Бейсу дисперстік орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата19.10.2023
өлшемі17,69 Mb.
#119549
1   2   3
 
 Ұшқыш:
Эфир ;
Хлорофор;
 Этанол (этил
спирті);
 Коллодий
ерітіндісі;

Ұшқыш емес:
Глицерин; 
Майлы майлар;
Вазелин майы;
Димексид;
 ПЭО – 400 ;
Эсилон ;
Біріктірілген
еріткіштер
қоспасы:
Әртүрлі
еріткіштер
қосапсы


Таза этанол тұнық, түссіз сусымалы ұшқыш
сұйық. Өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар,
-78ºС температурада қайнайды. Этанолда
полярлы емес органикалық заттар жеңіл
ериді.Этанол сумен, глицеринмен, эфирмен,
хлороформмен, ацетонмен жеңіл араласады.
Этанолдың бактериостатикалық,
бактериоцидтік қасиеттері оның
концентрациясына тура пропорционалды.
Этанолдың еріткіш ретінде, қолданылуы
шектеулі. Себебі ол: - фармакологиялық
индифферентті емес; - дегидраттау, яғни
заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар; -
ұшқыш, оңай жанады; - спирт пен суды
араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің
көлемдерінің арифметикалық қосындысынан кем
болады (контракция құбылысы).
Этил спирті (Spiritus aethylicus)
ҰШҚЫШ ЕРІТКІШТЕР:


ХЛОРОФОРМ
(CHLOROFORMIUM)
Түссіз мөлдір, сусымалы, өзіндік иісі және өткір
дәмі бар ұшқыш сұйық. Органикалық
еріткіштерде – этанолда, эфирде, майларда
жақсы ериді, суда аз ериді, глицеринмен
араласпайды. Хлороформның наркотиктік және
дезинфекциялық қасиеттері бар (Б тізімі). Осыған
байланысты қолданылуы шектелген. Сусыз
ерітінділерде хлороформ негізінен этанол және
майлармен бірге қолданылады. Хлороформ
линименттер технологиясында кеңірек
қолданылады. Хлороформның этанолдан
айырмашылығы – рецепте массамен алынуы


МЕДИЦИНАЛЫҚ ЭФИР
(AETHER MEDICINALIS) ДИЭТИЛ ЭФИРІ
Түссіз, мөлдір тез тұтанғыш ұшқыш сұйық, өзіндік иісті,
өткір дәмді, этанолмен, майлармен жеңіл араласады,
12 бөлік суда ериді. Еріткіштік қасиеті бойынша
хлороформмен салыстыруға болады: хлороформда
ерігіш заттар, сол концентрацияда эфирде де ериді.
Эфир хлороформ секілді наркотикті әсерлі, Б тізіміне
кіреді. Хлороформ секілді ол да жеке қолданылмайды,
тек басқа еріткіштермен қоспа түрінде қолданылады,
дозалауы масса түрінде. Эфирмен жұмыс істегенде
техникалық қауіпсіздік шараларын мұқият сақтау
керек, себебі эфир жылдам тұтанады, оның ауамен
қосылған буы жарылғыш ретінде өте қауіпті.
Медициналық эфирді жақсы тығындаған құбырларда,
салқын және сәуле түспейтін, оттан (ыстық) алыс
жерде сақтайды (қайнау температурасы 34 - 37ºС). 


Түссіз, қоймалжың сұйық, дәмі
тәттілеу, иісі жоқ. 
Глицериннің 25% асқан ерітіндісі
микробтармен ластанбайды, бұдан
төменгі концентрациялары
микроорганизмдер үшін жақсы даму
ортасы болып келеді.
Глицерин сумен шексіз араласады,
бірақ этанолдан ерекшелігі – эфирде,
майларда ерімейді.
Глицеринді жоғары
гигроскопиялығына байланысты
жақсы тығындалған ыдыстарда
сақтайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет