«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


Қазақстан Республикасында экологиялық аудиттің іске асуы



бет36/68
Дата31.12.2021
өлшемі1,4 Mb.
#22285
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68
Қазақстан Республикасында экологиялық аудиттің іске асуы

Қазақстан Республикасының Ұлттық "ҚазАтомПром" компаниясына тиісті Үлбі металлургия зауытында (ҮМЗ) 2003 жылдың ақпанның 24-28 күндері зауытта қолданылатын қоршаған орта менджмент жүйесінің ISO 14001:1996 халықаралық стандартының талаптарына сай сертификациялық экологиялық аудит жүргізілді. Сертификациялық орган құқықтарын иеленуші Dureau Veritas Quality International халықаралық ұйымның аудиторлар тобы аудит аяқталғанда Үлбі металлургия зауытының экологиялық менеджмент жүйесін жоғары бағалады. Ол жүйенің барлық элементтері бойынша процедуралары жіктеп әзірлегенде және экологиялық жайттарды басқаруда қызметкерлердің өте жақсы дайындалағаның ерекше атады.

Кәсіпорынның экологиялық менджмент жүйесінің бағалануын және қоршаған ортаны қорғау бойынша ISO 14001:1996 халықаралық стандартының талаптарына сәйкесітігн 200 жылы 24 наурызда Үлбі металлургия зауытының Dureau Veritas-тан аталған Сертификаты дәлеледейді. Сертификат әрекеті берилийді, танталды, ниобийді, олардын қосындылары мен бұйымдарын шығаруға, уран қосындыларын және олардың заттарын өңдіруге, плавик қышқылдарын шығаруға, тасымалдауға, өндіріс қалдықтарын сақтауға және көмуге ықпалын таратады. 2004жылы маусымда Dureau Veritas ISO 14001:1996 – ға сәйкестіктің қайталанған аудитін өткізді. Үлбі металлургия зауатының жұмыс кезінде кәсіпорын қызметнің ISO 14001:1996 бойынша халықаралық стандарттармен дәлелденуі Dureau Veritas-тың арнайы есеп беруінде орын алған.

Қоршаған ортаны қорғау минстрлігі экологиялық ҮЕҰ-мен бірлесіп, экологиялық кодекстің жобасын әзірлеуге кіріскені мәлім. Кодексті келесі жылы қабылдауға ниет білдіріп отыр. Бүгін аталған министрлікте кодекс жобасы тағы бір рет талқыланды. Кодекс қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сараптама, экологиялық аудит, атмосфераны қорғау және қалдықтар туралы заңдарды біріктіреді. Жалпы, Экологиялық кодекс қабылдаудағы басты мақсат экологиялық катаклизмдердің алдын алу, ірі өндіріс ошақтарның экологиялық заңдарды сөзсіз сақтауын қамтамасыз ету. Еуропада қоршаған ортаға шектен тыс зиян келтірген кәсіпорындарға салынатын айыппұлдың мөлшері тазарту қондырғысы құырылысынң құнымен бірдей. Сондықтан өндіріс-өнеркәсіп ошақтары тазарту қондырғыларын қоюға өздері мүдделі. Ал, бізде экологиялық алым-салық бюджетті толтыру үшін салынатындай. Экологиялық айыппұл төлетудегі мұрат – заңдарды белден баспауға итермелеу екені ұмыт қалғандай дейді мамандар. Екінші жағынан, сол экологиялық алым-салық түрінде жылына жиналатын 15 миллиард тегенің тек 30 пайызы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалады. Заңды дайындаушылар көптеген кемшіл тұстарына қарамай, қазіргі жүйе де жаман емес, тек оны күшейту керек, бірқ тым қатал заңды ешкім орындамайды - жауапкешілік жүгін тараптарға бірдей арқалатқызатын кодекс қажет дейді.

Республикада өндіріс және тұтыну қалдықтарын, оның ішінде қауіпті және радиоактивті қалдықтарды бақылап-басқару жүйесі жоқтың қасы. Тұрмыстық қалдықтарды жинау,сақтау, қайта өңдеу, пайдаға асыру жүйелерінің жетілдірімеуі табиғи ортаның ластануына алып келеді.

Қазіргі таңда республикада 20 млрд, тонннадан аса өнеркәсіптік қалдықтар, оның ішінде 5,2 млрд, тонна улы қалдықтар жиналған. Үйілген өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көлемі артып келеді, олардың аз ғана бөлігі пайдаға асырылады. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі үлесі аумағында 5 млрд, тонна өнеркәсіптік Қарағанды және Павлодар облыстарын қамтиды. Шығыс Қазақстан облысындағы 1,4 млрд, тонна өнеркәсіптік қоқыстардың басым бөлігін көмір және тау-кен өнеркәсіьінің, шлакты қалдықтар құрайды. Жалпы облыс бойынша өткен жылдары арнайы мамандардың тексеруі барысында 2 обьект тоқтатылып, 2 іс сотқа берілді. Қалалық және теміржол прокуратурасы, жол полициясы мен төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлерінің тексеру барысында 59 іс қарылды. Жалпы қылмыстың сапасы бойынша 668 іс тіркеліп, 992 жазба бұйрығы берілді. Қылмыстық фактілерді бұзғандығы үшін 66 айып пұл салып, жалпы соммасы 137,14 мың теңге құрады. Ауаны қорғау заңдарын бұзғандары үшін 25 кәсіпорыннан жалпы соммасы 3577,76 мың теңге талап етілді. \"таза ауа"\ бағдарламасы аясында 425 автөкіліктер тексерілді. Тексеру барысында 630 жазба бұйрық беріліп, 47 обьект тоқтатылды. Дөрекі бұзушылық жасаған үшін 32 айыппұл салынып, жалпы соммасы 174,14 мың тенге алынды. Алдағы уақытта табиғат қорғау заңдарып жетілдіріп, \"Атмосфералвқ ауаны қорғау туралы\" ҚР заңы қабылданады. Парламентте \"Су кодексінің \", \" орман кодексінің \" жаңа реакциялары қаралуда, \"Міндетті экологиялық сақтандыру туралы \", заң жобаларыжатыр. Бұған қоса \"Өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы \" заң жобасы, экологиялық ластануларды жою бағдарламсының жобасы, халықаралық ИСО-14000 негізінде экологиялық аудит стандарттары енгізілуде. Алайда барлық экологиялық мәселелердің түгел шешілуі –ол іске жұртшылықтың белсенді араласуына байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғаудың нақыт мәселелерін шешу үшін табандылық, қаржылық және төзімділік қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет