Бекітемін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары м а Д. Кубенов 2021 ж. Қысқа мерзімді жоспар



бет1/5
Дата30.11.2022
өлшемі3,87 Mb.
#53726
түріСабақ
  1   2   3   4   5

«Электрмен қамтамасыз ету және есептеулер жүйесі» пәндік-әдістемелік комиссиясы отырысында қаралып, мақұлданды
_________ Ш. Темирбекова
« » . 2021 ж.





БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары м.а
_________ Д. Кубенов
«____» _______ 2021 ж.



Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпжақтар

Мақтаарал аграрлық колледжі

Күні: 26.05.21 ж.

Оқытушы: К. Текебаева

Топ: Кс-20-1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пирамида және оның элементтері, түрлері. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу нәтижелері

Пирамида және оның элементтерінің анықтамасын, түрлерін, пирамиданың жазбасын, бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын білу;
бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын есеп шығаруда қолдана алу

Сабақ мақсаттары

Білімділік: Пирмида және оның элементтері туралы мәліметтермен таныстыру, студенттердің теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практика жүзінде қолдану дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Студенттердің ой-өрісін кеңейту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Жылдам ойлап, тез қорытуға, жауапкершілікке, өз бетінше білім алуға баулу, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • пирамида және оның элементтеріне анықтама береді;

  • пирамиданы түрлері бойынша қасиеттерін сипаттайды.

  • пирамиданы кескіндейді және жазбаларын жасайды;

  • пирамиданың элементтерін табуға есептер шығарады;

  • бүйір және толық бетінің аудандарын есептеу формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша лексика мен терминология

  • пирамида;

  • төбесі;

  • биіктік;

  • апофема

  • бүйір жақ

  • табан;

  • пирамида жазбасы

  • бүйір және толық бетінің ауданы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
- Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш болса, онда...
- Дұрыс пирамиданның бүйір бетінің ауданы, оның .....
- Пирамиданың толық бетінің ауданын табу үшін, ...қажет
- Пирамиданың төбесінен табанына түсірілген перпендикулярды ...

Құндылықтарды дарыту

Ұжымдылық, шыдамдылық, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар.

Бастапқы білім

Көпбұрыштар және олардың ауданын есептеу формулалары, көпжақтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

  1. мин.

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Командаға бөлу

3. Тақырыпты, сабақ мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.




Сабақтың ортасы
10 мин.

5 мин.

15 мин.

8 мин.




І. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  1. Миға шабуыл

Өткен тақырып бойынша студенттердің білімдерін бақылау, толықтыру, пысықтау.
Шарты: студенттер шапшаң жауап беруі тиіс, дұрыс жауаптар фишкалармен бағаланады.

  1. Призма деген не?

  2. Призманың қасиеттері

  3. Призманың түрлері

  4. Призманың биіктігі дегеніміз не?

  5. Призманың диагоналы дегеніміз не?

  6. Призманың бүйір беті дегені не?

  7. Призманың толық бетінің ауданын қалай табады?

  8. Қандай көпжақты праллелепипед деп атаймыз?

  9. Тік бұрышты параллелепипед дегеніміз не?

  10. Куб дегеніміз не?

  11. Тік бұрышты параллелепипедтің диагоналы неге тең?

  12. Кубтың толық беті неге тең?

  13. Параллелепипедтің бүйір беті дегені не?

  14. Параллелепипедтің толық бетінің ауданын қалай табады?

ІІ. Ойлан жұптас бөліс
1.40 Кестеде берілген көпжақтардың атауын және
сәйкес жазбасын табу



Дескриптор

  1. Көпжақты анықтайды

  2. Көпжаққа сәйкес келетін жазбаны табады

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Пирамида туралы қандай деректер білесіздер?

  1. Қазақстандағы пирамида туралы не білесіз?

Бейбітшілік пен келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Пирамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Оның табан қабырғасының ұзындығы 62 м; ауданы 25,5 мың м². Ғимарат ағылшын архитекторы Н.Фостердің жобасымен салынған. Болат пен тастан тұрғызылған сарай өзара рухани түсінушіліктің жаһандық орталығына айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет