Ақмарал: Мақсат: Балалар жылына арналған Ұлыттық мұра домбыра Тарт күйіңді, домбыра! Төгіл, төгіл тәтгі күй, Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! Тауда тұман тұрмасын, Көкте бұлт ыдыра! Тыңдамаған болмасын дей келемектебіміздің оқушыларынан құралған ______________________тобын қарсы алыңыздар Ақмарал: 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі, Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық. Сынып жетекшілер атынан құттықтау сөз: Утесинова Жұма Жаңабайқызына беріледі. Ақмарал:Ұшырса да өмірдің сан түлегін, Ұстаз - ғалым, толастамас мәңгі сын. Тыншымайтын асыл жандар аяулы, Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын, -дей келе ұстаздарға сазды сәлем жолданады. Ән: «Ұстазым» әні. Орындайтындар бітіруші түлектер. (Гүлім,Зере) Мақсат: Жас түлектің жыр тамсын көмейінен,
Ұстаздар қоштасамыз енді сізбен,
Оқытқан он бір жылдай мұғалімге,
Алғысымды білдірейін өлеңіммен-дей келе Түлектердің алғысын қабыл алыңыздар Мақсат: Мектебің – алтын ұя жарқыраған
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас түлегім, ақ жол саған.
Ән: «Алтын ұя мектебім» Орындайтындар бітіруші түлектер(11А)
Ақмарал:Бірлік деген даналар мен кемеңгер,
Бір бірінді әрқашанда елендер.
Түрлі асу жолдарында тағдырдың,
Бір біріне сүйеу болып демендер. Мектептің табалдырығынан үлкен өмірге 37 түлек жолдама алды:37 арман,37 үміт! Қанаттарын талмасын жас түлектер!
Ақмарал:Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды________________________________(қоңырау соғылады) Ақмарал: Қоштасады ұшқан ұяң – мектебің,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» - деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін-дей келе мектеп бітіруші түлектерімізді шығарып саламыз Мақсат: Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғансын,
Қимастықпен шығарып салдық бүгін,
Түлектерді үлкен өмір жолына.
Мақсат:Құрметті ата-аналар мен қонақ тар!Аяулы ұстаздар!Мектебіміздің « Сәт сапар жас түлек» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз!