Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович


Дәріс 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе



Pdf көрінісі
бет4/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

Дәріс 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе 
 
Дәріс жоспары: 
1. Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. Дюркгейм, Г. 
Спенсер). 
2. Құрылымдық функционализм, қақтығыс теориялары, символдық 
интеракционизм, рөлдік теориялар. 
 
Әлеуметтану – қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму 
заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, 
қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың 
рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының 
институты.
Әлеуметтану (XIX ғасырдың, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым 
болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық 
дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, социологияның кеш 
пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар 
болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың 
шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, 
тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның 
даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Әлеуметтанудың 
дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыста француз философы 
Огюст Конттың есімімен байланысты (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы 
позитивистік философияиың негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы 
жылдары «Позитивті философиянын курсы» деп аталатын 6 томдық еңбегі 
жарық көреді. Міне осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары 
айтылады. Мәселен, осы еңбегінің 3-ші томында алғаш рет Конт «социология» 
деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын кояды. 
Міне осы пікір социологияның ғылым ретінде пайда болып, дамуына негіз 
болады.
Әлеуметтану 
ғылымының 
даму 
ерекшеліктері 
тарихи 
тұрғыдан 
баяндалатын бұл кітапта авторлар әлеуметтану ғылымының өзекті мәселелерін 
классикалық және қазіргі көзқарастармен ұштастырған. Кітаптың бірінші 
бөлімінде ежелгі дәуірдегі әлеуметтік ой мен сол кезең өкілдерінің 
көзқарастары, әлеуметтану ғылымының негізін салған ойшылдардың 
өмірбаяны мен басты идеялары, екінші бөлімінде қазіргі әлеуметтану 
теориясының негізгі мектептері туралы сөз болады. Құрылымдық 
функционализм, структурализм, неомарксизм, символикалық интеракционизм, 
этнометодология, айырбас, желілік, рационалды таңдау, қазіргі феминистік, 
микро, макроинтеграциялық және басқа да теориялар әлеуметтану ғылымының 
көппарадигмалық мазмұнын жан-жақты көрсетеді. Ал қорытынды бөлімде 
модерннен постмодернге дейінгі және одан кейінгі модерннің заманауи 
теорияларына терең шолу жасайды.
Әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін 
қалаған француз ғалымы Огюст Конт ( 1798–1857) еді. Бұған дейін қоғамның 


өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс 
ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының кұрамдас бөлігі іспетті 
қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, 
бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат. мораль, ғылым, дін, 
өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, 
Еуразияның орта ғасырлық және Жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде 
баяндалған болатын. Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның 
біртутастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да 
проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық 
жақтарын карастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, 
мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты 
проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген 
ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады. Алайда, қоғам дамуына 
байланысты оның жекелеген салалары жөніндегі білімнің жинақталуына орай, 
әлеуметтану бір ғана қоғамдық әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп 
жоғалтты. Оның құрамынан саясаттану, құқықтану, саяси экономия, этика, 
эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан, яғни XIX 
ғасырдың ортасынан бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, 
бұл жағдай, біріншіден,өзінен белініп шыққан білім салаларына қатысты болса, 
екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді. 
Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде 
қарастыру, оның, объективті жене субъективті жақтарының өзара әрекеті, 
тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы, әлеуметтік 
прогрестің алғышарттары, азаматтық қоғам, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік 
проблемалары, сайып келгенде,осының бәрі әлеу-меттанудың назар аударатын 
және зерттеу пәнінің іргесін қалайтын бірден-бір жол болды. Соның 
нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған 
бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты. Сол көзкарастардан 
көпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, 
Герберт Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль Дюркгейм, Макс Вебер, 
Габриель Тард, т.б. әлеуметтану шылардын әлеуметтік теориялары болатын. 
Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде 
тусіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі 
тұжырымдамалары өмірдің және ғылымнын алға қойған сауалдарына бірегей 
және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі 
әлеуметтік проблемаларды шешуде де өздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. 
Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын 
дүниетанымы мен методологиясы – философия мен әлеуметтанудың әрдайым 
органикалық, байланыста болатынын көрсету. Сонымен қатар, бұл ғылым 
салалары өз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың дербестігін 
кезінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап көрсеткен еді. Ол 
өзінің «Әлеуметтану әдісі» деген еңбегінде «Әлеуметтану ерекше жене жеке-
дара ғылым» екенін жазып, онын әлеуметтік фактілерді обьективті зерттеуге 
бағытталғаның түсіндірді. Әлеуметтанудың ғылыми сипаты мен мазмұны 
жөніндегі осындай байыпты пікірді қазіргі көптеген белгілі әлеуметтанушылар 


ұстанып отыр, солардың арасында П. Лазарсфельд, Роберт Мертон, Толкотт 
Парсонс, т.б. бар. Олар әлеуметтануды философиялық ғылым деп сыңаржакты 
пікір білдірген емес. Алайда, олар көптеген әлеуметтік құбылыстарды 
түсіндіруде философиялық дәлелдемелерге жүгінеді, соның ішінде позитивизм, 
прагматизм, интуитизм, т.б. солар сияқты ағымдарға сілтеме жасайды. Ол 
орынды нәрсе. Өйткені қайсыбір қоғамдық құбылысты әлеуметтік терең 
зерттеу логикасының өзі сол талдау мен сараптаудан туындайтын 
корытындыларды философиялық ой елегінен өткізуге әкеліп соқтырады. 
Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану – тұтас әлеуметтік жуйе күйіндегі, қоғам 
жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементгері туралы өз 
алдына дербес ғылым. Кез келген қоғамдық құбы-лыс қоғамның әлеуметтік 
жүйесінің элементі болып саналады. Осы жуйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік 
құбылыстар мен процестер, олар-дың өзара бір-бірімен әрекеті ғылыми 
сараптаудан өтеді. Қоғам жүйесі түзілім ретінде өзінің элементтерімен және сол 
элементтердің кез келген жиынтығымен салыстырғанда ғана ерекше сапаға ие 
болады. Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша. Тұтастық өзі қамтитын 
бөліктердің жиынтығынан әлдеқайда үлкен. Оның элементгері интегративтік 
тиімділікке жетіп, тұтастық жаңа сапаға ие болады. Бұл жаңа сапа-лар 
қоғамның жүйесі ретінде белгіленеді. Қоғам осы сапаларға байланысты өзін 
қалыптастыратын субьектілерден, әлеуметтік институттардан, қоғамдық өмір 
салаларынан, т.б. сол сияқтылардан дербестігін сақтап қалады. Ең алдымен 
қоғамнын өмір суру механизмдерін зерттейтін, түрлі субьектілердің өзара 
әрекетін зерделейтін, ұйымдар мен әлеуметтік институттарды қарастыратын 
әлеуметтану ғылымы баяндалған жағдайды ерекше белгілеп, делеллейді. 
Әлеуметтану сондай-ақ, қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды 
зерттейді. Әлеуметтану – қоғамдық құбыластардың беймәлім жақтарын 
зерделеп, социумда қалыптасқан алеуметтік қатынастарды адам факторымен 
ұштастырып қарастыратын ғылым. Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да 
бірнеше қоғамдық ғылымдар: тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз 
ағымына сәйкес зерделеп, зерттейді. Будан: сонда әлеуметтану қоғамның несін 
зерттейді? – деген занды сауалдын тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, 
оның пәнін, яғни зерттеу такырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әртурлі ой-
пікірлерді ұсынар едік. Ғалымдардың өз ішінде осы мәселе жөнінде әлі күнге 
дейін тұрақталған пікір жоқ. Бұл мәселеде әркім өз көзқарасын жөн санайды. 
Дегенмен, әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сәйкес ғалымдарды 
екі топ пен бағытқа бөліп қарастыруга болады: 
1) әлеуметтанудың зерттеу тақырыбын өз зерттеу қорытындыларымен 
байланыстырған оқымыстылар; 
2) элеуметтану пәнінен осы ғылымның ең басты ұғымын тауып, сол пәнге 
айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар. Демек, әлеуметтанудың пәні деп 
отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары. құпия жақтары, яғни 
олардың арасындағы қатынас-тар, байланыс механизмі мен құрылымы, 
әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен 
адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, 
бұлардың өмірде байқа-луы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер 


және олардың натижелері. Әлеуметтанудың обьектісі мен пәні оның білімдік 
құрылымы мен деңгейлерін анықтайды. Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған 
объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бір-ліктері 
(отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институт – тар, мемлекет, т.б.), тіпті 
адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар 
зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. 
Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы 
алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады «Әлеуметтік» деген ұғымға 
ғылыми терең анықтама, түсінік берген Карл Маркс пен Ф. Энгельс болды. 
Олар қо-ғамды, ондағы үдерістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды 
қолданды. Бірі – «қоғамдық», екіншісі – «әлеу-меттік», Маркс пен Энгельс 
қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», 
«қоғамдық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қаты-
настарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қо-ғамдағы жағдайын, 
ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең 
қолданьп, осыған сәйкес «әлеуметтік 9 қатынастар» ұғымы туралы айтқан. 
«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың 
жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі 
бір тобының белгілі бір іс,кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде атқарған 
қызметте-рінде байқалады. Категориялардың негізінде әлеуметганудың 
заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. 
Бүған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: 
- «әлеуметтік жүйе»; 
- «әлеуметтік байланыс»; 
- «әлеуметтік қатынас»; 
- «әлеуметтік процесс», «әлеуметгік тұлға»; 
- «әлеуметгік бірлік»; 
- «әлеуметгік құрылым», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт»; 
- «әлеуметтік бақылау»; 
- «әлеуметтік басқару»; 
- «әлеуметтік ережелер» (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); 
- «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «статус», «әлеуметгік 
тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», 
«әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», 
«әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б. категория-лардың 
көмегімен нақтьлы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады.
«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық ең-бектің бөлінуінің 
реттелген жүйесі жене осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы 
адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі. «Қоғамдық 
сана». Бұл қоғамның рухани құрылымының жиынтығы. Қоғамдық сана 
руақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол 
жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» – адамдардың ортақ мүдде-
талаптарына, құндылық-бағалықтары мен сана-ережелеріне қарай бірлесуі; 
«әлеуметтік жіктеу» – бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметгік 
теңсіздік; «тұлға» – бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану 


тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдар ды қолданады. Әлеуметтік 
құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді 
анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей 
реттелуі басқарылуы арқылы белгіленеді. «Әлеуметтік нормалар» (ережелер) 
қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы. Тұлғалык, 
ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т. б – бұлар адамдардың әлеуметтік 
белсенділіктерінің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл», яғни 
атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» – адамның қоғамдағы орны мен 
жағдайы, т.б. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестер-дің бес 
негізгі заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» 
қүбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді. Әлеуметтік 
құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. 
Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың езгеруін талап 
етеді.
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, 
қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те 
аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы 
байланысын, қатынасын бейнелейді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды 
бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол 
қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу 
мүмкіндігін білдіретін ықтималдылық заңы.
5. Әлеуметгік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы 
байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеу-меттану жалпы теориялық 
ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық 
өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл – көпжақты әлеуметтік 
байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам 
болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, 
әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі 
әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар 
таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық, топтар, бұларға қоса 
жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа да 
ұжым-дар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар болуы да 
мумкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны – жеке тұлға, оның 
қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның бас-тапқы ұясы 
ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-психологиялық 
байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған муддесіне, 
қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т.б. болуы әбден 
мумкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі обьектісінің 
шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжакқты. Бұл жағдай оның білімдік 
құрылымын анықтауга мейлінше көмектеседі. Әлеуметтану білімінің, 
құрылымы – қоғамдық құбылыстар мен процестер жөніндегі ақпараттардың 
және ғылыми түсініктер мен ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл – ең 


алдымен әлеуметтік жуйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын 
қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым – 
әлеуметтік түрлі денгейдегі процестер. жекс адамдар, әлеуметтік топтар немесе 
тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, 
теориялар жуйесі. Әлеуметтанулық түсініктер мен ғылыми білім, әсіресе оның 
құрылымы көп жағдайда бірнеше факторларға байланысты қалыптасады, соның 
ішінде әлеуметтану зерттейтін обьектілер шеңбері, ғылыми нәтижелер мен 
қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылыгы ерекше болады. Осы 
айтылғандарды саралайтын болсақ, қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретінде 
кқрау жөніндегі білім әлеуметтану ілімінің бастауы болып саналады. Бұл – 
қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланыс 
механизмі туралы білім. Табиғатты және қоғамдық қаты-настардың мәнін 
тусіну қоғамда қалыптасқан әлеуметтік субьектілердің өзара әрекетінің 11 
мәнін терең пайымдауға мумкіндік береді. Қоғам туралы білім – оның 
дамуының обьективті заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі 
түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани 
мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойына жинап, сінірген. Ел 
ішінде тұрып жатқан халықтың әлеуметтік кұрамы мен қоғамның әлеуметтік 
құрылымы жөніндегі білім де әлеуметтану білімінің маңызды бөлігі болып 
саналады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші, кәсіби және 
демографиялық топтар, олардың экономикалык және саяси қатынастар 
жүйесіндегі орындары мен өзара іс-әрекеттері, сонымен қатар ұлттар, ұлыстар, 
басқа да этникалық топтар және олардың ара-сындагы бірбірімен қатынастары 
жөнінде болып отыр. Әлеуметтану білімінің келесі бір құрылымы – ол саясат 
әлеуметтануына жататын ғылыми тусініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда 
әлеуметтану саяси қатынастар, әсіресе өкімет билігі төнірегіндегі қатынастар 
жүйесіндегі қоғамның әр турлі әлеуметтік топтарынын накты жағдайын 
анықтауга назар аударады. Қоғамдағы әлеуметтік институттардың, атап 
айтканда, мемлекеттің, құқықтың, шіркеудің, ғылымның, мәдениеттің, неке мен 
отбасының, т.б. атқаратын кьізметі жөніндегі әлеуметганушының ғылыми 
тусінігін және қорытындыларын жүйелеу әлеуметтану білімінің келесі 
құрылымы болып есептеледі. «Әлеуметтануда әлеуметтік институт дегеніміз 
бұл белгілі бір уақыт кезенінде тұрақтылықты сақтайтын және бүкіл әлеуметтік 
жүйе тұрақтылығын қамтамасыз ететін адамдар кызметінің торабы. Әбір 
ерекше «торап» қоғамның өмір сүруінде маңызды рөл атқарады». Өзара әрекет 
ету арқылы байланыса отырып, олар қоғамның алға басуын, өмір сүруін 
қамтамасыз етеді. Әлеуметтанудың зерттеу обьектілеріне орай, әлеуметгану 
білімі құрылымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, 
өндіріс ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар 
жеке тұлғааралық қатынастардың кіші топтары мен жекелеген тұлгалардың 
тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар 
қалыптасқан. Жоғарыда келтірілген әр турлі әлеуметтік құбылыстар мен 
процестер төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен 
теориялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметгану білімінің құры-
лымын қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірдің бүкіл жақтарын, оның са-


лаларының өзара байланысын және өзара әрекетін қамтып көрсетеді, түптеп 
келгенде, қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда бейнелейді. 
Осының бәрі ғылым және оқу курсы ретінде әлеуметтанудың құрылымын 
құрайды. Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен 
көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың аукымына орай 
жекелеген денгейлерді ажыратып айтуға болады. Әлеуметтанулық білімнің 
деңгейлері мыналар: 
– жалпы әлеуметтанулық теориялар, немесе 
жалпытеориялық әлеуметтану: 
- арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар деп те 
сипаттайды; 
- нақты әлеуметтанулық зерттеулер.
Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық 
құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын 
қорытындылардың маңыздылығын байқатады. Жалпы әлеуметтанулық 
теориялар макро әлеуметтанулық зерттеу ретінде, әдетте, тым тереңдетілген 
немесе әлеуметтанушылар айтқандай, қоғамның және жалпы тарихи процесс 
дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы әлеуметтанулық теориялар 
деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен одан әрі 
жалғасуының аса түбегейлі себептері, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. 
жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалады. Жалпы теориялық денңейде 
адамдардың қоғамдық, сонын ішінде өндірістік қызметінің теориясы 
қалыптасады, қоғам дамуындағы еңбектін ролі ерекшеленеді. Қогамдык 
қатынастар теориясы – әлеуметтік субъектілердің экономикалық, саяси, 
құқықтық, адамгершілік, эстетикалық, діни, т.б. арақатынастарының табиғатын 
және мазмұнын ашатын жалпытеориялық әлеуметтанудың маңызды тарауы 
болып табылады. Жалпы әлеуметтану теориялары денгейінде әрбір әлеуметтік 
құбылыс, оның қоғамдағы орны және рөлі, оның басқа да құбылыстармен 
көпжакты байланыстары тұтастай көзқарастар, кең көлемді әлеуметтік 
алғышарттардың өзара әрекет ету жуйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған 
жоғарыда келтірілген қогамдық қатынастар мен қоғамдық өмір салалары, 
сонымен қатар қоғам дамуының объективті заңдары жатады. Жалпытеориялық 
әлеуметтану, жалпыәлеуметтану теориялары жуйесіндегі қоғамдық құбылыстар 
мен процестерді зерттеудің мәні мен негізгі ерекшелігі, міне, осында. 
Әлеуметтік білімнің негізгі құрылымы тұжырымы, қағида, бағыттары мьшалар: 
1. Қоғам біртүтас әлеуметтік жүйе. Бүл түжырым, өзінің зертгеу 
объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін^ олардың мазмұнын зерттейді.
2. Қоғамның жеке салаларының дамуын, атқаратын қызметі туралы 
түсініктердің байланысын – экономикалық, саяси, рухани, т.б. салаларын, әрбір 
салада жеке тұлғаның немесе әлеуметтік топтардың қызметінің әлеуметтік 
қалыптасу мүмкіндігін зерттейді.
3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы немесе жалпы әлеуметтік құрылым 
туралы білімді қалыптастыру үшін әлеуметтік топтардың экономикалық, 
әлеуметтік, саяси, рухани қатынастар жүйесінде алатын орны мен байланысы 
туралы білімдер болуы керек. Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз – үлкен 


топтар, кішігірім топтар, кәсіби амандандырылған топтар, демографиялық және 
этникалық топтар.
4. Саяси әлеуметгануға кіретін алуан түрлі ғылыми түсініктер, ой-пікірлер, 
теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері: 
а) әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны; 
ә) қоғам субъектілерінің әлеуметтік-саяси құқық жә-не бостандықты, 
тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы; б) қоғамның саяси 
жүйесінің құрылымы, қызметі және функциясы туралы; 
5. Әлеуметгік институттардың (мемлекет, құқық, ғылым,мәдениет, отбасы, 
т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар;
6. Қоғамның жеке салаларының және кішігірім жүйесінің қызметтері 
туралы теория. Оны мынаңдай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: 
өндірістік ұжымдар, ресми емес топтар мен ұйымдар, адамдар арасындағы 
кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді.
3. Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді 
орындайды: 
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, 
әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, 
зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті 
мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, 
жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен 
нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз 
болуына байланысты; 
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға 
мүмкіндік береді; 
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы 
жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің 
әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді 
қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ 
пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен 
бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік 
жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.
4. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол 
қоғам туралы жалпы ғылым бола оты-рып, оның жалпы даму заңдарын ашып, 
тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қо-
ғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондық-тан әлеуметтанудың 
жалпы қоғам даму заңдары бұл ғы-лымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде 
саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшінші негізгі 
түрі – ол нақтылы ғылымдармен тығыз жа-қындасып, байланысу арқылы, 
ғылыми арнайы тұжырым-дық база қалыптастырады. Басқа ғылымдардың 
әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметганудың 
ғы-лыми категорияларын (жалпы үғымдарын), қағидаларын, заңдарын, 
нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан бай-қаймыз. Екінші жағынан, 


әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларын, тұжырымдамаларын, т.б. толық 
дәледдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне 
деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа 
қорытындылар жасап, орын алып отырған қай шылықтарды жұмсарту немесе 
жою жолдарын, қоғамның даму тенденцияларын (беталысын) анықтайды. 
Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады. Әлеуметтанудың басқа 
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның 
өзіне ғана тән әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, құбылыс, про-цестерді 
зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, 
құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б. Жоғарыда көрсетілген 
алуан түрлі әдістерді кеңінен қол-дана отырьп, әлеуметтану білімнің жаңа 
қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы 
танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше 
құрылымы, түрі және деңгейлері болады. Бұл мәселе жөнінде әзірше 
әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған. 
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу,. түсіңдіру, ұғындыру 
білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, 
талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір 
туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. Екіншіден, 
әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, 
қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал 
етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы 
саласын құрайды. Әлеуметтану әмбебап философия жуйесінен бөлініп, жеке 
ғылым болып дамығанына қарамастан, өзінің философиялық мазмұнын әлі де 
толық жойған емес. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау 
және барынша терең зерттеу жургізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге 
мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпытеориялық әлеуметтану өзінің іргелі 
ережелерімен және байыпты қорытындыларымен де, философиялық ғылым 
тұрғысында да көзге тусіп келеді. Сөйтіп, философиялық алғы шарттарга 
сәйкес жалпы теориялық әлеуметтану қалыптасты. Кейбір философиялық 
тұжырымдамаларға, жетекші рөл атқарып келген белгілі бір дүниетанымға 
жалпыт еориялық әлеуметтану арқа суйейді. Бұл тұжырымдаманың 
ұстанымымен мына меселелер: қоғам дамуының қозғаушы күштері 
проблемалары, әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері, тұлғалардың өзара 
әрекеті, әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы, тарихи дамудағы 
материалдық және рухани дуниенің өзара әрекеті, яғни қоғам өмірі мен 
дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Оларды шешу методологиясы, 
дәлірек айтсақ, басқа да әлеуметтану проблемаларын жузеге асыруды қажет 
етеді, соның ішінде жалпыламалыққа біршама қатысты болганымен, жеке 
сипаттағы мәселелерді шешуді колға алады. 
«Институт» ұғымы – әлеуметтанудың бірден бір өзегі, сондықтанда 
әлеуметтанушылардың 
алдында 
тұрған 
міңдет 
институционалдық 
байланыстардың қызметін зерттеу. «Әлеуметтік институт» термині әртүрлі кең 
мағынады қолданылады. Ен бірінші болып әлеуметтік институтқа анықтама 
берген американ социологы және экономисті Т. Веблен. Оның қарастыруынша 


қоғам эволюциясы әлеуметтік институттардың табиғи сұрыпталуына алып 
келеді. Өзінің табиғаты бойынша олар сыртқы өзгерістерге икемделген 
жоғарғы қабілеттегі бейнеде болады. Келесі американ әлеуметтанушысы, Ч. 
Миллс, институттын негізінде кейбір әлеуметтік ролдердің жиынтығының 
формаларын түсіндірді. Институттдарды ол яғни институционалдық тәртіпті 
қалыптастырудағы атқатартын міңдеттеріне байланысты класстарға жіктеді. 
Неміс социологы А. Гелен институтты ретке келтіруші кәсіпорын ретінде 
қарастырды, адамдар жануар тәрізді әрекетіне сай белгілі бір салаларға 
бағытталады да, ал институт жануарлардың тәртібін бақылап отыратыны 
тәрізді. Больвенің пікірінше, әлеуметтік институт – нақты әлеуметтік 
қажеттіліктер немесе мақсаттарын қанағаттандыруға бағытталған, мәдени 
элементтердің жиынтығы. Д ж. Бернард және Л. Томпсон институтты ережелер 
мен үлгілердің жиынтығы ретінде қарастырады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, 
сенім, заңдардың ерекше мақсат пен ерекше функцияларды атқаратын күрделі 
конфигурациясы. 16 Отандық әлеуметтану әдебиеттерінде әлеуметтік институт 
көптеген индивидуалды адамдардың әрекеттерін координациялап және 
интеграциялайтын, қоғам өмірінің арнайы салаларына әлеуметтік қатынастарды 
тағайындап отыратын, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі компоненті 
ретінде анықталады. Егер жоғарыда айтылған әртүрлі ойларды жинақтап бір 
қорытынды шығарар болсақ, әлеуметтік институт: – ережелер мен статустарды 
қамтитын ролдік жүйе; – салт-дәстүр, әдет-ғұрып және тәртіп ережелерінің 
жиынтығы; – формалды немесе формалды емес ұйымдар; – қоғамдық 
қатынастардың ерекше салаларын реттеп отыратын кәсіпорындар мен 
ережелердің жиынтығы; – әлеуметтік әрекеттердің күрделенген кешені. 
Әлеуметтік институттар-жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсілдерінің 
жүйесін, әлеуметтік бақылау құралдары мен топтардың әрекетін, қоғам 
мүшелерінің әлеуметтік өмірін реттеп, қамтамасыз ететін жүйесін білдіреді. 
Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар-бұл жеке адамдардың белгілі бір 
жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік 
институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске 
асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін жаттығуларына байланысты 
бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және міндеттерді бөлумен 
айналысатын мекемелер жатады. Саяси институттар-билікке күресумен оны 
іске асырумен, бөлумен айналысатын мекемелер. Әлеуметтік институттардың 
дамуы келесі басты варианттарда білінеді. Бірінші, жаңа әлеуметтік 
институттардың пайда болуы. Бүгін, бұрынғы СССР халықтарында мынадай 
маңызды институттар пайда болады: әскер, қаржы, дипломатия. Көптеген 
халықтар әлеуметтік институттар арқылы жоғарғы білім алатыны күмәнсіз. 
Екіншіден, құралған әлеуметтік институттарды жаңарту.
а) құралған әлеуметтік институттарда көбінесе дамуы ішкі дифференцияция 
арқылы өтеді, байланыс функцияларын мамандандыру, мекемелерді. Ескі 
институттарды дифференциациялау арқылы жаңа институттар тууының біз 
куәгері болып келеміз. Осының арқасында жалпы соттық жүйеден жеке 
институт болып Конституциялық сот дамыды. Осымен қатар нашақорлықпен 
күресу жеке институты пайда болды.


б) Институализденген әлеуметтік байланыстарды қайта регуляциялау басты 
мақсат болып келеді. Осындай жағдайда осы байланыстың басты 
қатысушылары институттарды сақтап қалуға тырысады, және оны түбегейлі 
өзгерту. Әлеуметтік институттарды қайта ретте – бұл күштердің кері 
күресуімен жүретін, драмалық қиын процесс. Әлеуметтік институттар – бұл 
нақты 
тәсілмен 
ұйымдастырылған 
тірі 
адамдардың 
тәжірбиелік 
қарымқатынасы.
Мазмұны жағынан әлеуметтік институттар – бұл жеке адамдардың белгілі 
бір жағдайларға тікелей бағытталған тәртіптік стандарттар 17 жиынтығы. 
Әлеуметтік институттар арқылы қоғамның белгілі бір мүшелері өзінің 
қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды шешілетін 
жаттығуларына байланысты бөледі. Әлеуметтік институттарға өндіріс және 
міндеттерді бөлумен айналысатын мекемелер жатады. Әрбір әлеуметтік 
институттардың өз ерекшелігіне байланысты атқаратын қызметтері бар. 
Сонымен қатар оларды біріктіріп тұратын барлығына тән ортақ белгілері бар, 
яғни институционалдық белгілері – деп аталады. 
1. Қондырғылар мен тәртіп үлгілері (құштарлық, ниеттестік, жауапкершілік, 
сыйластық). 
2. Символикалық мәдени белгілері (неке сақинасы, неке дәстүрі). 
3. Утилитарлық мәдени белгілері (үй немесе пәтер, жиһаз, тұрмыстық 
техникалар). 
4. Ауызша және жазбаша кодекс (отбасылық тиымдар, рұқсат етулер). 
5. Идеология ( романтикалық махаббат, үйлесімділік, индивидуализм). 
Сонымен институт – бұл идеология, ережелер мен нормалардың негізінде 
өңделіп 
шыққан, 
яғни 
өрістеп 
отыратын 
әлеуметтік 
бақылаудың 
қадағалауындағы әлеуметтік қатынастардың ерекше формасы Функция (лат. – 
орындау, жүзеге асыру) – ерекше әлеуметтік институт немесе үдірістің жалпыға 
қатысты орындалуындағы бағыты немесе ролі (мысалы, мемлекет, отбасы және 
т.б. қоғамдағы функциясы). Әлеуметтік институттың қызметі – яғни шешілген 
міңдеттердің жиынтығы, қол жететін мақсаттар, көрсетілетін қызметтер тәрізді 
қоғамдағы пайдалы әрекеттер. Әлеуметтік институттың бірінші және маңызды 
міңдеті қоғамның онсыз өмір сүре алмайтын маңызды өмірлік қажеттіліктерін 
қанағаттандыру.
Расында, егер біз институттардың функцияларының мәнің түсінгіміз келсе, 
қажеттіліктерімізі қанағаттандырумен тікелей байланыстыруымыз керек. Бұл 
байланысты бірінші болып көрсеткен Эмиль Дюркгейм: «еңбек бөлінісінің 
функциясы қаншалықты екенін сұрасақ, ол қандай қажеттілкпен сәйкестікте 
екендігі тек зерттеуді ғана талап етеді». Жаңа ұрпақпен толықтырылып, 
тіршілік құралдарын игеріп, бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүріп, жаңа 
білімдерді игеріп және оларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, рухани 
мәселелерді шешіп отырмаса ешбір қоғам өзінің өмір сүруін жалғастыра 
алмайды. Барлық институттың қызметтеріне тән регулятивтік, интегративік, 
трансляциялық, коммуникативтік әмбебап қызметтерін атап көрсетуге болады. 
Осы әмбебаптылығымен қатар өзіне тән ерекше қызметтеріде орын алады. Бұл 
функциялар бір ғана институтқа тән, мысалы, қоғамда тәртіп орнату 


(мемлекет), жаңалық ашып жаңа білімді беру (ғылым және білім беру) және т.б. 
Қоғамның құрылымы институттар қатарының бір уақытта бірнеше функияны 
орындай алуына және бір функцияны орындауға бірнеше институттың бағыт 
алуына мүмкіндік береді. Мысалыға, балаларды әлеуметтендіру немесе тәрбие 
беру функциясын мынадай, отбасы, дін орындары, мектеп, мемлекет тәрізді 
институттар атқара алады. Сонымен қатар отбасы институты балаға тек қана 
әлеуметтену мен тәрбие беруді орындап қоймай, репродуктивтік, бір бірінің 
сезімін қанағаттандыру мәселесінде атқарады. Мемлекет өзінің қалыптасуы 
барысында қысқа шенбердегі міңдеттерді ғана шеше алды, ең алдымен ішкі 
және сыртқы қауіпсіздікті қанағаттандыру. Бірақта қоғамның шектен тыс 
күрделенуі мемлекеттің күрделенуіне алып келді. Бүгінгі танда мемлекет тек 
сыртқы жауынан қорғанып, қылмскерлермен күресіп қана қоймайды, сонымен 
қатар экономиканы реттеу, салық жинау, әлеуметтік мәселелерді шешу, 
денсаулық, ғылым, мектеп және т.б. қамтамасыз ету мәселелерімен де 
айналысады. Дін ошақтарының қалыптасуы маңызды дүниеге көзқарас пен 
жоғарғы ізгіліктерді тағайындау болса, қазіргі уақытта олар білім беру, 
эконмикалық қызметтермен (медресселік шаруашылық) айналысып отыр. Егер 
институт қоғамға пайдасынан гөрі зияның көп тигізетін болса ондай әрекетті 
дисфункция 
деп 
атайды, 
Институт 
туралы 
айтылғанда, 
егер 
ол 
дисфункцияланса олардың кейбір әрекеттерінің салдары басқа әлеуметтік 
әрекеттердің немесе басқа институттардың жүзеге асуына кедергі жасайды. 
Немесе, дисфункцияның әлеуметтік сөздіктердің біріндегі анықтамасы, бұл 
«әлеуметтік жүйедегі пайдалы әрекетті қамтамасыз етуге кері негативті әсерін 
тигізетін кез келген әлеуметтік қызмет». Мысалыға, эконмикалық институт 
өзінің дамуы барысында білім беру институтынан біршама жоғары міңдеттерді 
талап етеді. Дәл осы экономиканың талаптары индустриалдық қоғамдағы 
бұқаралық сауаттылықты дамытуға алып келеді, осыдан келіп – сапалы 
мамандардың санын артылуына қажеттілік туады. Бірақ, егер білім беру 
институты өзінің осы міңдетін орындай алмаса, яғни эконмиканың талаптарына 
сай, онда қоғам ешбір индивидтің дамуына, өз ісіне шебер кәсіпқойлардың 
орын алуына қол жеткізе алмайды. Осылайша функциалар дисфункцияға 
айналады. Сондықтанда әлеуметтік институттардың қызметтері функцияны 
қоғамдағы интеграция мен тұрақтылықты сақтап тұру қабілетіне байланысты 
анықтайды. Әлеуметтік институттардың функциясы мен дисфункциясы 
барлығымен мойындалып айқын көрінген болса онда оны анық, немесе егер ол 
жасырын және әлеуметтік жүйедегілерге танылмаған болса онда оны латентты 
деп аталады.
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің 
алғашқы әрекеттері біз үшін Платонның «Республикасы» мен «Заңдарында» 
және Аристотельдің «Саясатында» сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек 
алғашқы талпыныстар болған еді. Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда 
коғам 
азаматтық 
қауымға 
немесе 
мемлекетке 
ұйымдасу 
ретінде 
қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және 
Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми 
зерттеулер тым үзік-үзік болды. Бұл зерттеулердің кейбіреулері экономикалық, 


енді біреулері – заңгерлік, үшіншілері – шіркеулік, төртіншілері – саяси сипатта 
болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға 
талпынған жоқ; ешкім де нақты өмір тұтастығын түсінуге бас қатырған жоқ. 
Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге 
жүйелі қолданыла бастады, және де ол қолданылғанан кейін зерттеуде басқа 
салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ 
жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады. Қазіргі кезде біздің 
қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен 
өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас 
күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге 
болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік 
құбылыстар туралы ортақ ғылым.
«Әлеуметтану» сөзін тұңғыш рет Огюст Конт озінің «Позитивтік 
философия курсында» позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды 
әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы 
ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан 
тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да қажетті 
элементтерді бір ұғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан 
немесе саясат ғылымын саясат өнерінен ешқашан ажыратқан емес. XVIII 
ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола біріктіріліп жіберілді. 
Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлық түрлерінде 
зерттеген жоқ, және, Конт: барынша қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, 
оның себептілік ұғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі 
едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктерге ұтымдылық сәулесін 
септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және 
барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның 
фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен 
революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін 
қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден 
сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық 
себептері мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен 
экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия 
мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік 
әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, 
прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді.
Конттан кейін әлеуметтану негізінен ғылыми ой барысын күрт өзгерткен 
ілімнің бүкіл қуатын әбден сезіне білген кісілер еңбегінің арқасында дамыды. 
Жаратылыстық дүниені эволюциялық түсіндіру білімінің барлық салаларына 
бойлады. Жаратылыстық сұрыптау заңы және өмірді организмнің қоршаған 
ортаға бейімделу процесі ретінде түсіну осы заманғы биология мен 
психологияның өзегіне айналды. Эволюциялық философия сөзсіз кеңейіп, адам 
өмірінің әлеуметтік құбылыстарын да қамтуға тиіс болатын. Тіршілікті 
протоплазмадан адамға дейін зерттеп шыққан ғылым оның ішкі құрылысын 
түсіндірумен шектеле алмайтын еді. Ол оның толып жатқан сыртқы 


қатынастарымен, 
этностық 
топтармен, 
адамдардың 
жаратылыстық 
қоғамдарымен және оларда байқалатын барлық құбылыстармен танысып, 
сондай-ақ соның бәрі бүкіләлемдік эволюцияның нәтижесі емес не деген 
мәселелерін зерттеуге тиіс болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет