1. Іс-әрекетінің өзіндік стратегиялық ерекшеліктері бар оқушы.
2. Кез келген іс-әрекетті «өзінше орындауы».
3. Кез келген қиын істен жеңілді, жеңілден –қиынды көру ерекшелігімен дараланады.
Дарындылық:
Айқын дарындылық дарынды оқушының жетістіктерінің айқындығы соншалық, «бұл бала дарынды» деген қағидаға еш күмән жоқ.
Дарындылық
Жалпы (немесе интеллектуалды) дарындылық жалпылау икемдігі, есте сақтау қабілеті жақсы дамыған, ойлау қабілеті жан-жақты, кез-келген тақырыпта әңгімелесу, мәселелерді шешу және өз тәжірибесінде үйрену деп тұжырымдайды.
Нақты дарындылық Интеллектуалдық (немесе жалпы танымдық ) қабілеттер- жалпы дарындылықтың психологиялық ядросы болып табылады. белгілі бір іс-әрекет аймағында, атап айтқанда музыкалық, көркемдік, спорттық т.б.қасиеттері
бар балалар.
Дарынды бала - ол кім?
Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.
Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.
Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.
Олар:
- Аналитикалық(Жаппай әдіс)
- Түрлі тесттер
- Анкеталар
- Ата-ананың әңгімесі
- Мұғалімнің мінездемесі
- Диагностикалық әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |