Студенттің курстық жұмысы – стандарт бойынша орындалатын пәннің құрамдас бөлігі.
Курстық жұмыстың деңгейі – студенттің ғылыми ізденімдегі қабілеті, тақырыбы бойынша зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін анықтайтын критерийлердің бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты – мамандық пәндері не өзіне бөлінген теориялық тақырыптардың бірінің зерттелуі, мәселенің шешілуі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
жалпы міндетті пән, таңдау, арнайы пән бойынша білімдері мен біліктерін белгілі бір ғылыми-теориялық міндеттің шешілуіне пайдалану;
студент білігі мен іскерлік дағдыларын ғылыми-практикалық талдауда жүзеге асыру;
ғылыми ақпарат пен деректерді шығармашылықпен байланыстыра білуі;
Курстық жұмыс тақырыптарын, студенттің таңдауын ескере отырып, мамандық дайындайтын бөлімнің кафедрасы ұсынады. Тақырыптың өзектілігі, қазіргі ғылымдағы зерттелу жағдайы, перспективасы ескеріледі.