоғамдағы шиеленістерді шешудің бірден-бір көзі, ол 
биліктің саяси жүйеге түскен талап-тілектерді реттеу қабілетіне байланысты. 
Кері байланыс саяси жүйенің өзінің мақсатына қаншалықты жеткендігін 
анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында саяси жүйе кері 
байланыс әлсіздігінен қиналысқа ұшырауда. Бұл саяси жүйенің ақпараттар 
каналдарының қызметінің әлсіздігіне байланысты. 
Саяси дамудың басқа қоғамдық мәселелерден айырмашылығының 
параметрлері болады. 
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы 
қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен 
екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін, 
өзгерісті ғана бейнелейді. 
Саяси дамудың мақсаты – қандай да бір тиянақты саяси қатынас пен 
қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттармен ашық 
түрдегі саяси жүйе арқылы бірте-бірте күрделеніп келе жатқан әлеуметтік және 


экономикалық мәселелерді шешу. Саяси даму үдерісі саяси жүйенің ішінде 
оның мақсатының мынадай факторларымен: әлеуметтік-экономикалық даму, 
тұрақтылық, теңдік, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етеді. Табысты 
бөлудегі теңсіздік пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму 
жағдайында әлеуметтік қиналыс, саяси тұрақсыздық күшейеді, сөйтіп, саяси 
даму үдерісі бұзылады. 
К. Дойч саяси жүйе өз мақсатына жету үшін мына төрт факторға тәуелді 
деп есептейді. 
- жүйенің ақпараттармен жүктелуі; 
- саяси жүйе реакциясының жылдамдығы; 
- саяси жүйенің жаңа фактілерге тез, әрі сапалы жауап қайтару; 
- мақсатты нақты белгілеу. 
Демек, саяси жүйе қызметінің тиімділігі қамтамасыз ететін факторларға 
айналымдағы ақпараттардың жеткіліктігі мен сапасы, жүйенің сыртқы 
ықпалдарға жауап қайтару жолдары мен формалары, сонымен қатар ұжымдық 
әрекет арқылы білдіру, оның нәтижесінің бастапқы мақсатқа сәйкес келуін 
жатқызуға болады. 
Саяси дамуға оңтайлы жағдай туғызатын негізгі шарттары болады және 
оның келесі дағдарыстары (кризистері) белгілі:
- Сәйкестілік (идентификациялық) дағдарыс; 
- Қатысушылық дағдарыс; 
- Легитимділік дағдарыс; 
- «Ену» (проникновение) дағдарысы. 
Қазіргі заманғы саяси жүйеге өту саяси өмірдің жүйелік сапасы өзгеруінің 
және демократия қалыптасуының сөзсіз мүмкін үдерісі ғана болып 
табылмайды. Жаңа саяси тәртіптің қалыптасуы қарама-қайшылықтарға тап 
болады. Әлеуметтік басқа қағидалар мен механизмдеріне негізделген. 
Біріншіден, қоғамдық қатынастарды рационализациялау, тиімділіктің әмбебап 
қағидаларына өту, демократиялық институттар қалыптастыратын дарашылдық 
тұрғыдағы ұжымдық құндылықтар, әлемнің иррационалдық бейнесі, дәстүр мен 
әдет-ғұрып қарсылығына тап болды. Дәстүрлі қоғамда жеке адам өз ұқсастығын 
дәстүр, бедел, ұлттық бірлік күшіне деген сенім арқылы сезінеді. Басқа 
құндылықтарды жоққа шығарады және оларға өшпенділікпен қарайды. 
Екіншіден, нарықтық қатынас қоғамды қызмет түріне, өмір сүру деңгейіне, 
әлеуметтік статусына қарай жіктерге бөледі. Сұраныстың динамикалық дамуы 
және сонымен байланысты еңбек бөлінісінің жаңа түрлерінің пайда болуы 
азаматтарды қоғамның саяси бірлігіне, теңдік пен ұжымдық құндылықтарына 
бағдар ұсынушы бұрынғы саяси институттарға қызығушылығын арттырады. 
Бұл қарама-қайшылықтар дәстүрлі қоғам мен қазіргі қоғамға өту саяси даму 
дағдарысы арқылы өтетінін түсіндіреді. 
Тоталитаризмнен демократияға өту легитимділік дағдарысын тудырады, 
оны ТМД елдеріндегі саяси реформалау тәжірибесі көрсетіп отыр. Негізінде тек 
билеуші таптың ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы көпшіліктің 
құндылықтарына сәйкес келетін саяси тәртіп легитимді деп саналады. Бұрынғы 
тәртіп өз легитимділігін күштеу құралдары мен тұрғындарды тұтас 


идеологиялық өңдеу арқылы қамтамасыз етті. Кеңестік және легитимділікті 
мемлекеттік тәуелді қызметкерлер деңгейінде, яғни мемлекет қаржысы арқылы 
күн көрушілер арқылы жасады. Бірақ жабық түрде, билеуші коммунистік 
партияны аз ғана билеушілерінен қалыптасты, содан соң мемлекеттік тәуелді 
қызметкерлер арқылы билік шешімін қабылдаумен қамтамасыз етеді. 
Демократиялық саяси тәртіптің құрылуы легитимділікті ерікті сайлау арқылы 
қамтамасыз ету үлгісін ұсынды. 
Легитимділік дағдарысы сөзсіз, ол саяси құндылықтар мен саяси жүйе өзара 
тығыз байланысы арқылы анықталынады. Соңғысының трансформациясы шын 
мәнінде біріншінің түрленген қажеттілігін тудырады. С. Липсет легитимділік 
дағдарысын өзгерістер дағдарысынан көрді. 
Легитимділік саяси тәртіп тиімділігіне тәуелді. Саяси жүйенің тиімді 
қызмет етуінің міндетті жағдайы саяси шешім қабылдау үдерісінің кеңеюін 
мойындау, оны консенсус деп атайды. Кез келген консенсустың болуы 
тәртіптің легитимділігін көрсетеді. Легитимділік және консенсус саяси жүйе 
қызметінің тиімділігі мен нәтижелерінің негізгі көрсеткіші. Консенсус саяси 
жүйе құрудың фундаменталды қағидалары бойынша қоғамда келісім бар 
екендігін көрсетеді. Мәселен, азшылықтың көпшілік шешіміне бағынуы, қарсы 
болу, сынау және оппозиция құқықтарының болуы консенсус билік пен беделді 
трансформациялайды және консенсус арқылы мемлекеттік басқарудың 
құқықтық аспектілері саяси қызметтің легитимді нормалары болады. 
Легитимділік дағдарысын шешудің үш мүмкін бағыттары: 
- легитимділікті нақты тиімділіктер арқылы иелену. Тұрғындардың негізгі 
тобының күткені ең алдымен экономикалық реформа табыстарына байланысты 
мынадай жетістікке жетуде оңай емес. Сондықтан бұл көбінесе уәделер түрінде 
кездеседі. 
- өз жағына консервативтік элементтерді тарту, түрлі институттарды өз 
қатарына тарту, сөйтіп бірте – бірте реформа жүргізуге мүмкіндік алу. 
- саяси билік өкілдері мен көздерін кеңейту. Демократиялық жүйеде билік 
көздері жалпы таныған конституцияда құқықтық бейнеленген өткізу нормасы 
болып табылады. 
Ұқсастықтар дағдарысы. Соңғы он жылдағы өзгерістер адамзат тарихында 
бұрын қайталанбаған әлеуметтік кеңістікте транзиттік (өтпелі) жағдайды 
туғызды. Бұл дегеніміз адамдардың өмір салтына үйреншікті болып қалған 
дәстүрлі (кеңістік мағынасындағы) құндылықтардың күйреуі, жаңа заман 
ұсынған құндылықтар жүйесін адамдардың қабылдауға тиістілігі мәселесін 
туындатты. Сөйтіп, жағдайлар қоғамдағы азаматтардың жаңа әр түрлі 
әлеуметтік топтарға жіктеп, оларды жаңа критерийлер мен бағалаудан өткізе 
бастады. Бұрынғы ұқсастықтың орнына оның жаңа типтегі түрлері келе 
бастады. Әлеуметтік мәртебесі жоғары делінген құндылықтар барынша өз 
маңыздылығын жойып, нарыққа байланысты туындаған жаңа түсініктер келе 
бастады. Бұл кезеңдегі жағдайды К.Л. Сыроежкин былай сипаттады: 
«...коммунистік идеялар күйреген және өзіндік идеологиялық вакуум туған 
кезеңде қоғамдық өмірде заңды түрде ұлттық құндылықтарға қайта оралумен 
байланысты этникалық аспектілер күшейе түсті». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет