“Бекітемін”
ДТЖО: О.А.Джумагалиева
Сыныбы: 6 “А”
Сынып жетекшісі: О.К.Рахимжанова
Өткізген: А.Қисметова; А.Нұрланқызы
Өтетін күні:
Сынып сағаты
“Салауатты өмір салты”
Атырау, 2022ж
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, оны күту іскерліктерін дамыту;
Дене, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Өмір, денсаулық, бақыт туралы нақыл сөздер, сюжетті картиналар, интербелсенді тақта,
Жүрісі
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
*Аяқталмаған сөйлем
Бақытты өмір – бұл.... (Автор орындығына отырып ойларын ортаға салады)
*Денсаулық сөзінің мағынасын ашқызу.
Д - дұрыс дем алу.
Е - ерінбеу
Н - ниеттену
С – спортпен шұғылдану.
А – ағзаны шынықтыру
У - уақытты дұрыс пайдалану.
Л - лайықты өмір сүру
Ы - ынта - ықылас алға жетелейді
Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады
:
-Оқушылар біз болашақ Қазақстан Республикасының азаматтары бүгінгі мектеп табалдырығындағы оқушылар денсаулығымызға жастайымыздан қамқор болуымыз қажет.
Қазіргі кезде жеткіншектердің денсаулығын сақтау және салауатты өмір сүруін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты бүкіл оқу тәрбие жүйесін валеологизациалау қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша адам денсаулығына 10% дәрігерлік көмек, 15% - тұқым қуалаушылықтан, 25% - қоршаған ортадан, ал 50% - адамның өзіне, өмір сүру қалпына байланысты екен.
«Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы»/ Т. Корлейль.
«Жер ғаламшары біздің үйіміз ғана емес, біз оның бөлінбейтін бөлшегіміз...»/ В. И. Вернадский
«Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық»/ халық мақалы.
Біздің елімізде 17 млн адам бар, 2050 жылдарда 10, 5 млн қалуы мүмкін. Орташа өмір сүру: ерлер – 57 жыл, әйелдер – 72 жыл. Басты себептері жүрек – қан аурулары, онкологиялық өкпе ауруы, наркомандар, депрессияға ұшырағандар, салауатты өмір салтының ережелерін сақтамағандар, суицид болып отыр.
Халықта мынадай дана сөз бар:
«Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның – бәрін жоғалтқаның»
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқым қуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
4 слайд.
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8. Эмоциялардың оң болуы.
Күн тәртібі – іс - әрекеттерің мен міндеттеріңді, өз уақыттарыңды дұрыс ұйымдастыру. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі денсаулықты сақтаудың, міндеттерің мен мақсатыңа жетудің бірден бір кепілі. Дегенмен, біз күнделікті өмірде осы айтылған ережені сақтаймыз ба, бүгін сол туралы әңгімелесеміз.
Оқушыларға сұрақтар?
1. Дені сау адам мен темекі шегетін адамның өкпесінің айырмашылығы қандай?
2. Қазіргі таңда оқушылар арасында қандай аурулар байқалуда? (оқушылар өздерінің сауалдарын қояды)
ІІІ. Қорытынды:
Денің сау, ғұмыр жасың ұзақ,
Ауруға 4 нәрсемен құрсақ тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен,
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ, - дей келе әр биіктің талабын орындап, өз өмірімізді басқарсақ, әрине болашақтың жарқын болуы айдан анық. Нұр шапағатын шашқан алтын Күн - бақытты болашақтың кепілі. Денсаулықтың кепілі. Салауаттылық. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік! Темекі - тегіңе нұқсан, арақ - арыңа нұқсан!! Жақсыға жақын жүріп, жанымызды жадырата білсек, біз үшін төнген қауіп жоқ, бойды басар дерт те жоқ деп қорытындылағым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |