«Бекітемін» Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құмарова А. Б


Аброзив- ірі немесе ұсақ дәндерден тұратын өте қатты табиғи немесе синтетикалық тұрғыда алынатын материал. Адгезив



бет21/28
Дата26.06.2023
өлшемі104,85 Kb.
#103434
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Аброзив- ірі немесе ұсақ дәндерден тұратын өте қатты табиғи немесе синтетикалық тұрғыда алынатын материал.
Адгезив- заттардың өзара жабысуын қамтамасыз ететін арнайы материалды атаймыз.
Альгинат- теңіз балдырларынан алынатын, қасиеті бойынша жұмсақ, серпімді химиялық материал.
Астауша- протез қайнатуға арналған, темірден жасалған, төрт бөлікке бөлінетін қорапша конструкция.
Афинаж- басқа металдардан алтынды бөліп алу үшін жасалатын процесс.
Балауыз- табиғи, жасанды жолмен алынатын қоймалжың зат.Балқу температурасы 30-60 градус арасында. Қатты күйден сұйық күйге, сұйық күйден қатты күйге тез ауысады.
Білік- балауыздан жасалатын, кез-келген пішінге ие бола алатын, тіс технигінің көмекші материалы.
Бромштром- соңғы штамптауға арналған, темірден жасалған, жоғары дәрежеде күшті көтеретін, тіс коронкасын металдан 100 пайыз қайталайтын арнайы аппарат.
Бура- металдың қыздыру барысында, бетіндегі оттегіні алатын химиялық ұнтақ.
Бюгель- астаушаны қимылдатпай ұстап тұратын және протез бөліктерін фиксациялайтын темір құрылғы. Полимеризация процесінде қолданылады.
Гильза- зауыттан арнайы шығатын стандартты, қалыңдығы 0,22-0,29 болатын тот баспайтын болаттан жасалатын темір материал.
Ғаныш- минерал, шикізат ретінде алынып үгітіледі. Ұнтақты қайта сумен араластырса кез-келген пішін алуға болады. Қасиеттері ежелден белгілі.
Дәнекер- екі металл бөлшектерін өзара байланыстыратын арнайы металл қоспасынан тұратын қорытпаны айтамыз.
Кламмер- темірден жасалатын тістің экваторы мен мойын бөлігінде орналасқан, серпімді, протез бөлігі.
Колба- стоматологияда резеңкеден жасалған, ғаныш араластыруға арналған ыдыс.
Коронка- сауыт. Әртүрлі материалдан жасалатынтұрақты тістің үсітне киілетін анатомиялық және функциональды тістің қызметін атқаратын протез.
Көпірлі протез- бірнеше тістің ақауын толтыру үшін жасалатын алынбайтын протез конструкциясын айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет