Біркелкі аумақтағы моноцентриялық агломерациялар сәулелері – транспорт
бағыттары бар теңіз жұлдызы түріне ие. Мысалы, Мәскеу агломерациясында
мұндай сәулелер 11, ал Санк – Петербургта – 6. Өзендердегі және теңіз
жағалауларындағы агломерациялар шығыңқы формаға ие (Волгоград, Пермь).
Агломерацияға орталық пен периферия арасындағы маятниктік еңбек
миграциялары тән. Мысал ретінде
Мәскеу агломерациясын алсақ, Мәскеуге
жұмысқа күн сайын 700 мың, ал Мәскеуден облысқа 200 мың адам шығады.
Дамыған елдердегі агломерацияларда субурбанизация процесі, яғни
орталыққа қарағанда қала маңындағы елді – мекендердің тез өсуі байқалады.
Бұның бірқатар себептері бар: орталықтардағы жер учаскесінің және тұрғын
үйдің бағасының өсіп кетуі;
нашар орта; қала маңындағы зоналарда көлік
қозғалысынң жеңіл болуы т.б. Агломерациялардың орталықтары маргиналды
тұрғындардың мекеніне (АҚШ – та олар негрлер, мексикалықтар,
пуэрторикалықтар т.б.) айналып барады. Тұрғындардың қала маңындағы елді –
мекендерге қашуы өндірістің сонда ауысуына әкеп соқтырады.
Дамыған елдерде агломерациялық
процестер жалғасуда, яғни жекелген
агломерациялар бірігіп мегалополистер (грек: megalu – «үлкен», polis - «қала»)
айналуда. АҚШ – та мұндай мегалополистер үшеу: Солтүстік – Шығыс немесе
Атланттық (Бостон Вашингтон), оның ені 200 км – ге, ұзындығы 1000 км – ге
созылады, тұрғындар саны 50 млн адам; Көлдер маңы (Чикаго – Питтсбург) –
40 млн адам; Тынықмұхиттық ( Сан – Франциско – Сан – Диего) – 20 млн адам.
Алайда жапон мегалополисі Токайдо «лемдегі ең ірі болып саналады, мұнда
60 млн адам, яғни ел тұрғындарының жартысы тұрады.
Батыс Европада да көлемі жағынан кіші болғанымен бірқатар
мегалополистер бар. Англияда Лондон, Бирмингем, Ливерпуль және Манчестер
агломерациялары бір мегалополиске бірігіп кеткен, бұл жердегі тұрғындардың
жалпы саны 35 млн адам. Париж, Амстердам және Кельн қалалары арасында,
Францияның солтүстігін, Бельгияны, Нидерландыны
және Германияның Рейн
маңындағы ауданын қамти отырып, мемлекетаралық мегалополис қалыптасуда.
Осылайша, урбанизацияның жаңа формалары – территориялар, белдеулер,
зоналар қалыптасады, оларда ауыл мен қала арасындағы шекара жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: