Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану
|
Мектеп: №94
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жақсылық Ә.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Рационал сандарды салыстыру.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.1.2.12
рационал сандарды салыстыру.
|
Сабақ
мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
бүтін сан, теріс сан, рационал сандарды салыстырады;
Оқушылардың басым бөлігі:
-координаталық түзуде рационал сандарды кескіндейді және салыстырады.
Кейбір оқушылар:
теңсіздікті тура теңсіздікке айналдыратын барлық бүтін сандарды айыра алады.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар:
бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;
сандарға классификация жасай алады;
координаталық түзуде рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;
координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін сипаттайды.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
оң сан;
теріс сан;
бүтін сан;
қарама-қарсы сандар;
рационал сан;
бүтін сандар жиыны;
рационал сандар жиыны;
координаталық түзу.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;
екі теріс санның ішінен ... үлкен;
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. Академиялық әділдікті сақтау және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру.
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға күнделікті өмірде есеп-қисап жасауда көмек болады, сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдылары қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді.
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Bilimland сайтындағы есептерді шығару
|
Бастапқы білім
|
5.3.1.1 өлшеудің түрлі ұзындық бірліктерін білу және координаталық сәуледегі бірлік кесінді дегенді түсіну;
5.5.2.2 натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу;
5.1.2.1 натурал сандарды салыстыру, сонымен қатар координаталық сәуленің көмегімен салыстыру;
5.5.2.6 натурал сандарды салыстырудың нәтижесін белгілері арқылы жазу;
5.5.2.7 натурал сандарды салыстыру мен реттеуді талап ететін жағдайды зерттеу;
|
|