"Ақшақар" ойын жаттығуы Топқа берілетін тапсырма: Құрметті достар, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді.
Жиынның соңы 3 минут
Рефлексия 2 минут
Қорытынды: «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесуге келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Әр оқушы сабақ жайлы өз ойын стикерге жазып тақтаға жапыстырады.
Кураторлық сағаттың қандай аспектілері жақсы жүзеге асты (оқу мен оқытудың өмірмен байланысы болдыма, ойланыңыз
1:
2:
Кураторлық сағатты жақсартуға не ықпал етуші еді (оқуды да, оқытуды да қарастырғанда)?
1:
2:
Кураторлық сағат барысында сынып туралы немесе оның жетістіктері туралы нені анықтадым/жекеленген оқушылардағы қиындықтар (көшбасшылық), келесі кураторлық сағатта неге баса назар аударылу қажет?
1:
2: