Достарына, сыныптастарына, отбасы мүшелеріне қамқор болу, мейірімділік таныту;
Өзін отбасының, сыныптың, мектептің, қоғамның, Отанның бірмүшесі екенін сезіну.
Күтілетіннәтижесі:
Ар-ұят, адалдықты жоғарыбағалайды;
Сөзіне берік, ісіне жауапкершілік танытады;
Ата-анасына сүйіспеншілікпенқарайды;
Достарын, сыныптастарын сыйлайды;
Кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді.
Талапқұндылығы:
Сыни және креативті ойлау;
Жеке және командамен жұмыс істей білу;
Білуге, жаңаны тануға құштар болу;
Физикалық белсенді болу;
Салауатты өмір салтынұстану;
Технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерілету;
Дұрыс қарым-қатынасорната білу;
Уақыт пен қаржыны тиімді жоспарлау.
Күтілетіннәтижесі:
Жан мен тән тазалығын сақтайды;
Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
Қоршаған орта тазалығынсақтайды;
Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
Ізденімпаз, жасампаз тұлға.
Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:
6-10жастағыбалатәрбиесі Ұсынылады:
тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны, форматы, көркемдік стилі, ұсынылу тәртібі қазіргі балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылықтарына, қабылдауына сәйкес болуы;
қысқа және ұзақ мерзімде іске асырылатын тақырыптық жобаларды жоспарлау арқылы тәрбие жұмысының жүйелілігін, бірізділігін, тұтастығын қамтамасыз ету;
халық ауыз әдебиеті үлгілері, көркем шығармалар тәрбиелік шаралар мен жобалардың мазмұнын қамтамасыз ететін дереккөзі ретінде қолдану;
бастауыш сынып білім алушыларының мінез-құлық әдебі мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастырудың құралдарының бірі ретінде қазақ халқының мақал-мәтелдерін, тыйым сөздерін қолдану;
ұлттық ойындарды («Асық ату» өткізу, Хан талапай, Арқан тартыс, Алтыбақан, Айгөлек, Белдесу, Саққұлақ, Тымпи, Тоғызқұмалақ т.б.) баланың физикалық, зияткерлік тұрғыдан дамуына ықпал ететін құралдардың бірі ретінде
қолдану арқылы оның қолданыс аясын кеңейту;
әлеуметтік тәжірибелер арқылы адамдарға, жан-жануарларға қамқорлық және табиғатты қорғау аясында жасалған қайырымдылық іс-шараларына тарту, оларды әлеуметтік желілерде насихаттау ұсынылады.