Қондырғының жұмыс істеу принципі сәуле шығарғыштың құрамына кіретін сутегі шамының сәулесін монохроматормен сызықтық спектрге жіктеуге негізделген. Зертханалық жұмысты орындау барысында сутегі атомының спектрін алу, спектрлік сызықтарды бақылау және монохроматор көмегімен олардың толқын ұзындықтарын өлшеу жүргізіледі.
3-сурет. Қондырғыны орнату схемасы
1
|
Зерттеу объектісі
|
2
|
Монохроматор
|
3
|
Монохроматор отырғышы
|
4
|
Рейтерлер (монохроматор жинағында - 3 дана, оның 2 данасы тұғырда және 1данасы зертханалық үстелде орнатылған)
|
*1
|
Сәуленің бағыты
|
*2
|
Бақылаудың бағыты (Қолданылатын бақылаудың бағытын таңдау зертханалық үстелде қондырғыны орнатумен анықталады)
|
*3
|
ФПК09М.00.00.00.01 тіреуішін орнату орны (монохроматор корпусының түбінде)
|
*4
|
ФПК09М.01.00.00.00 тіреуішін орнату орны (монохроматор корпусының түбінде)
|
*5
|
Сәуле шығарғыштың дәлдеу винті
|
Ескерту: Зертханалық үстелде қондырғыны *2 бағытының біреуінен бақылауды жүргізуге ыңғайлы болатындай етіп орнатуға болады.
Монохроматордың оптикалық схемасы 4-суретте келтірілген. Шамның сәулесі (1) конденсатор (2) арқылы кіріс саңылауға (3) түседі де, айна (4) арқылы фокустайтын және дисперсиялайтын элемент рөлін атқаратын иілген дифракциялық торды (5) толтырады. Бұйымда аберрациялауға мүмкіндік беретін айнымалы қадамды кесінділері мен қисық сызықты штрихтары бар тор қолданылған. Тормен дифракцияланған сәуле (7) шығыс саңылауға ((6) жазық айна болмаған кезде) немесе (8) шығыс саңылауға ((6)жазық айна болған кезде) бағытталады.
Ендері тұрақты ауыспалы саңылаулар 3 мм, 1 мм, 0,25 мм, 0,05 мм. 330-дан 660 нм-ге дейінгі спектр аумағында жұмыс істеген кезде шығарылатын сәуленің молырақ спектрлік жиілігін алу үшін кіріс және шығыс саңылаулары І жағдайына орнатылады, ал 200-ден 260 нм-ге дейінгі және 730-дан 800 нм-ге дейінгі спектр аумағында жұмыс істеген кезде саңылаулар ІІ жағдайына орнатылады, ал 660-тан 730 нм-ге және 260-тан 330 нм-ге дейін жұмыс істеген кезде кіріс – І (ІІ) жағдайына және шығыс – ІІ (І) жағдайына орнатылады.
4-сурет. Монохроматордың оптикалық схемасы
Ауыспалы саңылаулардың номинальды өлшемдері мен саңылау жағдайының белгілеулері саңылаулардың беткі жағында жазылған. Саңылауларды орнату үшін монохроматор корпусында ұялар қарастырылған. Айнаны (6) ауыстырып-қосу шығыс саңылаулар жағында монохроматор корпусының бүйірінде орналасқан тұтқаны өзіңнен ары (өзіңе қарай) жылжыту арқылы жүзеге асырылады.
5-сурет. Монохроматор
Спектрді сканерлеу торды (5) (4-сурет) 0 осінің айналасында ψ бұрышына -ден –ге дейінгі шекте айналдыру арқылы жүзеге асырылады.
Тордың қозғалыс заңы синустық механизммен қамтамасыз етілген, онда тіреу бетін жылжыту үшін винт қызмет етеді. Тісті берілістер жүйесімен синусты механизм монохроматордың қаптал қабырғасында орналасқан тормен және монохрматор корпусына кіріктіріп орнатылған сандық механикалық санауышпен байланысқан, оның көмегімен ±0,2 нм дәлдікпен толқын ұзындықтарды тікелей санау жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |