Тұрғындардың миграциясы адамзат дамуында үлкен әрі жан-жақты роль
атқарады.
Адамдардың
қоғамдағы
өзгерген
тіршілік
жағдайларына
бейімделуінің бір формасы бола отырып, миграциялар жекелеген елді-
мекендерден бастап, тұтас континенттерге дейін әлем тұрғындарының
географиясына, құрылымы мен динамикасына әсер етеді. Өткен уақыттарда
табиғи және әлеуметтік-экономикалық әр түрлі себептер бойынша адамдардың
үлкен көлемде жаппай қоныс аударғаны белгілі. Сонымен бірге, Америка мен
Австралия тұрғындарының басым бөлігі иммигранттар ұрпақтарынан
құралатыны да бәрімізге белгілі.
Қазіргі миграциялар күрделі әлеуметтік процесті бейнелейді. Олар өндіргіш
күштердің даму деңгейімен және олардың әртүрлі аудандарда орналасуымен
тығыз байланысты. Тұрғындардың жылжымалығының жоғары деңгейі жұмыс
күшін толық пайдалануды, оны индустриалды орталықтар мен игерілетін
аумақтар арасында қайта бөлуді қамтамасыз ете отырып, экономикалық
прогреске жағдай жасайды. Мамандар «тұрғындардың жылжымалылық деңгейі
ел дамуының жалпы деңгейін де бейнелейді» деп атап көрсетуде
(Экономическая и социальная география России, с.70).
Сонымен қатар, миграцияның нәтижелері қарама-қайшы, себебі көп
көлемдегі мигранттар ағыны жұмыссыздықтың өсуінің себебі болуы,
әлеуметтік құрылымға қысым көрсетуі немесе криминалдық элементтердің
шоғырлануына жағдай жасауы мүмкін. Москвалық үкімет осыдан қорқа
отырып, келгендерді тіркеуге алуды жоюға қарсы болуда. Адамдар санының
азаюы және тұрғындардың көп көлемде кетуі салдарынан аудандардың
экономикалық құлдырауы да миграцияның теріс жақтары болып табылады.
Миграция мигранттардың көшіп кету ауданында да, қоныстану ауданында
да тұрғындардың демографиялық құрылымының өзгеруіне әкеп соқтырады.
Тұрғындардың ең жылжымалы бөлігі еңбекке жарамды жастағы тұрғындар
болғандықтан, көшіп кету аудандарында тұрғындардың табиғи өсімінің
қарқыны төмендейді және ол кету ағынын ғана емес, табиғи өсімнің қысқаруы,
тұрғындардың «қартаюы» есебінен де жүреді. Мигранттардың келу
аудандарында тұрғындар саны жоғары қарқынмен өседі, маманданған жастық
құрылып қалыптасады және бұл құрылымда еңбекке жарамды жастағы
тұрғындар, әсіресе жастардың үлесі орташа көрсеткіштен жоғары болады.
Сонымен қатар, тұрғындардың ер адамдар бөлігінің жоғары жылжымалылығы
салдарынан мигранттардың келу аудандарында маскулинизация жүреді.
Миграцияның әсерінен тұрғындардың орналасуы және қоныстануы, әлеуметтік
құрылымы, этникалық құрамы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: