Қондырғының құрылымы және жұмыс принципі Қондырғы өлшеуіш құрылғы (1) мен зерттеу объектісінен (2) құралған. Олар зертханалық столға орналастырылып, өзара кабельмен жалғанатын конструктивті аяқталған бұйым ретінде жасалған. Қондырғының сыртқы көрінісі 3-суретте көрсетілген.
Зерттеу объектісі жиналмалы корпус ретінде конструктивті орындалған, онда қуаттандыру көзі бар жарықтандырғыш (спектрлік сынап шамы), интерференциялық жарық фильтрінің блогы (3) және жарықтандыруды реттеуші құрылғы (4) орнатылған. Корпусқа штепсельдік байланыс арқылы фототокты күшейткіш (5) бекітілген, оның ішіне ауыспалы фотоэлементтің Ф-2 және СЦВ-4 түрлері орналастырылған. Фотоэлементті таңдау оны жарықтандырғыштың шығыс терезесіне бағыттаумен қамтамасыз етіледі. Фототок күшейткішінің жоғарғы жағында «0-ді орнату» («Дөрекі» және «Дәл») реттеуіші (6) орналасқан. Бұл реттегіштер фотоэлемент жарығы болмаған кезде (жарықтандырғыш сөндірілген кезде) күшейткішті теңгеруге арналған. Зерттеу объектісінің алдыңғы панелінде желіні қосу индикаторы бар желілік ажыратқыш (7) орналасқан. Зерттеу объектісінің артқы панелінде жерге қосу клеммасы, сақтандырғышты ұстағыштар және ашалы желілік шнур орналасқан. Ал бүйір қабырғада жарықтандырғыштың шығыс терезесі және интерференциялық жарық фильтрлерін ауыстыруға арналған құрылғы орналастырылған. Фототок күшейткішінің артқы бөлігінде зерттеу объектісін өлшеуіш құрылғыға қосатын разъемы бар жалғайтын шнур орналасқан. Зерттеу объектісі желілік шнур көмегімен 220 В, 50 Гц желіге қосылады.
Өлшеуіш құрылғы конструктивті аяқталған бұйым ретінде жасалған. Онда зерттеу объектісінде орналасқан фотоэлемент тоғын өлшеуді жүргізуге, сандық түрде фотоэлементтегі қуаттандырушы кернеуді орнатуға және өлшеуге, сондай-ақ, қондырғыны басқару функциясын (тура немесе кері өлшеудің режимін орнатуды және т.б.) атқаруға мүмкіндік беретін қосалқы құрылғылары бар аналогты-сандық түрлендіргіштер қолданылған. Өлшеуіш құрылғының құрамына оны қоректендіретін қуат көздері кіреді.
3-сурет. Қондырғының сыртқы көрінісі
Өлшеуіш құрылғының алдыңғы панеліне мынадай басқару органдары мен индикациялар орналастырылған:
анодтық кернеудің «Дөрекі» және «Дәл» реттегіштерінің тұтқалары (8) сәйкес «В» индикаторымен (9) – іске қосылған фотоэлемент анодына қажетті кернеуді орнатуға арналған;
индикатор «мА» (10) – жұмыс барысында фототок шамасының мәнін индикациялауға арналған;
құрылғының артқы панелінде ЖЕЛІ ажыратқышы, жерге қосу клеммасы, сақтандырғышты ұстағыштар, ашалы желілік шнур және зерттеу объектісін іске қосуға арналған разъем орналастырылған.
Өлшеуіш құрылғы желілік шнур көмегімен 220 В, 50 Гц желіге қосылады. Қондырғының жұмыс жасау принципі оған түсірілген кернеудің полярлығы мен шамасын өзгерткен кезде және фотоэлемент катодындағы жарықтылық шамасы мен спектрлік құрамын өзгерткен кезде фотоэлемент арқылы өтетін токты өлшеуге негізделген. Зертханалық жұмысты орындау барысында фотоэлемент арқылы өткен токтың оған түсірілген кернеуге тәуелділігі алынады. Осы кезде кернеудің полярлығын өзгертеді (яғни, фотоэлементтің вольтамперлік сипаттамасының тура және кері тармақтары алынады). Сипаттамалар фотоэлементті жарықтандырудың толқын ұзындықтары өзгерген кезде алынады. Өлшеулер нәтижесінде, вольтамперлік сипаттамалар жиынтығы құрылады, есептеудің қажетті әдістері қолданыла отырып, Планк тұрақтысының сандық мәні бағаланады.