«бекітемін» Факультета деканы Шоқым Г. Т


Қорытынды бақылау (емтихан)



бет9/11
Дата06.10.2023
өлшемі70,57 Kb.
#112920
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы-ҚФ-2

Қорытынды бақылау (емтихан).
Қорытынды бағалау емтихан форматын өтеді. Емтихан университеттің академиялық адалдық саясатына сай және емтихандар өткізу ережелеріне сай өтеді.
Плагиат немесе көшіру анықталса, емтихан нәтижелері автоматты түрде жойылады және бұл пән жазғы семестрде қайта оқылады.
Қорытынды бақылау сұрақтары (емтихан) Емтихан алу форматы – ауызша (билет). Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің талабына сай Б.Блум Таксономиясы бойынша емтихан билеттері құрастырылды. Барлығы – 30 билет. Билеттің бірінші сұрағы – 1-деңгей. Білім мен түсінік (30 сұрақ). Билеттің екінші сұрағы – 2-деңгей. Қолдану мен талдау (30 сұрақ). Барлығы – 100 балл.
Қорытынды бақылау сұрақтары (емтихан):

1. Фонетика қарастыратын мәселелер: тіл дыбыстарының пайда болуы, дыбыстау мүшелерінің қызметі, дыбыстардың түрлері, іштей жіктелуі, тіркесу заңдылықтары; буын, оның түрлері, екпін, ырғақ; үндестік заңдары; орфография, орфоэпия т.б.


2. Қазақ тілін зерттеудегі А.Байтұрсынұлының еңбегі, қалдырған мұралары. А.Байтұрсынұлының (1873-1937) қазақ тіл білімінің атасы аталуының себебі.
3. Х.Досмұхамедұлының (1873-1937) қазақ тіліндегі сингармонизм туралы еңбегінің маңызы.
4. Қазақ тілі дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыда зерттеуде Қ.Жұбанов (1899-1938) еңбектерінің маңызы.
5. Дыбыс, әріп, фонема . Фонеманың үш қызметі. Инварианттар мен варианттар.
6. Транскрипция мен транслитерация. Транскрипцияның түрлері, маңызы. Қазіргі қазақ жазуының фонемалық транскрипцияға қатысы.
7. Дыбыстық қор туралы Дыбыстарды қарастырудың аспектілері Жасалым (артикуляция). Актив мүшелер: тіл, ерін, жұмсақ таңдай, дауыс шымылдығы. Айтылым (акустика). Естілім (перцепция).
8. Фонетиканың түрлері, салалары: жеке және жалпы фонетика, сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы фонетика, оның маңызы.
9. Алғашқы фонетикалық зерттеулер: Н.И.Ильминскийдің (1822-1891) қазақ тілі, оның ішінде фонетика туралы мұрасының маңызы
10. В.В.Радлов (1837-1918), П.М.Мелиоранскийдің (1868-1906) қазақ тілі дыбыс жүйесіне қатысты ойлары мен еңбектері
11. Орыс тіліндегі зерттеулер мен орыс графикасымен жазылған қазақ мәтіндерінің қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесін, айтылым, емлесін пайымдауға қосар үлесі, маңызы.
12. Дауыстылар мен дауыссыздар. Тіл дыбыстарының дауыстылар және дауыссыздар болып бөліну себептері.
13. Дауыстылар, оларға тән сипаттар. Дауыстылардың зерттелуі. Дауыстыларды жіктеу мәселесі. Жуан (а, о, ы, у) және жіңішке (ә,е,ө,ү,і,и) дауыстылар. Еріннің қызметіне қарай еріндік (о.ө.ұ,ү,у), езулік (а,ә,ы,і,е,и) болып жіктелетін себебі. Жақтың қатысына; ашық (а,ә), жартылай ашық (о,ө,е), қысаң (е,ұ,ү,ы,і,и,у) болып жіктелу себебі.
14. Тіл дыбыстарына тән ерекшелік. Дыбыстың қарқыны, күші, тембрі, созылыңқылығы. Дауыс пен салдырдың пайда болуы. Дауыссыздарға салдыр мен дауыстың қатысуы, оны білудің маңызы. Айтылым мен жасалымның үндесім, үйлесімге қатысы. Естілім.
15. Айтылым, жасалым, естілім аспектілерінің қарым-қатынас құралы тілдің қызметін қамтамасыз етудегі рөлі, фонологияға қатысы.
16. Қазақ тілі дауыссыздарына қатысы: ұқсастық, алшақтықтары.Дауыссыздардың жіктелуі. Дауыс, салдырдың қатысына (айтылымына) қарай үнділер (л,м,н,ң,р,й,у), ұяңдар (б,г,ғ,д,ж,з,в) және қатаңдар (п,к,қ,т,ш,с,ф,х,һ,ч,ц) болып бөлінетіні. Дифтонг дауыстылар, оның ауызекі сөйлеу тіліндегі көрінісі.
17. Дауыссыз фонемалардың жасалымына (артикуляциясына) қарай ерін (б,п,м,у,в,ф), тіл және көмей (һ) болып бөлінуі. Бұларды нақты білудің маңызы. Қос фокусты (ж,з), аффрикат (дж, ц,ч) фонемалар. Айтылу (ауа) жолына қарай дауыссыздардың шұғыл (б,п,т,д,к,қ,м,н, ң,ц,ч), ызың және діріл (р) болып бөлінуі.
18. Дауыссыздар, олардың жалпы сипаты, саны, сапасы.
Байырғы қазақ тіліндегі дауыссыз фонемалар мен қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздар. Орыс тіліндегі дауыссыз фонемалардың саны, сапасы.
19. Дауыстылар қоршауындағы шұғылдардың айтылуындағы ерекшеліктер.
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, жазылуына байланысты кездесетін түрлі ерекшеліктер. Кірме сөздерде ғана кездесетін дауыссыздар.
20. Дыбыстар тіркесі. Дыбыстар тіркесі – тілдің дамуының көрсеткіші.
21. Дыбыстар тіркесін анықтау үшін сөздің буын, дыбыс құрамын зерделеудің маңызы. Жазу, айтудың арақатынасын пайымдау. Дыбыстар тіркесінің зерттелуі.
22. Дыбыстардың түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында, сөз бен сөздің жапсарында тіркесуіндегі ерекшеліктер.
23. Дыбыстар тіркесінен туатын заңдылықтар.Сөз (буын) соңындағы қос дауыссыздар, оған тән ерекшеліктер. Шәлкес тіркестер. Қайталама дыбыстар.
24. Дыбыстық құбылыстар. Кірме сөздерді игерудің өзіндік ерекшеліктері, оның себептері. Протеза, эпентеза, эпитеза, апокопа, элизия, аферезис, редукция, метатеза, гаплология құбылстарының сыры. Дыбыстық үнем.
25. Буын, оның жасалуы. Буын, бунақ, екпін. Буынға тән белгілер. Буынның түрлері. Буын жігі және тасымал. Буынның дыбыстық құрамы, сөздің буын құрамы. Қазақ тілінде буынның маңызы.Дыбыс жылысуы.
26. Бунақ туралы түсінік. Бунақтың маңызы. Бунақтың құрамы. Қара сөз бен өлең бунақтарының ерекшеліктері. Бунақтың сөйлеудегі (орфоэпия) маңызы. Бунақтар жапсарын жоба, аша сөйлеуден туындайтын ерекшеліктер.
27. Үндестік заңының түрлері. Буын (тіл, ерін) үндесімі.
Дыбыс (үйлестік, бейімдестік, бейүндестік) үндесімі. Дыбыстардың алмасуы – үндестіктің табиғатынан туатыны. Алмасу.
28. Ықпал туралы түсінік . Ықпалдың түрі. Ықпалдың бағыты. Игеру – ықпалдың нәтижесі. Толық және жартылай игеру. Артикуляциялық және акустикалық игеру. Акустикалық игерудің күшті болатыны.
29. Үндестік заңы. Дыбыстар мен буындардың үндесуі туралы түсінік. Үндестік – тілдің болмысынан туатын заң. Негізгі үндестік заңдардың түрлері, оның сыры. Сөздің құрамындағы буындардың бірыңғай жуан немесе жіңішке, еріндік үндесуі.
30. Буын үндестігі. Тіл үндестігі – тілдің үнемді жұмысына негізделетіні. Буындардың бірыңғай жуан, жіңішке болып қиындасып құратыны. Бунақ ішінде аралас буынды сөздердің қайсыбірі бірыңғайланып кету себебі. Тілдегі аралас буынды сөздер.
31. Ерін үндестігі – еріннің үнемді жұмысының нәтижесі. Ерін үндестігі туралы түсінік.Ерін үндестігіне көзқарас. Еріндіктердің бас буында ғана жазу ережесі, оның себебі, салдары.Қазақ тілінде де ерін үндестігінің күшті болғанына дәлелдер.
32. Н.Ильминский, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б. зерттеушілер еңбегіндегі ерін үндестігінің жайы. Еріндік, езуліктердің тіркесу ерекшеліктері – ерін үндестігінің көрсеткіші.
33. Екпін туралы түсінік, екпінге көзқарас. Бунақ екпініЕкпін мен ырғақ. Ырғақтың маңызы. Екпін, ырғақтың сөз, бунақ қызметі. Дыбыстардың үндестігі.
34. Бейүндестік (диссимиляция), оның себебі. Оған көзқарас, түрлері.
35. Дыбыстар үндесімі және орфоэпия. Дыбыстар тіркесі және орфоэпия. Дауысты-дауыссыз дыбыстардың және кейбір сөздер мен қосымшалардың айтылуындағы ауытқулар.
36. Графика. Графика туралы түсінік. Әріп – дыбыстың шартты таңбасы. Графика мен орфографияның арақатысы. Графика мен алфавит. Графема, фонема. Қазақ жазуының тарихы. Қазақ жазуы - фонемалық жазу.
37. Орфография мен орфоэпияның арақатынасы. Орфографиялық норма және орфографиялық норма критерийлері. Тіліміздегі кірме сөздердің орфограммасы мен мен орфоэпиясы. Орфоэпиялық сөздіктер, олардың ұстанған принциптері.
38. Қазақ орфографиясының тарихы. Орфографияның негізігі принциптері.
Морфологиялық принциптің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Фонетикалық принциптердің артықшылықтары мен қиындықтары. Дәстүрлі принцип, оның қайшылықтары.
39. Орфографиялық сөздіктер. Олардағы азын-аулақ ауытқудың түрлері, себептері. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері». Орфографияны жетілдіру жолдары. Фонетикалық талдау, оның мақсаты, мәні, мазмұны.
40. Орфография. Графика Орфоэпия туралы түсінік.
41. Орфоэпияның әдеби тілдегі орны, маңызы. Орфоэпияның зерттелуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет