Бейсенова Айгуль Аманжановна Жумасултанова Галия Азирхановна Жумагулов Елдос Танирбергенович Муслимова Корлан Саиновна Булумбаев Олжас Рахматулаевич Искаков Ельмурат Рымбаевич Темиркулов Олжас Жангабылович



Pdf көрінісі
бет7/108
Дата02.10.2023
өлшемі2,58 Mb.
#112492
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108
Байланысты:
Лекции Әлеуметтану

 
 
 
 


Дәріс 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы 
Дәріс жоспары: 
1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация социологиялық 
білімнің объектісі ретінде. 
2. Әлеуметтік стратификацияның теориялары. 
3. Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері. 
 
«Әлеуметтік құрылым» түсінігі «әлеуметтік жүйе» түсінігінің бір бөлігі 
болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және 
әлеуметтік байланыстар. «Әлеуметтік құрам» – бұл осы құрылым қамтитын 
элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының 
жиынтығын білдіреді. Осылайша, «әлеуметтік құрылым ұғымы бір жағынан 
қоғамның 
әлеуметтік 
құрылымын 
немесе 
ондағы 
әлеуметтік 
қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні 
мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін 
бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады. 
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер 
белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. 
Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік 
құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, 
ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады. 
Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер 
тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, 
әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер 
денгейі) 
сипатталатын 
индивидтер 
жиынтығы; 
тарихи 
қалыптасқан 
территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік 
институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі. 
Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар 
топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: 
әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге 
асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-
қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен 
немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие 
болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер 
жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің 
келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік 
топ деп атауға болады. 
Теңсіздіктің құрылымын билік, менешік, мәртебе құрайды. Теңсіздік 
ретінде әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстраға, әлеуметтік байлыққа, 
саяси билікке бірдей қол жеткаізе алмауын айтады. Теңсіздік барлық қоғамға 
тән құбылыс. Теңсіздікті өлшеу үшін екі өлшем қолданылады. Олар байлық пен 
табыс. Социологтар тұрғындардың әртүрлі топтарының өмірлік қадамдары мен 
мүмкіндіктерінің бірдей емес екенін дәлелдеді. Олар азық - түлікті, киімді 
тұрғын үйді т.б. әртүрлі мөлшерде және сапада сатып алады. Ақшасы көп 


адамдар жайлы үйде тұрады, қымбат көлік сатып алады, өздеріне қымбат 
демалыс ұйымдастыра алады. Сонымен қатар бұл топтың көзге көрінбейтін де 
артықшылықтары бар. Кедейлердің өмірі қысқа, балаларының білім деңгейі 
төмен. Әлеуметтік теңсіздік гендерлік және нәсілдік стратификациядан да 
айқын көрінеді. Табыс мөлшері тең болғанның өзінде қара және қоңыр нәсіл 
өкілдерінің балаларының өмірлік мүмкіндіктері ақ нәсіл өкілдерінің 
балаларына қарағанда төмен болады.
Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған: 
- адамдардың бөлінуі нәтижесінде қалыптасатын әлеуметтік–таптық 
құрылым (таптар, касталар, сословиелер, әлеуметтік топтар, олардың 
қабаттары); 

әлеуметтік–этникалық құрылым, яғни адамдардың белгілі бір 
территорияға, 
экономикаға, 
мәдениетке, 
дәстүрлерге, 
психологиялық 
ерекшіліктері және т.б. арқылы бірігуі негізінде пайда болған адамдардың 
тарихи қауымы – тайпа, ру, халық, ұлт, этностар. 
- мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, 
ауыл, т.б.) территориялық құрылым; 
- жаспен, жыныспен белгіленетін (ерлер, әйелдер, жастар, балалар, «жұмыс 
жасындағы» адамдар, зейнеткерлер) демографиялық құрылым; 
- отбасылық-тұрмыстық құрылым, көрші қауымдастықтар, ата-аналар мен 
балалар, сондай-ақ, некелік пен некесіз байланыстар мен қатынастар. Сондай-
ақ, әлеуметтік-кәсіби, білім беру, діни және т.б. құрылымдарды бөлуге болады. 
«Стратификация» термині әлеуметтануға геологиядан келген. Латын тілінен 
аударғанда «strata» немесе «stratum» сөзі пласт немесе қабат деген мағынаны 
білдіреді. Ал, әлеуметтануда стратификация термині адамдардың, әлеуметтік 
топтардың және қауымдастықтардың қандайда бір белгілеріне байланысты 
әлеуметтік кеңістікте тігінен орналаcуын білдіреді. Қоғамда әрдайым құрылым 
болатындықтан, ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын 
болған. 
Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым 
мықты 
дамыған 
бөліктерінің 
бірі 
болып 
табылады. 
Әлеуметтік 
стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және 
оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды. 
Әлеуметтік стратификация теориялары страта (латынша stratum – қабат), 
әлеуметтік топ белгілі бір ортақ позициялардағы немесе ортақ істері бар 
адамдарды біріктіретін нақты эмпирикалық тіркелетін қауымдастық болып 
табылатындығына негізделеді. Бұл берілген қауымдастықтың әлеуметтік 
қоғамның құрылымында бекітілуіне және 6 статустық белгілерге қарсы 
тұруына мүмкіндік береді: билік, меншік, кәсіби, білім, т.б. 
Алайда теңсіздік табиғаты туралы сөз қозғалатын кез келген ғылыми 
әдебиетпен алғашқы танысудың өзі стратификация процесі мен әлеуметтік 
жинақылық проблемалары зерттеушілер арасында осы ұғымның мазмұны мен 
көлеміне қатысты бірыңғай көзқарастың жоқ екендігіне көз жеткізеді. Сол 
сияқты әлеуметтік қауымдастықтарды білдіретін әлеуметтік тап, топ, страта, 


мәртебелік топтар сияқты талдау бірліктері де барлық уақытта бірдей бола 
бермейді. 
Стратификацияны түсіндіруде екі негізгі бағыт орын алады: 
1. Функционалистік 
2. Структуралистік 
Функционалистік бағытты жақтаушылар, стратификацияның негізіне табыс 
деңгейін, мәртебені, билікті және басқада сандық көрсеткіштерді ала отырып, 
индивидтерді үш қабатқа бөледі: 
а) жоғарғы қабат; 
б) орта қабат; 
в) төменгі қабат 
Келесі бағыт структуралистік бағыт – әлеуметтік стратификацияны 
әлеуметтік құрылым элементтерінің қарым-қатынастарының негізінде 
қарастырады. Структуралистік бағытты жақтаушылардың пікірінше, теңсіздік 
қоғамның кәсіби құрылымындағы айырмашылыққа байланысты. 
Теңсіздік теориялары ерте грек философтарынан бастап К Маркстің, Г. 
Спенсердің, М.Вебердің таптар теориясынан бастау алады. К.Маркс 
теңсіздіктің негізі тап күресінде, жеке меншік негізінде антогонистік таптардың 
билікке, байлыққа байланысты иерархиясында деп түсіндіреді. Г. Спенсер ішкі 
жіктелудің өсуі идеясын ұсынады. Адамзат мәңгілік үстемдік ету мен бағыну 
қатынастарыжағдайында болады. Австралия социологы Л. Гумпович 
әлеуметтік теңсіздік теориясының қалыптасуына едәуір үлес қосты. Оның 
пайымдауынша, өзара әрекет процесінде күшті элемент өзінен әлсіз элементті 
өзіне жұмыс ету және сұраныстарын қамтамасыз ету мақсатында өзіне 
бағындыруға тырысады. Сондықтан да Л. Гумпович тап дегеніміз күшті, 
дарынды нәсілдің әлсіз нәсілге үстемдігінің табиғи пайда болуы ретінде 
пайымдайды. Неміс ғалымы Г. Шмоллер таптар арасындағы айырманың көп 
өлшемдігі теориясын ұсынады. Ондай өлшемдерге мамандық, еңбек қызметі, 
иеліктер, білім, саяси құқықтар, психология, нәсіл жатады. Г. Шмоллер үшін 
меншік пен табыстардың тең бөлінбеуі еңбек бөлінісі мен мамандықтардың 
пайда болуының нәтижесі. Жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлер 
арасындағы негізгі қарама қайшылық меншік пен табыстың көлемінде емес, 
еңбек бөлінісінде, - деп санады ғалым. Таптық иерархия қоғамдық прогрестің 
стимулы, бұл әр таптың жоғары баспалдаққа көтерілуге деген талпынысына 
қозғау салады. Г. Шмоллер күштілердің, өмір сүруге икемділердің және 
белсенділердің үстемдігін жақтады. М. Вебер меншікті, билікті, мәртебені кез 
келген қоғамның иерархиясының негізіне жататын үш жеке өзара әрекет етуші 
фактор ретінде қарастырды. Ол үшін меншікке деген қатынас адамның өмірлік
мүмкіндіктерін жіктеуші негізіг фактор болып табылады. Нарықта адамдар 
әртүрлі орынға, әртүрлі таптық жағдайға ие болады. Бұнда бәрі сатады және 
сатып алады. Біреулер товарлар, қызмет көрсету түрлерін, екіншілері өзінің 
жұмыс күшін сатады. Айырмашылық біреулер меншікке иелік етсе, 
екіншілеріде меншік жоқ. М. Вебер бойынша, меншік иелері «оң 
артықшылықтары бар тап», меншігі, мамандығы жоқ тап «кері 
артықшылықтары бар тап» деп бөлінеді. Ол таптар арасындағы ресурстарды 


бөлуге байланысты қақтығыстар кез келген қоғамның табиғи сипаты болып 
табылады. Үстемдік ету заңы объективтік технологиялық заң балып табылады.
Г. Ленский теориясы бойынша, теңсіздік алғашқы қауымдық құрылыста аз 
деңгейде, аграрлық қоғамдарда жоғары деңгейде орын алса, өндірістік 
қоғамдарда қайтадан қысқарады. Бұл процесті ғалым өндірістік қоғамдардағы 
басқарушыларда биліктің аз шоғырлануымен, демократиялық үкіметтің 
болуымен, әлеуметтік мобильділіктің жоғары деңгейімен және дамыған 
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуімен түсіндіреді.
К. Маркстің теңсіздікке көзқарасы Г. Ленскийдің пікіріне қарағанда 
басқаша. Оның пікірінше теңсіздік алғашқа қауымдық қоғам кезіндегі 
минимальдық деңгейден қоғам дамыған сайын максимальдық деңгейге жетеді. 
К. Маркс теориясын теңсіздіктің эскалациясы деуге болады. Оның 
пролетариаттың абсолюттік және салыстырмалы қайыршылануы теориясы 
бойынша байлар баи түседі, кедейлер кедейлене түседі.
Ресей Ғылым Академиясының жүргізген зерттеулер нәтижесінен қазіргі 
қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге есер ететін факторлардың төмендегі 
иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік 
жіктелудегі басты фактор ретінде «билікті» атап көрсетсе; табыс көлемін — 
91,2%-ы; меншікті — 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-
әрекеттерді — 52,7%-ы; білімді — 35,1%-ы; қабілет пен талапты - 34,6%-ы; 
мамандық түрін - 30,1-ы; адамның шығу тегін — 25,0% і., ұлттық тегін — 
14,5%-ы атап көрсеткен. 
Зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі, 
меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу үдерісінде жоғары 
маңызға ие болып отырғанын көруге болады. 
Әрине, әлеуметтік стратафикация үдерісінде білім деңгейі, кәсіби шеберлік, 
жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін естен 
шығармауымыз керек. Бұл қазіргі нарық заманында айрықша көрінуде. 
Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамның 4 жіктен тұратын моделіне 
тоқталды, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап. 
Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары 
билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер, 
жеке ведомстволар мен мекемелер басшылары, яғни жоғары категориядағы 
шенеуніктер жатады. Бұлар - қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның 
экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы 
олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын 
құрайды. 
Біз қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы 
жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында 
теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын 
орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының 
арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер 
басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, 
мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. 


Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, 
оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация 
теориясының маңызы зор. «Страта» деген геология термині жердің 
құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға 
байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды 
пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі 
стратталардың болғанын білеміз. 
Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация 
негізіне «бедел» саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке 
қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты 
сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дерендорф бүкіл қазіргі қоғамды 
басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да 
екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ 
басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртектес 
болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – 
«жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. 
Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – 
жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – 
басқарушылардың ассимиляциясы өнімі. 
Француз социологы А. Турэннің пайымдауы бойынша, қазіргі қоғамдағы 
әлеуметтік дифференциация жеке меншікке, престижге, билікке, этносқа емес, 
ақпаратқа ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп ақпаратқа қол жеткізу 
мүмкіндігі бар адамдар ең жоғарғы орынға ие болады. 
Әлеуметтік стратификация теориясының негізгі принциптерін бөлейік: 
1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе 
қосымша рөль атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу; 
2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру; 
3) бұл критерийлер әр қабатты толығымен және терең суреттеу 
үшін жеткілікті болуы қажет. 
Нақты қоғамның әлеуметтік құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде 
пайда болған, әртүрлі әлеуметтік рөльдермен, позициялармен ерекшеленетін 
стратификациялық жүйе болып табылады. Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы 
қоғамдағы құндылықтар мен мәдени стандарттар жүйесімен анықталады. 
Әлеуметтік стратификация теориясында реттелген белгілер (критерийлер) 
болады. Мұнда олардың әрқайсысының әлеуметтік маңызы ескеріледі. Оның 
қатарына жеке меншік формасы, табыс мөлшері, билік көлемі, бедел, ұлттық 
белгілер, білім, мәдениет түрлері және т.б. кіреді. 
Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі 
түрде болады: 
1) белгілер жүйесі; 
2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы; 
3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең 
тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, 
тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді. 


Стратификация – бұл тиісті қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де, қоғамның 
бейнесі ретінде де болады. Белгілі топтардың ажырату әдісі ретінде және 
қоғамның көрінісі болады. 
Стратификация – бұл жағдай мен үрдістер, мұнда индивидтер, жанұялар 
бір-біріне тең емес қатынаста болады және бедел, меншік, билік, мамандық пен 
мәдениет туралы өз көзқарастары бар иерархиялы құралған страталарға 
топтасады. 
Стратификация тек адамдардың, топтардың, қоғамдағы қабаттардың 
әртүрлі жағдайын ғана бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ, олардың тең емес 
күйін бейнелейді. 
Стратификацияның әлеуметтік теориясы қоғамды әлеуметтік топтарға, 
қабаттарға бөлудің бірнеше критерийлерін алға қоя отырып, әлеуметтік 
мобильділік немесе әлеуметтік қозғалыс теориясының қалыптасуына 
методологиялық негіз болып саналады. 
Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы 
индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин 
социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын. 
Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының 
(халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы 
қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: 
экономикалық, саяси, кәсіби. 
Экономикалық стратификацияны негізгі материалдық байлық, не 
кедейшілік. Саяси стратификацияның негізі билік, басқарушылық, не болмаса 
олардың жоқтығы. Кәсіби стратификацияның негізгі мәртебелі /лауазымды/ не 
мәртебесіз /лауазымсыз/ еңбек, мәртелі, /лауазымды/ болашағы бар, не болмаса 
болашағы аз, не болмаса жоқ мамандықтар.
Экономикалық стратификацияны қарастырғанда П. Сорокин қоғамның 
экономикалық статусындағы екі өзгеріске тоқталады. Олардың бірі – 
экономикалық тұрмыс, екіншісі-қоғамдағы экономиканың көтерілу не төмендеу 
мәселесі. Осы өзгерістерді яғни экономикалық стратификациялау П. Сорокин 
флуктация деген терминмен белгілеген. Флуктация дегеніміз топтың 
экономикалықды статусының өзгерістері. 
Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған 
байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. 
Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы 
П. Сорокин терең зерттеді. 
«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидрет мен адамдар 
тобының бір әлеуметті жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын 
ауыстыруын айтамыз.
Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар: 
1) вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен болатын және; 
2) горизонталды, немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер. 
Вертикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға 
ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды 


мобильдік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет