«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б



бет15/31
Дата18.11.2022
өлшемі107,77 Kb.
#51103
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
gerantologiyadagy mejirger isi

2.10 Оқыту және сабақ беру әдістері
Пәнді тиімді оқытудың келесі әдістері ұсынылады:
Дәрістер: шолу және тақырыптық, дәрістерде техникалық оқу құралдары мен дәріскердің студенттермен «кері байланысы» қолданылады.
Тәжірибелік сабақтар: оқу топтарындағы тәжірибелік сабақтар оқытушымен бірге сабақтың сұрақтарын талдау, тақырыптың материалын меңгерілуін бақылау (сұрақтарға жауап, жағдайлық есептер мен тесттік тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау) түрінде өткізіледі.
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы:метаболикалық картасымен жұмыс, кесте мен сызбаны толтыру, шағын топта жұмыс (зертханалық жұмыс). Компьютерлік технология және онлайн режимінде ғаламтор сыныбында жұмысты қамтиды.
Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы әдебиеттермен, мәліметтердің электрондық базаларымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді құрастыру және шешу, тесттік тапсырмаларды орындау, конспект жазу немесе оқу мәтінін кванттау (негізгі тұстарын айқындауарқылы әр түрлі тест формаларын дайындау, үш тілде - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде глоссарий дайындауды қамтиды.


2.11 Бағалаудың критерийлері және ережелері
Ағымдық бақылау: бақылау жұмысы
Герантологиядағы мейіргер ісі пәні бойынша студенттердің бағалау критерийлері
А 100 % - барлық сұрақтарға толық негізгі және қосымша әдебиеттерді қолданып, қатесіз жауап бергенде.
А 95% - Студент сабақ тақырыбын терең түсініп, қисынды (логикалық) ойлау қабілетін көрсеткенде. Материалдың баяндалуы қойылған сұраққа толық сәйкес келгенде, нақты мысалдармен келтірілген теориялық фактілердің бәрін қамтығанда. Студент дәлелді қорытынды жасай алғанда. Барлық тапсырмаларды (жаттығуларды, жағдайлық есептерді, тесттерді) өз бетімен, дұрыс орындағанда. Бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына толық, қатесіз жауап беріп, барлық формулалар мен реакцияларды дұрыс жазғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет