Пән мұғалімі: Мейрманова Нургул Абдулганиевна
Пәні: геометрия
Сыныбы: 11
Тақырыбы: Дұрыс пирамида. Қиық пирамида.
Мақсаты: оқушыларға дұрыс және қиық пирамида, оның пайда болуы жайлы мағлұмат беру, дұрыс және қиық пирамиданың негізгі элементтері мен формулаларын білуі, есеп шығаруда тиімді қолдана алу.
Күтілетін нәтиже:
Сабақтың әдіс-тәсілі:жеке, жұптық, топтық жұмыстар, «жұптасып –ойлан-бөліс»
Түрі: диалогтық оқыту (сұрақ-жауап), сыни ойлау (миға шабуыл, ой жинау).
Сабақ кезеңі
Жоспар мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
І. Кіріспе
1 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа даярлығын қадағалау. Жұмысқа жағымды көңілді қамтамасыз ету.
Әр оқушыға бағалау парағы таратылады, алдағы жұмыс алгоритмін түсіндіру
Бер: КАВС пирамида
АВС тең қабырғалы
,
Т/к:
Шеш: КОВ
Жауабы: АВ=ВС=АС=12
Оқушылардың графикалық тестке жауап береді.
Сағат тілі бойынша бір - бірлерін тексереді.
Сонымен, біз бүгінгі сабаққа қажетті материалды қайтала-дық. Өздік жұмысты орындау-да қандай қиындықтар кездесті? Кейбір оқушылар өздерінің әлсіз жақтарын анықтап, жіберілген қателері-мен жұмыс жасады. Өздік жұмысты қорытындылайық. Бағалау парағын толтырайық.
Оқушылар дәптерлерін алма-сады. Сағат тіліне қарама - қарсы бір бірлерін тексереді.
слайд, үлестірмелер, бағалау парақтары
ІІІ. Негізгі бөлім
20 минут.
жұмыс жеке, жұптық, топтық.
«миға шабуыл», «сын тұрғысынан ойлау», «өкіл» стратегиялары арқылы меңгертіледі.
Жаңа тақырыпты меңгеру: Тақырыпты мұғалім ақпарат көзін пайдаланып, түсінік алуына бағыт береді.
Екі топқа тапсырма: №1 топқа пирамиданың моделін және қайшы беру
№2 топқа түрлі түсті қағаздардан жасалған үшбұрыштар және жапсырма беру
Онда қалай ойлайсындар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Сабақтың тақырыбы айтылады, дәптерге жазылады.
Сонымен, бүгін біз дұрыс және қиық пирамида жайлы түсінік аламыз. Ұлдар тобы «Қиық пирамиданы», қыздар тобы «Дұрыс пирамиданы» оқимыз.
Егер табаны дұрыс көпбұрыш болып төбесінің проек-циясы табанының центріне дәл түссе, онда пирамида дұрыс пирамида деп аталады.
РАВСD… N дұрыс n бұрышты пирамида болсын. Онда анықтама бойынша оның табаны АВСD … N дұрыс n бұрыш, ал пирамиданың Р төбесінің проекциясы табанының центрі О нүктесіне дәл келеді. Дұрыс пирамиданың бүйір жағының пирамида төбесінен түсірілген биіктігі пирамиданың апофемасы деп аталады. Мысалы, РК – дұрыс пирамиданың апофемасы.
Пирамиданың төбесі арқылы өтіп, табанымен қиылысатын жазықтармен қималары үшбұрыштар болып келеді. Бүйір қыры мен табанының диагоналы арқылы өтетін қиманы пирамиданың диагональдық қимасы деп атайды.
Мысалы, DPВ үшбұрышы – диагональдық қима.
Қиық пирамида деп пирамиданың табаны мен табан жазықтығына параллель қима жазықтық арасындағы бөлігі аталады.
Қиық пирамиданың табандарының қабырғалары қос – қостан параллель, сондықтан оның бүйір жақтары трапециялар болып табылады.
Бір табанының кез келген нүктесінен екінші табан жазықтығына түсірілген перпендикуляр қиық пирамиданың биіктігі деп аталады.