«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ғылыми-әдістемелік
жұмысы бойынша орынбасары
___________________А.Рахым
«___»____________ 2019 ж.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
(ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ)
Көкшетау – 2019 Курстық жұмыс туралы түсінік
Курстық жұмыс — студенттің берілген ғылыми тақырыбы бойынша жазылған іздену шығармасы, яғни пәндерден семестр немесе жыл бойына жүргізілетін оқу жоспарында белгіленген студеттің өз бетінше орындайтын ғылыми-іздену жұмыстарының бірі. Курстық жұмыс рефераттық сипатта болады. Бірақ мұнда өзіндік іздену нәтижелері рефератқа карағанда молдау болады. Соның нәтижесінде студенттің білігі мен дағдысында ғылыми зерттеу әдістері нығая түседі.
Курстық жұмыспен айналысу студенттің тілдік құбылыстар туралы білімі тереңделіп, өздігінен ғылыми-зерттеу элементтері бар жұмыстарды орындай білуге, оны зерттеп - зерттелудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын, амалдарын меңгеруге дағдыландырады.