2. Саяси конфликтің қызметтері мен түрлері.
Шиеленістің себептері түрлі
болуы мүмкін. Мысалы әлеуметтік шиеленістің себептері:
- бірінші себеп адамдардың теңсіздігі. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі,
қызметі, билікке қатынассы әртүрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға
бағынады, дегендерін істейді. Бұл жөнінде Дарендорфтың пікірі белгілі: «Бұл
қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің
коммунистік қоғамды таптар болмайды, одан дау-дамайлар болмайды деген
бекер сөз».
- екінші себеп – қажетттілік, мұқтаждық, талап-тілектің өтелмеуі немесе
қанағаттандырғысыз өтілуі жатады.
- үшінші себеп – адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни
және т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын
айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне
қысым жасайды деп ұғады. Мысалы, Ресейдің кейбір халықтары Солтүстік
Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебек провинцияны, Испаниядағы
баскілер және тағы сол секілділер.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістердің төртінші себебін
адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар
туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі,
шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың
ішікі сезімдерінің жетілмегендігі.
Шиеленістер қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Әлеуметтік
бақылауға алынған шиеленіс, адамдар, топтар арасында пайда болған дау-
дамайларды уақытында ұшықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді.
Әлеуметтік шиеленістер сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар,
ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі және арасында
кездеседі. Олар әртүрлі топтастырылады, жіктеледі. Мысалы, оларға
қатынасатын субъектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер
арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық,
идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберіне
қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антагонистік
және антагонистік емес, негізгі және негізгі емес етіп те бөліп жүр.
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді.
Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында
қиындықтар пайда болды. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі.
Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау,
адамгершілік тәртіптер бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы
жақтық алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспушіліктерін білдіре
бастайды. Келесі келіспеушілік, назарылық ашық айтылып, алғашқы
қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның назарын дұрыс
деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халық
бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мындай кикілжіңде басқарушы
төбе топтық әртүрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік
туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластың, қақтығыстар болуы
мүмкін. Екі жақтың арасында ашық қарсыластық қақтығыстар болуы мүмкін.
Екі жақтыда көптеген адамдар қолдап, дау-дамайлық шеңбері кеңиді. Егер
мұның бәріне жол жабылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетті түрден шығуы,
қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы,
грузин-абхаз шиеленістері сияқты.
Шиеленістердің құрылымы:
- қақтығысты тудырушы тараптар (қатысушылар);
- (әлеуметтік, саяси, психологиялық, идеологиялық, экономикалық);
- салдары.
Шиеленістердің конструктивті қызметтері:
- ақпараттық-танымдық (қақтығысқа қатысушылардың позицияларын
тануға мүмкіндік береді);
- интегративтік (қақтығысқа қатысушыларға өзара келісім нүктесін табуға
көмектеседі);
- әлеуметтік дифференциялдық (қақтығысқа қатысушылар арасында
сенімсіздік, күмән туғызу);
- бейімделуге жағдай жасау.
Шиеленістердің деструктивті қызметі:
- күш қолдану;
- қоғамдағы тұрақтылықты бұзу;
- тиімсіз шешімдер қабылдау.
Шиеленістердің түрлері:
Субъектілер бойынша:
- тұлғалар арсындағы;
- топ ішіндегі;
- топтар арасындағы;
- халықаралық.
Әрекет ету масштабы бойынша:
- микроконфликтілік;
- макроконфликтілік.
Жалғасу уақыты бойынша:
- қысқа уақыттық;
- ұзақ уақыттық.
Салдары бойынша:
- конструктивтік;
- деструктивтік.
Мақсаты бойынша:
- аз зұлымдық;
- амбициялар.
Қоғамдағы сфералары бойынша:
- экономикалық;
- саяси;
-әскери;
- әлеуметтік-мәдени.
3. Саяси шиеленісті шешу жолдары
. Біраз жағдайда билік басындағылар
қайшылықтарды басқаша да байқамаған сынай білдіреді. Ондайда кикілжің
бықсып, танып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан шиеленсіті
шешу керек. Бұрын ондай екі жолмен құтылып келетін, біріншісі – қоғамның
«таза» даму қисынды сәйкес келмегенде өз арасынан аластап, сыртқа
ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді, екіншісі – керексіз жағдайды,
құрылымды басып-жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келеді. Екеуінде де
қайшылық шешілген сияқты алдамшы түсінік туады. Ал, шын мәнінде, бұл
ауруды ішіне тыққанмен бірдей.
Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады.
Оның екі жолы бар.
1. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-
жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымырыға келуін
айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ
келісімге келуге тырысады.
2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші
айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып
жібергенде туады.
Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі – келіссөздер. Ол арқылы қарсы
жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады,
келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның
мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және зерттеп білген жөн.
Саяси шиеленістің заңды түрі. Қоғамдағы саяси шиеленіс көбіне заңды
оппозицияның бар жағына да байланысты. Бұрынғы кеңес заманында
көппартиялық пен оппозицияға қалыпты жағдайдан тыс, екі нәрсе сияқты
қарайтын. Ал демократиялық елдерге олар қажетті шарт. Олар болмаса, билік
органдарына сенімсіздік туады, олар бюрократияланады. Оппозицияда әр
топтың талап-тілектері, көзқарастары ескеріледі. Сондықтан ағылшын
философы Джон Милль демократиядан оппозицияны алып тастаса, диктатура
қалады деп тегін айтпаған.
Дегенмен, шиеленіс болған соң одан қайткен күнде де шығу керек. Ол
азаматтық келісім негізінде шешілуге тиіс. Оның екі жолы бар. Біріншісі –
араздық, жаулық, күдіктілік қалпын бұзып, сенім жағдайда туғызу. Екіншісі –
барлық деңгейде адамдардың қарым-қатынас тетіктерін қалыптастыру. Зорлық
зорлықты тудырады. Сондықтан одан аулақ болып, өркениетті жол іздеген
абзал.
Америкалық саясатшы Г. Райфф әрбір есі дұрыс адам ортақ мүдделер
тауып, шиеленістерді реттей, жөнге келтіре білуі керек деген. Батыстың
тәжірибесі және адамның еркіндігіне, қоғамның ашықтығына, заңның билігіне
негізделеді. Біз үшін олардың бәрін толық орындай қою әлі қиын. Бірақ соған
тырысқан жөн. Себебі, олар ел тағдыры үшін маңызды шарттар.
Сонымен саяси шиеленістер қоғамның дамуына тән қасиет. Олардың
жекелеген түрін ғана қиратып, бүлдіруге әкеледі. Олай болмау үшін өсіп келе
жатқан дау-дамай, кикілжіңдерді дер кезінде ашып, реттеген, одан да жақсысы,
олардың алдын алған ләзім.
Достарыңызбен бөлісу: |