Ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешені Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату.
Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(дене жаттығулар мен белсенді қимылдар)
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету.(мәдени-гигиеналық дағдылар).
Бесін ас
Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)
Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар,үстелүсті ойындары, бейнелеуәрекеті,кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
Балаларға қалауы бойынша үш орталықтарға бөлініп жұмыс жасауын ұйымдастыру.
Болашақта жасалатын құрылысты талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде мектеп пен балабақша ғимаратын құрастыру. Олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы әңгімелеу.
(Құрастыру) Білім күні туралы тақпақтар жаттау. үзілістермен жаттауға, балалардың өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейнелілігін сезінуге баулу
(Көркем әдебиет) Өз қолымылдарымен кітап жасату. екіге бүктелген қағаздан, түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды үйрету
(Жапсыру)
Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлініп жұмыс жасауы.
Терезеге карап, күзгі табиғатты бейнелеу.